"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Актінің түрі
Жарлық
Түсінік
Қабылдау күні
25.08.2015
Өзгерту күні
25.08.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

      Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 73 Жарлығы "Қазақстан-2050" Стратегиясы мен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасында белгіленген жаңа басымдықтарды ескере отырып, қолданыстағы Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын жаңартып, өзектендіруге бағытталған.

      Атап айтқанда, Болжамды схеманың құрылымы мен форматы қайта қарастырылған, өңірлерді жіктеудің экономикалық мамандану, қоныстандыру жүйесі, нарықтық байланыстар сипатының өлшемдеріне негізделген жаңа тәсілі айқындалған.

      Өзгерістерге сәйкес Болжамды схема – бұл өңірлік дамуының жалпы пайымын көрсететін 2020 жылға дейінгі тұжырымдамалық құжат.

      Болжамды схема мемлекеттік басқару жүйесінің сатылас бағыныңқы құжаттары арқылы іске асырылатын болады.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Əкімшілігінің
Стратегиялық əзірлемелер
жəне талдау орталығы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.