"Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Толықтыру
Қабылдау күні
09.10.2019
Өзгерту күні
09.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы Жарлықтың қолданысы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Қ. Тоқаев

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.