Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсіндіру туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
15.10.1997
Өзгерту күні
27.04.2011
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Ким, Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.І.Өкеев, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбікенов, С.Ғ.Темірболатов қатысқан құрамда 1997 жылғы 15 қазандағы ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсіндіріп беру туралы өтінуін қарады.
      Мәжіліске өтіну субъектісінің өкілі заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитеттің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты И.К.Елекеев; Парламент Сенатының өкілдері - заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитеттің хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.К.Котов; Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлімінің консультанты К.А.Мәутенбаева; маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі С.З.Зиманов қатысты.
      Баяндамашы, Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.І.Өкеевтің хабарын, И.К.Елекеев, А.К.Котов және К.А.Мәутенбаеваның сөздерін, академик С.З.Зимановтың қорытындысын тыңдап және қолда бар материалдарды зерттей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ұйғарды:
      1997 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтан Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсіндіріп беру туралы өтіну түсті. Өтінуде Парламенттің өкілеттігін кеңейтудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі, сондай-ақ Парламентке Республика заңдарын, соның ішінде Конституциялық заңдарды түсіндіру қызметін беру жөнінде мәселе қойылды. Конституциялық Кеңеске өтінуге Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заң жобасын қараудың нәтижелері, оны қарау барысында нормативті актілерді, соның ішінде Республика заңдарын ресми түсіндірудің субъектісі туралы туындаған мәселе себеп болды.
      Конституциялық Кеңес аталған өтінуді қараған кезде мыналарды ескерді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарында Палаталардың бірлескен және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын Парламент өкілеттігі, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжілісінің ерекше өкілеттіктері бекітілген. Оған қоса Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында өзіне Конституция жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру белгіленген.
      Аталған конституциялық ереже сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Жарлығының 5-бабында да бекітілген. Бұл нормаға сәйкес, Сенат пен Мәжілістің бірлескен және жеке отырыстарындағы Парламент құзырын, Палаталардың ерекше құзырын Республика Конституциясы белгілейді және олар Парламент сессияларында, Парламент Палаталарының қызметі арқылы жүзеге асырылады.
      Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент өкілеттігінің түпкілікті тізімін белгілеп берген және Парламент өкілеттігі көлемін әдеттегі немесе конституциялық заң қабылдау жолымен өзгерту көрсетілмеген. Парламент өкілеттігін кеңейту немесе тарылту процедурасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағында көрсетілген Республиканың Негізгі Заңына өзгертулер, толықтырулар немесе түзетулер енгізу жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Конституциясында Парламентке заңдарды, соның ішінде конституциялық заңдарды ресми түсіндіру құқығын беру көрсетілмеген. Сол себепті де, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Жарлығында мұндай норма жоқ.
      Ескерту. Дәлелдеу бөлігіне өзгеріс енгізілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2011.04.27 № 4 нормативтік қаулысымен.
      Айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығының 33, 37, 38-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсіндіру тәртібімен Конституциялық Кеңес қаулы етті:
      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 53, 54, 55, 56 және 57-баптары Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттілігінің түпкілікті тізімін белгілеп береді. Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін кеңейту, соның ішінде Парламентке заңдарды ресми түсіндіру құқығын беру Конституцияның 91-бабының 1-тармағында көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу арқылы ғана мүмкін болады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Жарлығы 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды есепке алғанда Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың барлық аумағында жалпы міндетті болып табылады, ол түпкілікті және арыздануға жатпайды.

     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесінің
     Төрағасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.