"Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Толықтыру
Қабылдау күні
29.01.2015
Өзгерту күні
29.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде:
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «25-1) электрондық сайлау жүйесін сүйемелдеу, сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алады;»;
      мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті                            Н.Назарбаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.