1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Актінің түрі
Жарлық
Хаттама
Шарт
Қабылдау күні
10.10.2019
Өзгерту күні
10.10.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаевқа 1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 10 қазандағы
№ 186 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
  жоба

1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Қазақстан Республикасы мен Моңғолия (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын)

      1993 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) 40-бабын негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      1. Шарттың қазақ тіліндегі атауындағы "өзара көмек туралы" деген сөздер "өзара құқықтық көмек туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Шарттың моңғол және орыс тілдеріндегі атауы өзгертілмейді.

      2. Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап Құқықтық көмек көрсеткен кезде қатынастар жасау тәртібі

      Егер осы Шартта қатынастардың өзгеше тәртібі белгіленбесе ғана, құқықтық көмек көрсеткен кезде Уағдаласушы Тараптардың құзыретті органдары бір-бірімен орталық органдары арқылы қатынас жасайды.

      Мыналар:

      Қазақстан Республикасы үшін - соттардан шығатын өтініштер (тапсырмалар), сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот шешімдерін тану және орындау туралы өтінішхаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде қылмыстық істер бойынша өтініштер (тапсырмалар), сондай-ақ қылмыстық істер бойынша залалды өтеу бөлігінде үкімдерді тану және орындау туралы өтінішхаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы; өзге мекемелерден, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттардан шығатын басқа да өтініштер (тапсырмалар) бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      Моңғолия үшін - Моңғолияның Әділет және ішкі істер министрлігі, Моңғолияның Бас Прокуратурасы және Моңғолияның Жоғарғы Соты орталық органдар болып табылады.

      Уағдаласушы Тараптардың орталық органдарының өкілеттіктері немесе функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы тиісті жазбаша хабарлама жіберіледі.".

      3. Шарттың 27-бабы алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданысын тоқтатады.

      201__ жылғы "_____" _________ ____________ әрқайсысы қазақ, моңғол және орыс тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін Моңғолия үшін

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.