1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Актінің түрі
Жарлық
Хаттама
Қабылдау күні
18.06.2014
Өзгерту күні
23.12.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс    

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 23.12.2016 № 393 Жарлығымен.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н.Назарбаев


Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 18 маусымдағы
№ 843 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН

     Жоба  
 

1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы
атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың
мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
      1-бап
      Келісімге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Келісімнің 10-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. «Байқоңыр» кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшесі (кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыруға қатысты бөлігінде), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлімшесі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңыр филиалы.
      Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігінде қайта тіркелуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдарының атаулары және (немесе) функциялары өзгерген жағдайда Қазақстан тарапы бұл туралы Ресей тарапын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
      Осы тармақта көзделген Байқоңыр қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесі Тараптар арасында ноталар алмасу арқылы ресімделетін келісім бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.".
      1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 30.09.2016 № 348; 23.12.2016 № 393 Жарлықтарымен.
      2-бап
      Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      20__ жылғы "___" _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасы үшін          Ресей Федерациясы үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.