"Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына ТҮСІНІКТЕМЕ

Актінің түрі
Түсінік
Қабылдау күні
29.09.2018
Өзгерту күні
29.09.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

"Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
ТҮСІНІКТЕМЕ

      Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығымен Түркістан қаласы Түркістан облысының əкімшілік орталығы болып жарияланды, бұл Түркістан қаласын түркі əлемінің мəдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын (бұдан əрі – Тұжырымдама) əзірлеуге негіз болды.

      2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен қала өзінің 1500 жылдығын атап өтті.

      2017 жылы Халықаралық түркі мəдениеті ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше елдердің мəдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 34-отырысында Түркістан түркі əлемінің мəдени астанасы болып танылды.

      Тұжырымдаманың басты мақсаты мəдени-тарихи жəне рухани мұраның сақталуын қамтамасыз ететін түркі əлемінің орталығы ретінде қаланы одан əрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ Түркістанды маңызды өңірлік даму орталығы етіп қалыптастыру болып табылады.

      Тұжырымдамада Түркістан қаласының халықаралық, туристік жəне өңірлік тұрғыдан перспективалары айқындалды, қаланың əлеуметтік-экономикалық əлеуетін, оның аумағының перспективада жоспарлы ұйымдастырылуын, қала құрылысы аймақтарына бөлінуін, ашық қоғамдық кеңістіктердің, тарихи-тақырыптық парктің, экологиялық стандарттардың, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жүйесін қалыптастыруды қамтитын, тұрғын халық санының ұзақ мерзімді кезеңге болжамды ұлғаюын ескере отырып кешенді дамыту көзделген.

      Болашақта Түркістан қаласы əлемдік деңгейдегі туризм мен зиярат ету орталықтары сияқты əкімшілік-іскерлік, рухани, мəдени жəне туристік орталық ретінде қалыптасатын болады.

      Орталық Азияның аумағында Ұлы Жібек жолының туристік маршрутын жаңғырту экономикалық дамуға серпін береді.

      Түркістанда қаланың магистральдары маңындағы аудандарда қоғамдық орталықтар құру арқылы "полиорталық" жүйесі қамтамасыз етіледі. Əрбір ауданда қолайлы тұрғын үй жағдайлары жəне жұмыс істеуге, білім алуға, демалуға тиісті мүмкіндіктер жасалады.

      Қаланың орнықты экономикалық дамуына жаңа бағыттарды енгізу жаңа кəсіпорындар мен өткізу нарықтарын кеңейтуге жəне құруға, халықтың əл-ауқаты мен табысын арттыруға септігін тигізеді.

      Тұжырымдамада қаланың көлік-транзиттік əлеуетін ұлғайту жəне орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылымын нығайту жоспарланған.

      Президент Əкімшілігінің
Мемлекеттік бақылау

      жəне аумақтық-ұйымдастыру
жұмысы бөлімі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.