Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы

Актінің түрі
Ереже
Жарлық
Қабылдау күні
05.05.2015
Өзгерту күні
05.05.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасы мақұлдансын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 17 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Ұлттық комиссия қызметінің басты мақсаттары институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

      3. Ұлттық комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Ұлттық комиссияның қызметін ұйымдастыру

      4. Ұлттық комиссияны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төраға басқарады.

      5. Төраға:

      1) Ұлттық комиссияның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдаған Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;

      3) Ұлттық комиссия отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайды;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы есеп береді;

      5) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтарының дербес құрамдарын бекітеді.

      Ұлттық комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      6. Ұлттық комиссияның жұмысы қажеттігіне қарай өткізілетін отырыстар, сондай-ақ оның жұмыс топтарының қызметі арқылы жүзеге асырылады.

      7. Ұлттық комиссияның отырысы, егер оған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып табылады.

      Ұлттық комиссияның мүшелері оның жұмысына алмастыру құқығынсыз қатысады.

      8. Ұлттық комиссияның шешімдері сол отырысқа қатысушы Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен отырыста қабылданады. Талқыланатын мәселе бойынша дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Ұлттық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған Ұлттық комиссия төрағасы қояды.

      9. Ұлттық комиссияның:

      1) институционалдық реформаларды іске асыру мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге;

      2) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен консультациялар жүргізуге;

      3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан статистикалық, талдамалық, әдістемелік, ақпараттық материалдар мен өзге де қажетті құжаттарды сұратуға және алуға;

      4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен мамандарды, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға;

      5) Ұлттық комиссияның қызметін үйлестіруді және ол қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Ұлттық комиссия отырыстарын дайындау

      10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ұлттық комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық, және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.

      11. Ұлттық комиссияның жұмыс органы:

      1) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      2) Ұлттық комиссия мүшелерінің ұсыныстары және ол бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстардың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;

      3) Ұлттық комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

      4) Ұлттық комиссия мүшелерін Ұлттық комиссияның кезекті отырысы өткізілетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      5) Ұлттық комиссияның шешімдерін орындау үшін мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жолдайды.

      12. Ұлттық комиссия отырысының күн тәртібін бекіту туралы мәселені қарау кезінде оның мүшелерінің әрқайсысы Ұлттық комиссия отырысының күн тәртібін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

      13. Ұлттық комиссия мүшелері:

      1) Ұлттық комиссия жұмысының жоспары, отырыстардың күн тәртібі және мәселелерді талқылаудың реті бойынша ұсыныстар енгізуге;

      2) Ұлттық комиссияның отырыстарына материалдар мен оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;

      3) Ұлттық комиссия қарайтын мәселелерді талқылауға қатысуға;

      4) осы Ережеде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.