Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қабылдау күні
12.06.2019
Өзгерту күні
12.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан əрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі бір айлық мерзімде:

      1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшы ларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру жəне оның жұмыс тəртібі мəселелері бойынша консультациялар өткізсін;

      2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.