"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына ТҮСІНІКТЕМЕ

Актінің түрі
Түсінік
Қабылдау күні
21.01.2015
Өзгерту күні
21.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына ТҮСІНІКТЕМЕ

      Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2013 жылғы 22 мамырда өткен пленарлық отырысында айтылған әл-Фараби атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлықты тағайындау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.

      Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі.

      Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті Мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш Мемлекеттік сыйлық беріледі.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына:

      техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;

      экономиканың түрлі салаларында Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;

      мүлдем жаңа өнім мен технологияларды жасау және оларды экономиканың әртүрлі салаларына енгізу бойынша экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық қызметтің танылған нәтижелері;

      басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды өндіріске енгізу бойынша инновациялық қызметтің нақтылы нәтижелері үшін беріледі.

      Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға қосқан ерекше бағалы үлес деп танылған, әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия қарайды. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      Президент Әкімшілігінің

      Әлеуметтік-экономикалық

      мониторинг бөлімі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.