Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қабылдау күні
30.05.2019
Өзгерту күні
26.08.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

      2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) күші жойылды - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен;
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен;

      3) Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорық-музейін кешенді жаңғырту жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      4) 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізсін;

      5) Абай Құнанбайұлының еңбектерін кең таралған негізгі шет тілдеріне сапалы аударуды жүзеге асыру, басып шығару жəне халықаралық ілгерілету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      6) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мəдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөніндегі мəселені пысықтасын;

      7) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 26.08.2019 № 134 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.