Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Түсінік
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
12.03.2004
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өлім жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекет басшысының 2003 жылғы 17 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы" N 1251 Жарлығын іске асыруға бағытталған. Аталған заң актілеріне ол енгізетін түзетулер өлім жазасы туралы үкімдерді мораторийдің күллі кезеңіне тоқтата тұруды көздейді, сондай-ақ оның күші қолданылатын сотталғандардың статусы мен құқықтарын бекітеді.
      Өлім жазасының өзі қылмыстық жазалаудың түрі ретінде күшін жоймайтындықтан, тек қана соттар шығаратын үкімдердің орындалуы тоқтатыла тұратындықтан, Заңның қолданыс аясына, мораторий енгізілгенге дейін немесе ол қолданылған уақытта күшіне енген, өлім жазасы туралы үкім болған адамдар жатады.
      Заңға сәйкес мораторийдің қолданыс аясына жататын адамдар бұрынғыдай тергеу абақтыларында емес, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан басқа сотталғандардан бөлек, түрмедегі жалғыз кісілік камераларда ұсталатын болады.
      Мораторийдің өзі мерзімсіз болып табылады, бірақ қажеттілікке қарай күші жойылуы мүмкін. Осыған байланысты мораторийдің күші жойылған жағдайда, Заң сотталғанның мораторий енгізілгенге дейін не ол қолданылатын уақытта өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, өлім жазасы туралы үкімді қайта қарау туралы өтінішпен жүгіну, сондай-ақ кешірім жасау туралы өтініш беру құқығына кепілдік береді. Бұл ретте өлім жазасы туралы үкім мораторийдің күші жойылғаннан соң кемінде бір жыл өткеннен кейін орындалуы мүмкін.
      Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Президенті
      Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.