Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Актінің түрі
Жарлық
Тұжырымдама
Қабылдау күні
25.07.2006
Өзгерту күні
25.07.2006
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

"Президент пен Yкiмет актiлерiнiң 
жинағында" және республикалық  
баспасөзде жариялануға тиiс   

      Азаматтық қоғам институттарын жеделдетiп дамыту үшiн жағдайлар және азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн жасау мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2006 жылғы 25 шiлдедегi 
N 154 Жарлығымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасында
азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған
тұжырымдамасы Астана, 2006 жыл  Мазмұны:

     Кiрiспе
1   Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
    дамуы
2   Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3   Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi
4   Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық
    көрiнiсi
5   Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен құқықтық
    негiздерi
6   Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi
6.1 Азаматтық қоғам институттары қызметiнiң құқықтық негiзiн
    жетiлдiру
6.2 Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының
    ынтымақтастық құралдарын нығайту
6.3 Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетi үшiн
    жағдайлар жасау
6.4 Еңбек қатынастарын жетiлдiру
6.5 Әлеуметтiк саясатты жаңғырту
6.6 Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру
6.7 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
6.8 Азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын
    дамыту
7   Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi
     Қорытынды

  Кiрiспе

      Адами әлеуеттi, азаматтардың iскерлiгiн жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрi қалыптастыру негiзiнде ғана Қазақстанды өмiр сүру сапасының стандарттары жоғары, қазiргi заманғы, серпiндi мемлекет ретiнде дамытуға болады.
      Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру  стратегиясына сәйкес әзiрлендi.
      Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.
      Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

  1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы
мен дамуы

      1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.
      Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
      Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.
      1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.
      Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет" тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
      1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негiзде шешудiң тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен жұмыс үшiн 28 түрлi ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.
      1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентi әлеуметтiк-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiк жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтiк серiктестiк жүйесiн құрудың бастауы болды.
      Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс iстеуi және, тиiсiнше, елдiң партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" және  "Саяси партиялар туралы" заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады. Этносаралық келiсiм елде реформалар жүргiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн iргетасқа айналды.
      1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнiң кәсiбиленуiмен ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi жұмысының тиiмдiлiгiн көтеруге мүмкiндiк бердi.
      Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрi - БАҚ) баспа кәсiпорындарының мемлекет иелiгiнен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттiк қаржыландыру мен дотациялау жүйесiнен мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырысқа көшу процесiне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерiстер болды.
      1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау енгiзудi көздейтiн  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат" демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан" республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш" Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
      1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде "YЕҰ ақпарат орталықтары" ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық және әдiстемелiк қолдау көрсету болды.
      2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкін де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына  Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
      2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан әрi - билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн YEҰ күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның үкiметтiк емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
      2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi.
      2002 жылғы шiлдеде қабылданған және күшiне енген  "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi.
      2001 жылы "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы , 2002 жылы - Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау  тұжырымдамасы қабылданды.
      2003 жылы ел Үкiметi үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған  бағдарламасын бекiттi, соған сәйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар әзiрлендi.
      Сол жылдың өзiнде-ақ Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, әртүрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, "Бейбiтшілік пен келiсiмге" декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды.
      2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi.
      Орталық және жергiлiктi деңгейлерде "билiк - қоғам" серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн және түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуiрде "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының принциптiк жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi.
      2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi.
      Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
      2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi  мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.
      Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (бұдан әрi - ӘҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының тәжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.
      Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары - саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кәсiподақтар, ұлттық-мәдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 БАҚ ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан әрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
      Сонымен бiрге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрi өсуiне ғана емес, елдi әлемдiк жаһандану процесiне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бiрқатар проблемалық мәселелер көрiнiс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегi азаматтық қоғамды одан әрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi, оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалық ерекшелiктерi бар және өз шешiмiн талап етедi.
      Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi - КЕҰ) мемлекеттiк органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тапқан жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕҰ-ның қатысуы үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда. Тiркеу тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымының мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.
      Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялық құрылыс баяу қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi. Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар, саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi жөнiнде нақты ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру және қосу мәселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партиялардың сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген.
      Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналған жоқ.
      Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы нормативтiк-құқықтық және экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде. Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуiне әкеледi.

  2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары

      Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
      Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.
      Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.
      Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.
      Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
      Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.
      Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.
      Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.
      Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.
      Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершілігiн бөлiседi.
      Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.
      Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады.
      Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
      Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
      Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.
      Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi.
      Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.
      Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.
      Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.
      Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
      Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
      Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi.
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.
      Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
      мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу;
      азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
      азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру;
      қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту;
      адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлігi үшiн жағдай жасауға қатысу;
      әлеуметтiк қызметтер көрсету;
      билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;
      мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке жәрдемдесу;
      әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау;
      сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.

  3. Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерi

      Осы Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы халықаралық шарттар мен пактiлер шеңберiндегi халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрi олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серiктестiгi үшiн заңнамалық, әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастыру-әдiстемелiк базаны одан әрi жетiлдiру болып табылады.
      Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн күш-жiгердi негiзгi бес мiндетке шоғырландыру қажет:
      адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру;
      үкiметтiк емес ұйымдар, бизнес-сектор және мемлекет арасында үйлесiмдi, тең құқылы әрi серiктестiк қатынастар жүйесiн құру;
      YEҰ жобаларына бизнес-сектордың қатысуы үшiн экономикалық ынталандырулар әзiрлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
      азаматтық қоғамның барлық институттарын дамыту үшiн қолайлы құқықтық база қалыптастыру;
      өмiр сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткiзу, еңбек қатынастарын үйлестiру, халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту.

  4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның
перспективалық көрiнiсi

      Тұжырымдаманың мақсаты мен мiндеттерiн iске асыру:
      адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
      азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшiн қолайлы құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігiмен үйлестiрудi;
      қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыруды. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серiктестiк принциптерi негiзiнде ынтымақтастық мәдениетiн қалыптастыруды;
      әлеуметтiк қамсыздандырудың тиiмдi жүйесiн құруды;
      қоғам мен билiк мүдделерiн келiсiмi жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн азаматтық қоғам моделiн өмiрге енгiзудi көздейдi.
      Қабылданған шаралар нәтижесiнде елде демократиялық мемлекеттiң басты принципi - азаматтық қоғамның басты құндылығы ретiнде адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылады.
      Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, ал ортаңғы сынып оның әлеуметтiк базасын құрайды.
      Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей жiктерi кiрiстерiнiң арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк билiк басты басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып, азаматтық қоғам институттарымен бiрлесiп, сөз, дiни ұстаным, жиылыстар бостандығын, азаматтардың бiрiгуге, әдiл сотқа, таза да ашық сайлауға құқығын мүлтiксiз қамтамасыз ететiн болады.
      Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлi қызметiн құру және дамыту үшiн жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етедi. Кәсiби-бейiндi негiзде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау билiк үшiн мiндеттi шарт болады. Мемлекеттiк бағдарламаларды, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру жеке адам мен қоғам қажеттiлiктерi негiзiнде және оларды ескере отырып жүргiзiледi.
      Елдегi еңбек қатынастары әлемдiк стандарттар деңгейiне жетедi. Экономикалық өсу қызметкерлердiң еңбекақысын арттыруға ықпал етедi. Елде мемлекеттiң, жұмыс берушiлер мен кәсiподақтардың әлеуметтiк серiктестiгi еңбек және әлеуметтiк-экономикалық салалардағы мүдделердi келiсудiң тиiмдi тетiгiне айналады.
      Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлiгiндегi шағын және орта бизнесiнiң үлесi айтарлықтай өседi.
      Азаматтық қоғам институттары мемлекеттiк органдардың тапсырысы бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргiзiп, түрлi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пiкiрдi зерделейдi.
      Қоғамдағы саяси партиялардың ролi нығаяды, бұған заңнаманы демократияландыру, саяси партияларды мемлекеттiк қолдауды ұлғайту, Қазақстан Республикасының Парламентiндегi және мәслихаттардағы партиялық фракциялардың рөлiн күшейту ықпал ететiн болады.
      Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмiр сүру сапасының қазiргi заманғы стандарттарына қол жеткiзу және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетулер сапасын арттыруға ұмтылады.
      Мүмкiндiгi шектеулi адамдар әлеуметтiк қорғаудың жаңғыртылған мемлекеттiк жүйесi мен тиiстi заңнамалық база жасау негiзiнде өздерiнiң азаматтық құқықтарын iске асыруы үшiн жағдаймен қамтамасыз етiледi.
      Мемлекет саяси ағартудың және тиiмдi келiссөздер жүргiзу мен жанжалдардың алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесiн құрады.
      Сот практикасымен қатар қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар мен дауларды шешудiң баламалы тәсiлдерi қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи тәжiрибенi ескере отырып құрылған мүдделердi келiсудiң (үйлестiрудiң) тұтас жүйесi әрекет етедi.
      Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмiрiн объективтi бейнелейдi және қоғамдық мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланады.

  5. Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi принциптерi мен
құқықтық негiздерi

      Азаматтық қоғамды одан әрi дамыту мынадай принциптерге негiзделедi:
      адам мен азаматтың iргелi құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      эволюциялық және кезеңдiлiк;
      қоғамдық өмiр салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдiк дамудың жаһандық үрдiстерiн ескере отырып қайта құрулармен бiрге бағдарланушылық;
      заңның үстемділігi, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдiгi;
      мемлекеттiң iстерiн басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуы;
      елдегi демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
      азаматтарды демократиялық мәдениет мiнез-құлқына тарту;
      билiк пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетiне бейiндiгi.
      Азаматтардың бiрлестiктерi мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ешқайсысы да көпшiлiк билiкпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкiл секторының мүддесiн қорғай алмайды.
      Осы Тұжырымдаманы әзiрлеу мен iске асыру үшiн мыналар құқықтық негiз болып табылады: Қазақстан Республикасының  Конституциясы , Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт 1966 жылғы 16 желтоқсанда жасалған, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған); "Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру кiру құқығын  қорғау туралы" Халықаралық еңбек ұйымның N 87  конвенциясы (1948 жылғы 9 шiлдеде қабылданған, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификациялаған); Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы  "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму  стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген), Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сәйкестiгiн қалыптастыру  тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 2995 өкiмiмен мақұлданған), Қазақстан Республикасының құқықтық саясат  тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi N 949 Жарлығымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың  тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 949 қаулысымен мақұлданған).

  6. Тұжырымдаманы iске асыру жолдары мен тетiктерi

      Тұжырымдаманы iске асырудың негiзгi тетiктерi мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар мен актiлердi ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетiлдiру және үйлестiру;
      мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениетi үшiн жағдайлар жасау;
      Қазақстан Республикасының Парламентiндегi және мәслихаттардағы саяси партиялардың өкiлдiктерiн кеңейту арқылы олардың ролiн күшейту, партиялық фракциялардың құқықтарын кеңейту;
      адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының ролiн арттыру;
      БАҚ қызметiн реттейтiн заңнаманы демократияландыру;
      дiни бiрлестiктер қызметiн реттейтiн заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетiлдiру;
      еңбек қатынастарын жетiлдiру;
      әлеуметтiк саясатты жаңғырту;
      бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілігiн арттыру;
      азаматтық қоғамның басқа институттарын дамыту;
      азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

  6.1. Азаматтық қоғам институттары қызметiнің құқықтық
негiзiн жетiлдiру

      Алдағы 2011 жылға дейiнгi кезеңде азаматтық қоғам институттары қызметiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мыналарды:
      коммерциялық емес секторға салық салу мәселелерiн;
      үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтiк жұмысын;
      қайырымдылық қызмет пен меценаттықты;
      коммерциялық емес ұйымдарды тiркеу мен тарату рәсiмдерiн жетiлдiрудi;
      гендерлiк теңдiктi қамтамасыз етудi және жалпыұлттық құқық қорғау институттарын нығайтуды регламенттейтiн құқықтық нормалар мен тетiктердi жақсарту маңызды.
      Тұтастай алғанда, алда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның iшiнде мәдениет, бiлiм беру, экология, денсаулық сақтау, ақпарат, әлеуметтiк қамсыздандыру, экономика, гендерлiк теңдiк, тұрғын үй саясаты, жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бөлiгiнде қазақстандық заңнаманы жетiлдiру бойынша талдау жасап, жұмыс жүргiзу тұр.
      Ратификацияланған халықаралық шарттар мен пактiлердiң ережелерiн ұлттық заңнамаға имплементациялау жөнiндегi жұмысты жеделдету, сондай-ақ әлi ратификацияланбаған басқа халықаралық шарттар мен пактiлерге қосылу жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
      Осы бағыт шеңберiнде заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам институттарының өкiлдерi мен тәуелсiз сарапшылар тартылатын болады.
      Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының жұмысын қолдау оны заң шығарушылық процесiнде азаматтық институттардың мүдделерiн есепке алудың бiрегей тетiгiне айналдыруға мүмкiндiк бередi.

  6.2. Мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам
институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту

      Мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттар ынтымақтастығын нығайту үшiн:
      мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара iс-қимыл проблемаларын шешу және өзара iс-қимыл мен серiктестiк басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшiн жалпыұлттық тиiмдi үндесу алаңқайына айналуға тиiстi азаматтық форумдарды тұрақты негiзде өткiзу;
      заң шығарушылық жұмысы, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк даму бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу жөнiндегi қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың тұрақты қолданыстағы тетiктерiн орталық және өңiрлiк деңгейлерде дамыту;
      әлеуметтiк мәндi проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзу практикасын енгiзу;
      мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн және олардың азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауға, бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты қабылдайтын шешiмдерiн азаматтық бақылаудың өнiмдi тетiктерiн пысықтау және практикаға енгiзу, жұмыстың осы бағытының шеңберiнде тиiстi әдiстемелiк база құру;
      азаматтық қоғам институттарының даму бағдарламаларын iске асыру мониторингi мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн ұлттық ақпараттық-талдамалық желi құруға және оны дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ қазiргi заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар енгiзу;
      азаматтық институттардың сектораралық өзара iс-қимылының неғұрлым перспективалы нысандары мен әдiстерiн жүйелi түрде зерделеу, анықтау, байқап көру және енгiзу, мемлекеттiк билiк пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылдың тиiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;
      азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және қоғаммен байланыс үшiн елдiң мемлекеттiк жоғары оқу орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгiзу мәселесiн пысықтау;
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда қоғаммен байланыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелер құру мәселесiн зерделеу;
      Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес жұмыс берушiлер, қызметкерлер және билiк органдары арасындағы мүдделердi келiсудiң негiзгi тетiгi ретiнде еңбек қатынастары саласындағы тиiмдi әлеуметтiк серiктестiктi дамыту қажет.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыру үшiн ұйымдық, саяси және құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуге айрықша көңiл бөлу қажет, бұл мемлекеттiк органдар мен азаматтық институттардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
      Принциптiк тұрғыдан орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың, ең алдымен әлеуметтiк блоктың тетiгiн тарату қажет. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысқа арналған бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен ұлғайту көзделген жөн.
      Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырысты iске асыруға қолайлы жағдай жасау үшiн сонымен қатар республикалық және өңiрлiк деңгейлерде:
      серiктестiк негiзде билiк органдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қаржылық-шарттық қатынастарды дәйектi дамыту;
      мақсатты топтар мен қызмет көрсетулердi алушылар үшiн тиiстi пайдалылық индикаторларының көмегiмен қоғамдық қажеттiлiктердi зерделеу мен жобалардың нәтижелерiн бағалау негiзiнде YЕҰ-дың қатысуымен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс қалыптастыру;
      азаматтық институттар мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыру процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы құралдарын практикаға енгiзу;
      азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстың жаңа нысандары мен әдiстерiн жасау және iске асыру;
      түрлi әлеуметтiк мәндi салалардағы ұлттық және аумақтық (өңiрлiк) iс-қимыл бағдарламаларын дайындау мен iске асыру жөнiндегi алдыңғы қатарлы шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және елде енгiзу.

  6.3. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық
мәдениетi үшiн жағдайлар жасау

      Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясына сәйкес әрбiр адам өзiне Конституциямен кепiлдiк берiлген экономикалық, әлеуметтiк, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалануға мүмкiндiгi болған жағдайларда ғана жеке тұлға мұратына қол жеткiзуге болады.
      Ол үшiн:
      азаматтық қоғам институттарының жұмысы арқылы адамның құқықтық санасын қалыптастыру;
      елде жұмыс iстеп тұрған жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн енгiзу және азаматтардың жалпыұлттық проблемаларды шешуге толыққанды қатысуын қамтамасыз ету;
      қоғамда Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттiк рәмiздерге деген құрметтi қалыптастыру;
      жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру ұйымдарында құқық негiздерiн оқыту практикасын жетiлдiру;
      қазақстандық қоғамда адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде құқық қорғау YEҰ-ның рөлiн көтеру;
      құқықтық жүйенi одан әрi ырықтандыру;
      қылмыстық-атқару жүйесiн ізгiлендiруге, елде қоғамдық қорғау институтын дамытуды ынталандыруға бағытталған жобалар тұжырымдауға құқық қорғау YEҰ-ын тарту;
      халықтың әлеуметтiк әлжуаз жiктерiнiң құқықтарын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк бағдарланған жобаларды жүйелi түрде енгiзу, мүгедектердiң, әйелдер мен жастардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтiк мәндi жобалар тұжырымдауға ҮЕҰ-ды белсендi түрде тapту;
      адам құқықтары және әрбiр адам мен тұтас қоғам үшiн олардың құндылығы саласында жалпыға танылған стандарттар туралы халықтың хабардар болуының жоғарғы деңгейiне қол жеткiзу жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттарының бiрлескен ақпараттық және ағартушылық науқандарын iске асыру;
      жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерiн, дауларды келiссөздер, аралық, келiстiру соттары, делдалдық институттары арқылы сотқа дейiн реттеу практикасын белсендi енгiзу;
      гендерлiк теңдiктi дамыту және нығайту, қоғамдық санадағы әйелдер мен ерлер құқықтарына қатысты келеңсiз таптаурындарды еңсеруге жәрдемдесу қажет.

  6.4. Еңбек қатынастарын жетiлдiру

      Еңбек қатынастарын жетiлдiру үшiн:
      қызметкерлер мен жұмыс берушiлер мүдделерiнiң теңгерiмiн қамтамасыз ету мақсатында еңбек заңнамасын әлеуметтiк мемлекет принциптерiне сәйкес келтiру;
      қызметкерлердiң құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде кәсiподақтардың рөлi мен орнын арттыру;
      ықтимал жанжалдар мен еңбек дауларының алдын алу мақсатында меншiк иелерi мен кәсiподақтар арасындағы тиiмдi өзара iс-қимыл, еңбек қатынастарын реттеу ауыртпалығының орталығын кәсiпорындар деңгейiне ауыстыру;
      жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң арасындағы ұжымдық шарттар шеңберiнде тиiмдi келiссөздер процесiн қамтамасыз ету тетiктерiн енгiзу;
      қызметкерлердiң мүдделерiн, қажеттiлiктерiн қанағаттандыру және өнеркәсiп орталықтарындағы өткiр әлеуметтiк және экологиялық мәселелердi шешу мақсатында кәсiподақтардың үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жүйесiн жолға қою талап етiледi.

  6.5. Әлеуметтiк саясатты жаңғырту

      Билiк пен азаматтық қоғамның ортақ мiндетi әлеуметтiк мемлекет құру, елдiң экономикалық басып оза дамуын ынталандыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатында әлеуметтiк саясаттың тиiмділігiн арттыру болып табылады.
      Азаматтардың Конституцияда кепiлдiк берiлген әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк нормалар мен нормативтер белгiлеуге бейiмделген және сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүзеге асыру үшiн бағдарлық қызмет атқаратын өмiр сүру сапасының ұлттық стандартын әзiрлеу және практикаға енгiзу қажет.
      Ұлттық стандарт мынадай бөлiмдердi қамтуға тиiс: еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру және халыққа әлеуметтiк қызмет көрсету, медициналық қызмет көрсету стандарты, тұтыну себетi, бiлiм беру қызметтерiнiң стандарты, отбасын әлеуметтiк қолдау стандарттары, азаматтың жалпы және ақпараттық мәдениетiнiң стандарттары, экологиялық мәдениет стандарттары, халықты тұрғын үймен, коммуналдық және тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары.
      Тәуелсiздiк жылдары жинақталған ресурстық әлеует, бюджет мүмкiндiктерi мен республиканың экономикасындағы оң үрдiстер базасында Қазақстанның өмiр сүру сапасының ұлттық стандартының барлық көрсеткiштерiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының барлық елдерi арасында неғұрлым жоғарғы етудiң және Қазақстан Республикасының әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруiн қамтамасыз етуге толық мүмкiндiк бар.
      Жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк саясат негiзiне субсидиарлық принциптi енгiзудiң маңызы зор, бұл адам, отбасы, адамдар тобы, қоғамдық бiрлестiк мүдделерiнен шыға отырып, проблеманы төменнен жоғарыға қарай шешудi бiлдiредi. Бұл үшiн әлеуметтiк көмек бағдарламаларын орындауға үкiметтiк емес ұйымдарды кеңiнен тарту үшiн жағдай жасау қажет, бұл өз кезегiнде жергiлiктi деңгейде әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуға және мемлекеттiң әлеуметтiк саладағы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Сонымен қатар проблемаларды жергiлiктi деңгейде шешуге және елде волонтерлық институтты дамытуға қабiлеттi аумақтық YEҰ-дарды дамыту үшiн жағдай жасау қажет.

  6.6. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілiгiн арттыру

      Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн ынталандыру - әлеуметтiк мәндi жобаларды дамыту және қоса қаржыландыру, лайықты еңбекақыны уақытылы төлеу, еңбектi қорғауды және оның қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету, жалдамалы қызметкерлердi әлеуметтiк қолдауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға апаратын жол. Бұл қоғамда мейiрiмдiлiк, руханилық мәдениетiн қалыптастыруға, моральдық және адамгершiлiк құндылықтарын нығайтуға апаратын жол.
      Кәсiпкерлер үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiк арттыру мәселелерiнде олардың қызметi үшiн қолайлы, әлеуметтік қауiпсiз Орта қалыптастыруға қатысу мiндетi дәлел болуға тиiс. Қоғамдағы әлеуметтiк-саяси тұрақтылық - бизнестiң табысты дамуының кепiлi.
      БҰҰ-ның Бизнестiң корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi жаһандық шартының принциптерiн енгiзу және меценаттық пен қайырымдылық қызметi, экономикалық ынталандыру және бизнес пен YEҰ-ның тиiмдi өзара iс-қимылы үшiн заңнамалық база құрған мақсатқа сай келедi.

  6.7. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын
дамыту

      2001 жылға дейiнгi кезеңде азаматтық қоғамның саяси партиялар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары сияқты аса маңызды институттарын одан әрi дамыту жөнiнде шаралар пысықталып, кезең-кезеңiмен iске асырылатын болады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуi осы жұмысты жүргiзу үшiн қолайлы ұйымдастырушылық, институционалдық, экономикалық және заңнамалық жағдайлар жасау мүмкiндiгiн бередi.
      Yкiметтiк емес ұйымдар сегментiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру тетiгiн жетiлдiру мен оның ашықтығын қамтамасыз ету, оны iске асыру тетiгi мен рәсiмдерiн жақсарту, YEҰ-ның басым әлеуметтiк бағдарламалар мен жобаларды айқындауға қатысуы мәселелерiн көздеу қажет. Алда халықаралық стандарттарды ескере отырып, азаматтардың бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселенi шешу, оның iшiнде тiркеу тәртiбiн жетiлдiру тұр. Елдiң коммерциялық секторы мен iрi бизнесiн YEҰ жобаларын қаржыландыруға ынталандыратын нормативтiк құқықтық база жасаудың маңызы зор. Мемлекет пен YЕҰ-ның өзара iс-қимыл процесiн тұтастай тереңдету, әсiресе өңiрлер мен ауылдық жерлерде YEҰ бөлiгiн дамытуды қолдаудың институционалдық және ұйымдық базасын нығайту қажет.
      Саяси партиялардың алдында мiндеттердiң сапалы жаңа дейгейi тұр.
      Олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi және мемлекеттiк басқарудағы рөлiнiң артып келе жатқанын ескере отырып, әсiресе олардың өкiлеттiктерiн кеңейту, мемлекеттiк тiркеу процесiн оңайлату, тiркеу құжаттарын тексерудiң ашық тетiгiн әзiрлеу мен енгiзу, бiрiктiру, қосылу және басқаларын заңнамалық реттеу тетiктерiн жетiлдiру бөлiгiнде тиiстi заңнаманы жетiлдiру қажет.
      Кәсiптік одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға белсене қатысуға тиiс. Бұл үшiн ұлттық заңнаманы Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенцияларын ескере отырып дамыту маңызды. Тұтастай алғанда, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер еңбекшiлер құқықтарын қорғаудың пәрмендi тетiгiне айналуына, ал еңбек заңнамасының меншiк нысанына қарамастан, барлық кәсiпорындарда сақталуына және қажет болған жағдайда кәсiподақтардың өз құқықтарын наразылық нысанында iске асыра алуына қол жеткiзу қажет.
      Бұқаралық ақпарат құралдары саласы отандық теледидар мен радионың, газеттер мен журналдардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн экономикалық ынталандыруды көздейтiн тиiмдi заңнама жасауды талап етедi. Ақпараттық саясатқа мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде бюджет қаражатын орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуге, ақпараттық сала үшiн кадрлар даярлаудың, журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейiн арттыруға, ақпарат алуға құқықтың сақталу ахуалын жақсартуға байланысты мәселелер кешенiн шешу қажет.
      Дiни бiрлестiктер бөлiгiнде құқыққа қайшы iс-әрекет жасау үшiн дiндi пайдалануға жол бермеу мақсатында бұдан әрi де қажеттi жағдайлар жасау қажет. Алда дiни бiрлестiктердiң ерекшелiктерi ескерiлетiн және дiни экстремизмнiң алдын алуға, жастардың, әсiресе шетелде дiни бiлiм алуын мемлекеттiк бақылаудың тиiмдi жүйесiн құруға, өз қатарына отандастарды мәжбүрлеп тартып, күш қолдану және психологиялық қысым көрсету жолымен алаяқтықпен айналысатын сектанттық ұйымдар қызметiнiң жолын кесуге бағытталған ұйымдық және құқықтық шаралар кешенiн қабылдау керек.
      Осылардың бәрiн ескере отырып, мемлекет азаматтық қоғам институттарымен өзара iс-қимылда елде азаматтық қоғамды дамыту үшiн қолайлы экономикалық, саяси және құқықтық жағдай жасауға бағытталған одан әрi шаралар қабылдауы қажет.
      БАҚ қызметiн реттейтiн заңнама демократияландырылады. Тәуелсiз БАҚ қызметiн, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс арқылы мемлекеттiк қолдау кеңейтiледi.
      Халықаралық стандарттарға сәйкес дiни бiрлестiктердiң қызметiн реттейтiн заңнама жетiлдiрiледi.
      Республиканың жастар және балалар ұйымдарының қызметiн мемлекет тарапынан қолдау өрiс алады.
      Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлi нығайтылады. Этносаралық қатынастар, бiлiм, мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруда ұлттық-мәдени бiрлестiктердiң (орталықтардың) қатысуының нысаны мен тетiктерi жетiлдiрiп, кеңейтiледi. Ұлттық-мәдени бiрлестiктердi (орталықтарды) мемлекеттiк қолдау кеңейтiледi.
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүйелi және кезең-кезеңiмен дамытуға баса назар аударылатын болады. Мемлекет пен оның органдарының жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарымен өзара iс-қимыл практикасы кеңейтiледi.
      Олардың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып, осы бағыттар бойынша жұмыстың басым бағыттары, тетiктерi мен нақты құралдары тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде жеке қаралады.

  6.8. Азаматтық қоғам институттарының халықаралық
ынтымақтастығын дамыту

      Соңғы он жылдық iшiнде әлемде түрлi елдердiң азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты үрдiсi қалыптасты. Оның мақсаты түрлi: қауiпсiздiк, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтiк даму, кедейлiктi еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, бiлiм беру, ғылым, мәдениет, жедел iзгiлiк және техникалық көмек көрсету, бiтiмгершiлiк салаларында уақыттың қыр көрсетулерiне ден қоюдың тиiмдi тетiктерiн тұжырымдау болып табылады. Iс қимылдардың бiрлескен бағдарламалары мен тұғырнамаларын әзiрлеу жүзеге асырылады.
      Осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшiн:
      қазақстандық азаматтық қоғам институттарын халықаралық қоғамдастыққа кiрiктiрудi жалғастыру, бұл қоғамдық дамудың әлемдiк үрдiстерiн, Қазақстан жағдайларына бейiмделу және елдi әлемге белсендi таныстыру үшiн шетелдiк тәжiрибенi зерделеуге мүмкiндiк бередi;
      ұлттық мүдделер аясында әлеуметтiк, мәдени, бiлiм беру және басқа жобаларды жүзеге асыру үшiн халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
      қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың, электронды БАҚ-тың мүмкiндiктерiн белсендi пайдалану, шетелде елдiң жағымды беделiн алға жылжыту мақсатында Қазақстанда "үшiншi сектор" туралы ақпарат деңгейiн көтеру;
      Қазақстанда әлеуметтiк-экономикалық бағыттағы мақсатты бағдарламаларды Орталық Азияда iске асыруға бағдарланған өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдар құруды көтермелеу қажет.

  7. Тұжырымдаманы iске асыру мерзiмi мен кезеңдерi

      Ұсынылып отырған азаматтық қоғамды дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру 2006-2011 жылдарға есептелген және ол мынадай кезеңдерден өтудi көздейдi:
      бiрiншi кезең - 2006-2008 жылдар.
      Азаматтық қоғамды одан әрi дамытуға бағытталған заң жобаларын әзiрлеу жүзеге асырылады. Мемлекеттiк органдар, бизнес пен азаматтық қоғам институттары ынтымақтастығының тетiктерi нығайтылады. Азаматтық форум мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам үшiн тиiмдi, тұрақты жұмыс iстейтін үндесу алаңқайына айналады.
      Негiзгi мемлекеттiк органдар жанындағы қоғамдық кеңестер, консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар, жұмыс топтары түрiнде ынтымақтастықтың салалық және өңiрлiк тұрақты жұмыс iстейтiн жүйесi қалыптасады.
      Заң шығарушылық жобалары, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар қалыптастыру жөнiндегi жұмыс топтары құрылады, әлеуметтiк мәндi проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар жүргiзiледi.
       "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы негiзiнде билiк пен YEҰ-ның ынтымақтастық жүйесi түзiледi.
      Тұжырымдаманың басымдықтары бойынша ақпараттық бағдарлама iске асырылады.
      Азаматтық қоғам институттарын дамыту үшiн мемлекет жасаған қолайлы жағдай және олардың қызметiне қоғамдық сұраныстың өсуi азаматтар бастамасын жандандырады. Оның нәтижесi қоғамдық ұйымдар санының өсуi болады.
      Екiншi кезең - 2009-2010 жылдар.
      Көзделген шараларды iске асыру нәтижесiнде азаматтық қоғам институттарын дамытуда сапалық өсуге қол жеткiзiледi.
      Үшiншi сектордың белсендi жұмысы халықтың саяси мәдениетi мен құқықтық сауаттылығының жоғарғы деңгейiн қалыптастырады. Қоғамдық санада азаматтық қоғамның нормалары мен құндылықтары орнығады және күнделiктi практикаға енедi.
      Елде түрлi салаларда ұлттық iс-қимыл бағдарламаларын қалыптастыру бойынша әлемнiң дамыған мемлекеттерiнiң тәжiрибесi енгiзiледi.
      Еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк серiктестiктi дамыту қазақстандық қызметкерлердiң құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi.
      Қайырымдылық пен меценаттық мәдениетi мен тетiктерi қалыптасады. Азаматтық бастамаларды қолдаудың жергiлiктi қорлары құрылады.
      Бизнес, ҮЕҰ, билiк органдары өкiлдерiн қамтитын комиссиялар шеңберiнде өңiрлердiң әлеуметтiк-экономикалық даму жобаларын бiрлесiп әзiрлеу бастамасы көтерiледi.
      YEҰ бiлiм беру қызметтерi мен қоғамның қоғамдық-саяси өмiрiне қатысуға қол жеткiзу саласында - мүгедектердiң, жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыру саласында жастар мен әйелдердiң құқықтарын қорғауға бағытталған жобаларды тұжырымдауға белсендi түрде тартылады. Азаматтық қоғам дамуының жоғары сатысы ретiнде елде волонтерлық институты дамытылады.
      Мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн және азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, бюджеттер мен бюджет процесiнiң ашықтығы мен мөлдiрлiгiне байланысты олар қабылдайтын шешiмдердi азаматтық бақылау тетiктерi нығайтылады. Билiк құрылымдарының қоғам алдында бұқаралық нысанда есеп беру модельдерi бекiтiледi.
      Елде жанжалдарды соттан тыс шешу тетiктерi, дауларды келiссөздер, аралық соттар арқылы сотқа дейiн реттеу практикасы белсендi түрде енгiзiледi.
      Қазақстандық азаматтық қоғам институттарын коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық қоғамдастығына кiрiктiру жалғасады.
      Үшiншi кезең - 2011 жылдан басталады.
      Азаматтық қоғам институттарын дамыту жүйелi және үдемелi сипатқа ие болады. Бизнес пен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасауын оңтайландыру үшiн олардың қатынастарына түзетушi өзгерiстер енгiзiледi. Қазақстандық қоғамды дамыту проблемалары бойынша жыл сайынғы баяндамалар жарияланып, жыл сайынғы тыңдаулар өткiзiледi.
      Азаматтық қоғамды дамыту үздiксiз процестi бiлдiредi, ол қоғамдық қажеттiлiктердiң өзгерiстерiне, әлемдiк даму үрдiстерiне және уақыттың сын - тегеурiндерiне негiзделедi.

  Қорытынды

      Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс-тiршiлiгiнiң барлық маңызды салаларына белсендi қатысқан жағдайда ғана мүмкiн болады.
      Осы Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын iске асыру елдiң адами, зияткерлiк әлеуетiн жандандыруға және жұмылдыруға, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершiлiгiн арттыруға, билiк қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттiк бюрократияның билiктi асыра пайдалану көрiнiстерiн түбiрiмен жою үшiн жағдай жасауға, елдiң әр азаматының өмiр сүруiнiң жоғарғы деңгейiне жедел қол жеткiзуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Қоғам тарапынан билiкке деген сенiм мен құрмет әлеуметтiк татулық пен келiсiмнiң, саяси тұрақтылықтың және, тиiсiнше, Отанымызды тұрақты дамытудың берiк iргетасы болып табылады.
      Өзiнiң күрделi де жарқын тарихымен, еркiндiк пен егемендiк үшiн бастан кешкен мехнатымен, әлемдiк қоғамдастыққа лайықты кiруге ұмтылысымен Қазақстан азаматтық қоғамның ұсынылып отырған моделiн iске асыруға әзiр.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.