Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қағида
Қабылдау күні
25.04.2017
Өзгерту күні
25.04.2017
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалі және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі тағайындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;

      3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 cәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен наградтау қағидалары

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісімен (бұдан әрі – мерекелік белгі) наградтау тәртібін реттейді.

      2. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен қызметі бойынша оң сипатталатын және өз қызметтік борышын үлгілі орындайтын 20 жылдан кем емес қызмет өтілі бар және 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызметте тұрған қызметкерлер мен әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының зейнеткерлері және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын құруға елеулі үлес қосқан басқа да адамдар наградталады.

      3. Мерекелік медальмен және мерекелік белгімен наградтау туралы өтініштерді ұсыну және қарау тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.

      4. Мерекелік медальды және мерекелік белгіні тапсыруды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының бастықтары;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) командирлері (бастықтары), арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары жүргізеді.

      Наградталған адамға мерекелік медальмен және мерекелік белгімен бірге белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

      5. Мерекелік медальды және мерекелік белгіні наградталатын адамның жеке өзіне тапсыру салтанатты жағдайда өткізіледі. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының наградтау туралы бұйрығы жарияланады.

      6. Мерекелік медаль және мерекелік белгі кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған кезде олардан кейін орналастырылады.

      7. Мерекелік медальдың және мерекелік белгінің табыс етілгені туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.

      Табыс етілмеген мерекелік медальдар, мерекелік белгілер мен оларға куәліктер қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаментіне қайтарылады, ол туралы тізімдерге тиісті белгі жасалады.

      Өткізілген наградтауларды есепке алу, сондай-ақ мерекелік медальдарды табыс ету барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадр департаменті жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 cәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл" мерекелік медалі алтын түстес – латун металынан жасалған диаметрі 34 мм дискіден тұрады.

      Бұйымның алдыңғы бетінде (аверсінде) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті элементтерінің бейнесі – айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелерінің биіктігі бойынша диаметрі – 27 мм) орналастырылған, оның алтын (сары) негіздегі жеті доғалбұрышты шұғыласы бар сәулелері қою қызыл түсті эмальдан құйылып жасалған.

      Жұлдыздың сыртқы айналасында алты шығыңқы нүкте қойылған.

      Жұлдыздың ортасында фонына көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 16 мм қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – диаметрі 6 мм "шаңырақ" орналасқан, оның фоны көгілдір (көк) түсті эмальдан құйылған. Алтын (сары) иекпен көмкерілген қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген жазу жазылған. Жұлдыздың төменгі бөлігінде жұлдыздың бетінен шығыңқы "25" цифры жазылған. Медальдың аверсіндегі бейнелер шығыңқы жылтыр.

      Мерекелік медальдың сыртқы жағында (реверсте) мемлекеттік тілдегі "Қазақстан РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу бес қатарға жазылған, ортасы қалыңдатылған көлденең сызық сызылған және ортасында бес ұшты жұлдызы бар. Сызықтан төмен "1992-2017" датасы жазылған. Медальдың реверсіндегі мәтін шығыңқы күңгірт. Мерекелік медальдың шеті ернеумен жиектелген.

      Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы көктікен (көк) түсті қатқыл жібек лентамен тысталған ені 32 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 12 мм тік жолақ орналасқан, оған ұлттық ою-өрнек салынған. Шығыршықтан төмен алтын түстес металл – латуннан жасалған шашыраған екі лавр дестесі бекітілген.

      Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 467 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" мерекелік белгісі алтын түстес – латун металынан жасалған диаметрі 19 мм дискіден тұрады.

      Бұйымның алдыңғы бетінде (аверсінде) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті эмблемасының бейнесі – алтын (сары) түспен жиектеліп, сырты көгілдір (көк) түспен көмкерілген орталық алаңы бар дөңгелек қалқан (диаметрі 14 мм) орналастырылған.

      Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", төменгі жағында "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" деген жазу жазылған.

      Қалқанның ортасындағы көгілдір (көк) түсті алаңда жеті доғалбұрышты шұғыласы бар айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелерінің биіктігі бойынша диаметрі – 13,5 мм) орналастырылған, оның алтын (сары) негіздегі сәулелеріне қою қызыл түсті эмаль құйылған.

      Жұлдыздың ортасында көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 7 мм қалқан орналасқан.

      Қалқанның ортасында киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – диаметрі 3 мм "шаңырақ" орналасқан, оның фоны көгілдір (көк) түсті эмальдан құйылған.

      Алтын (сары) жиекпен көмкерілген қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген жазу жазылған.

      Мерекелік белгінің сыртқы жағында (реверс) оның төменгі бөлігінде төрт таңбалы тіркеу нөмірі орналасқан.

      Мерекелік белгі киімге цанга инесінің көмегімен бекітіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.