Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қабылдау күні
19.06.2019
Өзгерту күні
19.06.2019
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілсін.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 27 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

№ п/п

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I-БӨЛІМ. Сабақтастық

1.

Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жолында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының түйінді ұлттық индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019-2024 жылдардағы шілде

2.

Елбасының Бес институционалды реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ, АШМ, МСМ, ЭМ, ІІМ, АҚДМ, СИМ, ЭГТРМ, ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), МҚІА, СЖҚА, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019-2024 жылдардағы шілде, қаңтар

3.

Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету тетіктерін және барлық азаматтардың ұлтына, діни сеніміне, мүліктік жағдайына қарамастан құқықтарының теңдігі туралы Конституцияның ережелерін нығайтуға, сондай-ақ қоғамда радикалдық идеологияға иммунитет пен әлеуметтік, мәдени, этникалық және діни негіздегі экстремистік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АҚДМ, ҚХА (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, БП, ҰҚК, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

4.

Көп векторлы, теңдестірілген сыртқы саясатты қамтамасыз ету жөніндегі Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолын жалғастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдау

Жарлық

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

II-БӨЛІМ. Әділдік
2.1. Заң үстемдігі және әділ сот төрелігі

5.

Сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі жаңғырту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, оның ішінде:
1) судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру;
2) судьяларды бағалау жүйесін жетілдіру және олардың жауапкершілігін арттыру;
3) сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
4) сот бойынша білім беру жүйесін жетілдіру;
5) сот органдары жұмысының ашықтығын, оның ішінде бірыңғай сот практикасын және қоғамдық мониторингті қалыптастыру жолымен қамтамасыз ету

ұсыныстар

ПӘ, ЖСК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Әділетмині
ПӘ, ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), БП, Әділетмині
ПӘ, ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), Әділетмині, Қаржымині
ПӘ, ЖС(келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), БҒМ, Әділетмині ПӘ, ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), БП, Әділетмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

6.

Сот процесінде айыптау және қорғау тараптарының теңдігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау

ұсыныстар

ПӘ, ҚК Аппараты, БП, ЖС (келісім бойынша), ҰҚК, МКҚ, СЖҚА, Әділетмині, ІІМ, Қаржыминінің ҚМК, РАА (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

7.

Татуластыру рәсімдері мен дауларды соттан тыс реттеу тетіктерін кеңінен қолдануды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП, АҚДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

2.2. Қоғамдық қауіпсіздік

8.

Құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеу және қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қаңтар

9.

Полиция қызметінің іс-әрекетіне қоғамдық бақылауды, оның ішінде қабылданатын шараларды тиісті қоғамдық кеңестерде қарай отырып оның бағалауын жетілдіру жолымен нығайту

жол картасы

ІІМ, АҚДМ

2019 жылғы қыркүйек

10.

Құқық қорғау органдарының кадрларын іріктеу және даярлау жөніндегі талаптарды, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын (кәсіби және моральдық-этикалық) жетілдіруді күшейту, бастапқы даярлау сапасын арттыру мен халықтың сенімі мен құрметіне ие болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мансаптық ілгерілетуін жетілдіру, сондай-ақ ведомстволық білім беруді жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау

жол картасы

БП, ІІМ, СЖҚА, Қаржымині, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қыркүйек

11.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

2.3. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жою

12.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін біріктіру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету және осы жұмысқа қоғамды барынша тарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарлық жобасы

СЖҚА, МҚІА, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қыркүйек

13.

Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІА, СЖҚА мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қыркүйек

14.

Жұртшылықты және сарапшы қоғамдастықты тарта отырып, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын енгізу

Заң жобасы

СЖҚА, МҚІА, ҰЭМ, Әділетмині

2020 жылғы қаңтар

15.

Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту

Заң

МҚІА, СЖҚА мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

2.4. Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі

16.

Әлеуметтік картаны және/немесе әлеуметтік ID енгізу арқылы әрбір азаматтың табысы мен өмір сүру деңгейі туралы ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін (азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына төлем жасау, тегін жол жүру, тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, білім алу және т. б. бойынша) мемлекеттік қызметтерді кейіннен белсенді көрсету үшін әлеуметтік көмектің айқындылығы мен атаулылығын арттыру

жол картасы

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ҰЭМ, БҒМ, ДСМ, ИИДМ, МСМ, Әділетмині, АШМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

17.

Тұратын аймағына қарамастан, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қоса алғанда, азаматтарды әлеуметтік қолдаудың кепілдендірілген көлемінің бірыңғай стандарттарын белгілеу

жол картасы

Еңбекмині, Қаржымині, Әділетмині, ҰЭМ, БҒМ, ДСМ, ИИДМ, МСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

18.

Жеке бизнесті қайырымдылық бағдарламаларына қатысуға ынталандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және т.б. бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ, ДСМ, БҒМ, АШМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро "ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

19.

Ұзақ мерзімді актуарлық модельдерді құру негізінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін көздейтін Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарлық жобасы

Еңбекмині, ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИФӨМ

2020 жылғы шілде

2.5. Салауатты ұлт: медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі

20.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, ол мынадай шараларды қамтиды:
1) денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-нің 5%-ға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету;
2) қауіп-қатердің мінез-құлықтық фактор-ларының алдын алуға және салауатты өмір салтын ілгерілету жөніндегі шаралар кешенін қабылдау;
3) цифрлық медицинаны дамытуға баса назар аудара отырып, медицина ғылымының жаңа жетістіктерін енгізу;
4) нормативтік құқықтық бекітілуін, ауылда ұтқыр докторлар практикасын енгізу, қашықтықтан медициналық қызметтер мен ұлттық телемедициналық желіні дамыту;
5) дәрігерлердің жалақысы мен мәртебесін арттыру;
6) медицина қызметкерлерінің құзыретін арттыру және тар шеңберлі мамандардың тапшылығы мәселесін шешу;
7) жалпы практикадағы 1 дәрігерге жүктемені 1700 адамға дейін төмендету;
8) бастапқы медициналық-санитариялық көмек желісінің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
9) денсаулық сақтау жүйесін толық материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

Үкімет қаулысы

ДСМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

21.

2025 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерін әрбір қазақстандықты бастапқы диагностикамен және скринингпен, оның ішінде ауылдық жерлерде кезең-кезеңімен жеткізу

жол картасы

ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

22.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің тиімді моделін құру

жол картасы

ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

23.

Қымбат тұратын, оның ішінде шетелдегі операцияларды (бірінші кезекте балалар үшін), қаржыландыруға қайта бөле отырып, денсаулық сақтау жүйесіне және халыққа медициналық қызмет көрсетудің басқа да басым бағыттарына бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, Қаржымині, ҰЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

24.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін жаңғырту және медициналық ақпараттық жүйелердің деректерімен алмасу процесін аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ

2019 жылғы қазан

25.

Медицина қызметкерлерін даярлау сапасы бойынша медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерге қойылатын талаптарды күшейту

Үкіметке ұсыныстар

ДСМ

2019 жылғы желтоқсан

26.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Жаңа кодексін әзірлеу және қабылдау

Кодекс

ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы маусым

27.

Жергілікті клиникалардың бір бөлігін университеттік клиникалық базалар ретінде республикалық меншікке беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

28.

Дәрілік өнімнің сапасын бақылауды қатаңдату, оған көтерме және бөлшек сауда бағаларының төмендеуіне мониторинг жүргізу және ынталандыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алу және бөлу процесін жақсарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ

2019-2025 жылдардағы желтоқсан

2.6. Білімді ұлт: барлығы үшін білім берудің заманауи стандарттары

29.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, ол мынадай шараларды қамтиды:
1) білім және ғылым жүйесіне арналған шығыстарды ұлғайту;
2) ауылда және қалада білім беру ретіндегі алшақтықты қысқарту;
3) еліміздің барлық өңірлерінде балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету;
4) орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуді аяқтау;
5) үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңарта отырып, 12-жылдық орта білім беруге кезең-кезеңмен көшу;
6) үштілділікті кезең-кезеңмен енгізу;
7) инклюзивті білім беруді және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды ауыртпалықсыз әлеуметтену мен ықпалдастыруды одан әрі енгізу;
8) бүкіл ел бойынша апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу;
9) неғұрлым талап етілетін бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын кешенді жаңартуды қамтамасыз ету

Үкімет қаулысы

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

30.

"Болашақ" бағдарламасын іске асырудың тиімділігін талдау және оны одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БҒМ

2019 жылғы қыркүйек

31.

Қосымша әлеуметтік кепілдіктерді, жүктемені төмендету мен есептілікті қысқартуды көздейтін нормаларды енгізе отырып "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын қабылдау

Заң

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

32.

20 жоғары оқу орны мен 180 мемлекеттік колледжді жаңғырту, неғұрлым талап етілетін мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы бағдарламаларын енгізу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша шараларды қамтитын "Жас маман" жобасын іске асыру жөніндегі қағидаларды бекіту

БҒМ бұйрығы

БҒМ, Еңбекмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

33.

2023 жылға дейін студенттік жатақханалар қорын үштен бір бөлігіне, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен ұлғайту

Үкіметке ақпарат

БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, ЖОО

2019-2022 жылдардағы желтоқсан

34.

Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне жыл сайын қосымша 3 млрд теңге бөлу

БҒМ бұйрығы

БҒМ, Қаржымині

2020-2022 жылдардағы желтоқсан

2.7. Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары

35.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу, оның ішінде мыналарға бағытталады:
1) халықты өнімді жұмыспен қамтуға одан әрі тарту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктерін жетілдіру, оның ішінде еңбек өмірінің барлық кезеңдерінде білім алу мүмкіндігін кеңейту, жұмыс берушілердің олардың қызметкерлерінің жаңа білім мен дағдыларды алуына қызығушылығын ынталандыру бөлігінде жетілдіру;
2) өнімді жұмыс орны ұғымдарын нормативтік бекіту;
3) экономикалық қызметке халықтың әлеуметтік осал топтарын, сондай-ақ NEET санатындағы жастарды тарту жөніндегі нақты тетіктерді іске асыру;
4) еңбек ұтқырлығын арттыру үшін қосымша пәрменді тетіктерді тұжырымдау;
5) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту

Үкімет қаулысы

Еңбекмині, ҰЭМ, БҒМ, АШМ, Әділетмині, Қаржымині, АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

36.

Жұмыс орындарын (уақытша, тұрақты және т. б.) құруды есепке алу мен мониторингтеу үшін бірыңғай базаны қалыптастыруды қамтитын жұмыспен қамту мониторингінің кешенді жүйесін әзірлеу

Еңбекминінің бұйрығы

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, ИИДМ, Әділетмині, ЭМ, ДСМ, БҒМ, МСМ, АШМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

37.

Жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын нормативтік реттеу, салықтық, зейнетақымен қамтамасыз ету, еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер жағдайында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйелерін одан әрі дамыту (жұмыспен қамтудың икемді нысандарына көшу) жөнінде ұсыныстар зерделеу және енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Еңбекмині, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

38.

Барлық тілек білдірушілер, әсіресе жастар үшін онлайн-оқытудың жалпыұлттық тұғырнамасын сапалы толтырылуын және оған тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету

жол картасы

БҒМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ, Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

39.

Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктердің атласын әзірлеу

Еңбекминінің бұйрығы

Еңбекмині, ИИДМ, БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы наурыз

40.

Әйелдердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, гендерлік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу, жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, сондай-ақ олардың барлық деңгейлерде және корпоративтік секторда мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Еңбекмині, ҰЭМ, МҚІА, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

2.8. Тиімді мемлекеттік басқару

41.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

жол картасы

ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, МҚІА, СЖҚА, Есеп комитеті

2019 жылғы желтоқсан

42.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарды кешенді функционалдық талдау базасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша (оның ішінде басқарудың әртүрлі деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша) ұсыныстар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, МҚІА, Есеп комитеті, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы наурыз

43.

Мемлекеттік органдардың барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қоғамға есеп берушілігі мен бақыланушылығы тетігін енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, Есеп комитеті, МҚІА, СЖҚА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро"ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ" (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

44.

Бюджеттік жоспарлау процесін автоматтандыру және транспаренттілік деңгейін арттыру

Үкіметке ұсыныстар

Қаржымині, ҰЭМ, Есеп комитеті

2019 жылғы қыркүйек

45.

Бюджеттік жоспарлауды стратегиялық құжаттарда белгіленген мақсаттарға барынша толық қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағыттай отырып, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, Есеп комитеті

2019 жылғы қыркүйек

46.

Жергілікті деңгейде "қатысу бюджеті" бойынша пилоттық жобаны жүргізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы маусым

47.

Бірінші кезеңде төртінші деңгейдегі бюджетті енгізу тиімділігін талдау және барлық ауылдық елді мекендерде бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыруды аяқтау қорытындылары бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, Қаржымині, АҚДМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ, ИИДМ, АШМ, МҚІА, СЖҚА, облыстардың әкімдері

2019 жылғы қыркүйек

48.

Әрбір орталық және жергілікті атқарушы органда тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық және онлайн қабылдау бөлмелерін құру, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың бірінші басшыларының жеке блогтарын жүргізуі

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АҚДМ, МҚІА, БП,
ЦДИАӨМ, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "КазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

49.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну және қол жетімділік сапасын талдау және оның негізінде анықталған жүйелік проблемаларды шешу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

жол картасы

ЦДИАӨМ, МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

50.

Меритократия, үздік қызметкерлерді мансаптық ілгерілету қағидаты негізінде мемлекеттік басқару жүйесінде кадрлық өсу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІА

2019 жылғы желтоқсан

51.

Босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып (2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет шеңберінде), зерттеулерге тапсырыс пен консалтингтік қызметтерді сатып алуға арналған тиімсіз имидждік шығыстарды алып тастау және республикалық және жергілікті бюджеттердің шығындарын азайту

жол картасы

Қаржымині, ҰЭМ, СІМ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

2019 жылғы тамыз

52.

Нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау блогын енгізу бөлігінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жарлық жобасы

ҰЭМ, Қаржымині, МҚІА, СЖҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қазан

III-БӨЛІМ. Өрлеу
3.1. Серпінді экономика – әр адамның әл-ауқаты негізі

53.

2020-2024 жылдарда арналған (үшінші бесжылдық) индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, ол мынадай шараларды қамтиды:
1. еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру;
2. ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін және қолдау шараларының шоғырлануын айқындайтын салалар мен аяларды айқындау;
3) сапаның халықаралық стандарттарын енгізетін және өз өнімімен жаңа нарықтарға шығатын кәсіпорындарды қолдау және т.б.;
4) жергілікті қамтуды ұлғайту жөнінде нақты шаралар қабылдау;
5) сыртқы нарықтарда қазақстандық тауарлар мен қызметтерді белсенді жылжыту;
6) қазақстандық орта компанияларды дамыту, халықаралық және өңірлік өндірістік тізбектерге интеграцияланатын салаларды дамытуды ынталандыру;
7) мемлекеттік қолдау алатын бизнестің қарсы міндеттемелерінің жиынтығын айқындау

Үкімет қаулысы

ИИДМ, ҰЭМ, СІМ, АШМ, Қаржымині, СИМ, ЭГТРМ, ЦДИАӨМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП" (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

54.

Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту (оның ішінде еркін экономикалық және индустриялық аймақтар аумағына) және сыртқы нарықтарға тауарлар мен қызметтерді жылжыту бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігі мен үйлестірілуін қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

СІМ, ҰЭМ, ИИДМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қыркүйек

55.

Ірі мұнай-газ жобаларын және басқа да жүйе құраушы кәсіпорындарды сатып алуда жергілікті қамтуды ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау

жол картасы

ИИДМ, ЭМ, Қаржымині, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

56.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий белгілеу

Жарлық

ҰЭМ

2019 жылғы маусым

3.2. Ауқатты және заманауи ауыл

57.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу, оның ішінде мыналарған бағытталған:
1) АӨК субсидиялаудың тиімділігі мен айқындылығын арттыру;
2) АӨК-ні қосылған құны жоғары өнімді өндіруге және экспортқа қайта бағдарлау;
3) отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және олардың өнімдерін өткізу мүмкіндігін кеңейту;
4) қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту/салу үшін трансұлттық компанияларды тартуды қамтамасыз ету;
5) жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жайылымдарды пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
6) ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
7) рентабельділігі жоғары ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу;
8) органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту үшін жағдай жасау;
9) қант өнеркәсібін дамыту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа суармалы жерлерді кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру;
11) мемлекеттік қолдау алатын бизнестің қарсы міндеттемелерінің жиынтығын айқындау

Үкімет қаулысы

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЭГТРМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

58.

Барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, ЦДИАӨМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы қараша

59.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдау

Заң

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ЭГТРМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

3.3. Табысты кәсіпкерлік

60.

Бизнестің қарсы міндеттемелерін ескере отырып, мемлекеттік қолдау бойынша жаңа тәсілдерді тұжырымдай отырып, барлық бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, ДСМ, ЭГТРМ, СИМ, ЦДИАӨМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), "QazTechVentures" АҚ (келісім бойынша), "ҚДБ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

61.

"Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау

Үкімет қаулысы

ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, СИМ, Әділетмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

62.

Бизнеске және азаматтарға қосымша міндеттер жүктейтін нормаларға қатысты "өтпелі кезең" практикасын заңнамалық деңгейде енгізу

Заң жобасы

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, ДСМ, Қаржымині, Әділетмині, СИМ, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

63.

Кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған қолданыстағы қолдау шараларының қажеттілігі мен тиімділігі тұрғысынан Кәсіпкерлік, Салық және Кеден кодекстерін талдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, ДСМ, Қаржымині, СИМ, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

64.

Мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында, оның ішінде оларды өткізуді орталықтандыру арқылы, оған отандық бизнестің толыққанды қол жетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету мақсатында заңнаманы және құқыққолдану практикасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау

Заң жобасы

Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, ИИДМ, Еңбекмині, ЭМ, ДСМ, Әділетмині, СИМ, ЭГТРМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Зерде" ҰАХ" АҚ (келісім бойынша), НПП "Атамекен" (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

65.

Бәсекелестікке кедергі келтіретін нормативтік кедергілерді тексеруді аяқтау және оларды заңнамалық деңгейде алып тастауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

66.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың ақпараттық сатып алу жүйелеріне бизнестің қол жетімділігінің бірыңғай нүктесін құру жөніндегі жұмыстарды аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

67.

ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелерін қолдана отырып, "Оңалту және банкроттық туралы" Заңның жаңа редакциясын қабылдау мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, ДСМ, Әділетмині, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

68.

Негізгі тауар нарықтарындағы жағдайды талдау және бәсекелестік үшін кедергілерді жою және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу жөніндегі жол картасын әзірлеу, сондай-ақ монополистерді өздерінің қызмет көрсетулері үшін тұтынушылармен орта мерзімге арналған шарттар жасасуын ынталандыру

жол картасы

ҰЭМ, СИМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, ДСМ, Қаржымині, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

69.

Салық әкімшілдендіруді цифрландыру және салық түрлеріне оңтайландыру жолымен салық салу жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпорындар үшін салық кредиттерін беру тетігін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

70.

"Кәсіпкерлердің адалдық презумпциясын" көздейтін заңнамалық нормалар енгізу

Заң жобасы

ҰЭМ, Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), БП, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы сәуір

71.

Банктерді пруденциялық реттеу шеңберінде сенімді қарсы әріптестердің және off-take келісімшарттарының дебиторлық берешегінің қатты кепілі деп тану

ҰБ басқармасының қаулысы

ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

72.

Отандық тауар өндірушілер үшін көлік шығындарын субсидиялау жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИИДМ, ҰЭМ, СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2020 жылғы қаңтар

3.4. Тиімді қаржы жүйесі

73.

Ұлттық қордан берілетін трансферттерді пайдалануды шектеу және бюджеттің шикізат секторына тәуелділігін азайту бойынша ұсыныстар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰЭМ, Қаржымині, ҰБ, Есеп комитеті

2019 жылғы қазан

74.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ

2019 жылғы желтоқсан

75.

Ұлттық банктің бағам саясатын іске асыруына қатысты тиімді коммуникациялық саясат бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ

2019 жылғы қыркүйек

76.

Қор нарығын дамыту есебінен бизнесті және азаматтардың табыстарын қаржыландыру көздерін кеңейту, халықты ұлттық компаниялардың ІРО-сына кеңінен тарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҰБ, "АХҚО Әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан қор биржасы" АҚ (келісім бойынша)

2020 жылғы шілде

77.

Әлеуметтік шиеленістің одан әрі өсуіне жол бермеу және қаржы ұйымдарының тұрақтылығын арттыру үшін шекті борыштық жүктемені төмендету мақсатында жеке тұлғаларға кредит беру жөніндегі талаптарды қатаңдату

ҰБ басқармасының қаулысы

ҰБ, ҰЭМ, Қаржымині, ҚҚҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

78.

Банктік емес кредиттік ұйымдарға (онлайн-кредит беру компаниялары, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер және халыққа қарыз беретін басқа да заңды тұлғалар) қатысты реттеуді заңнамалық деңгейде енгізу және олардың қызметін қадағалауды жүзеге асыру

Заң жобасы

ҰБ

2019 жылғы желтоқсан

79.

Ішкі нарықты сапасыз, жалған, контрабандалық және контрафактілік өнімдерден, оның ішінде шекарада кедендік әкімшілендіруді және бақылаудың басқа да түрлерін жақсарту арқылы (ветеринарлық, фитосанитарлық, техникалық және т. б.) қорғау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау)

жол картасы

СИМ, Қаржымині, ИИДМ, ДСМ, АШМ, ҰҚК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қараша

80.

Көлеңкелі экономикаға қарсы 2019-2021 жылдарға арналған іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2021 жылға қарай көлеңкелі экономика деңгейін 15-17% - ЭЫДҰ елдері деңгейіне дейін төмендету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ҰЭМ, ЦДИАӨМ, ІІМ, Әділетмині, СИМ, ГЭТРМ, ЭМ, СІМ, АШМ, Еңбекмині, ДСМ, ИИДМ, БП, ҰБ, "Атамекен"ҰКП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша)

2020-2022 жылдардағы сәуір, жыл сайын

81.

Жеке тұлғаларды оңалту мен олардың банкроттығы институтын және азаматтардың қаржылық мүдделерінің қорғалуын арттыру бойынша өзге де шараларды енгізудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, ҰБ

2019 жылғы қараша

3.5. Бірінші сыныпты инфрақұрылым

82.

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, ол мынадай шараларды қамтиды:
1) Қытай-Еуропа құрлықтағы бағыты, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша контейнерлік тасымалдау жүйесін дамыту;
2) Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс және Қытай елдерімен ел порттарына қосымша жүк ағындарын тарту жөніндегі жұмысты жандандыру;
3) шектес мемлекеттердің теңіз және темір жол әкімшіліктерімен келісілген тарифтік саясат жүргізу жөніндегі өзара іс-қимылды күшейту;
4) Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Солтүстік және Орталық-Батыс дәліздері шеңберінде елдің бірыңғай көлік жүйесін қалыптастыруды аяқтау;
5) Оңтүстік Қазақстанның жүрдек магистральдары құрылысының жобасын іске асыру;
6) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95%-ға жеткізу ("үйге жол" қағидатын іске асыру);
7) "Ақтөбе-Қандыағаш", "Ақтөбе-Хромтау", "Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз" және т. б. жолдарын қайта жаңарту;
8) жергілікті және шағын авиацияны дамыту

Үкімет қаулысы

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині, СИМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

83.

"Сарыарқа" магистральды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңінің уақтылы аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМ, ИИДМ, ЭГТРМ, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды областарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері, "ҚазМұнайГаз" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

84.

Тариф белгілдеудің ашықтығын, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілері тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға ынталандыру мен халықтың тұтынатын ресурстарға үнеммен қарау қатынасын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдау

жол картасы

ҰЭМ, ЭМ, ИИДМ, ЭГТРМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

3.6. Қолжетімді баспана, таза экология

85.

Қолданыстағы барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй саясатына шоғырландыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ИИДМ, ҰЭМ, ҰБ, "Байтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы тамыз

86.

"Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысының 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, ол мынадай шараларды көздейді:
1) аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін кемінде 40 мың жалдамалы пәтер пайдалануға беру;
2) құрылыс барысын және қолжетімді тұрғын үйдің бөлінуін қатаң бақылауды, оның ішінде жұртшылық тарапынан қамтамасыз ету;
3) коммуналдық инфрақұрылымды, бірінші кезекте, жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау жүйесін одан әрі жаңғыртуды қамтамасыз ету;
4) Нұрсұлтан, Алматы, және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін үш жыл ішінде кемінде бір мың жалдамалы пәтер іске қосу;
5) 650 мың отбасын немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету

Үкімет қаулысы

ИИДМ, ҰЭМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

87.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде рәсімдер мен ұсынылатын құжаттар тізбесін оңтайландыру және оңайлату жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИИДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы маусым

88.

Тазартудың ең жақсы қолжетімді технологияларын енгізу және шығарындыларды (төгінділерді) түбегейлі азайту, сондай-ақ пәрменді қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту бойынша, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды ынталандыруға бағытталған шараларды қамтитын озық халықаралық стандарттарға сәйкес Экологиялық кодекстің жобасын әзірлеу

Экологиялық кодекстің жобасы

ЭГТРМ, Қаржымині, ИИДМ, Әділетмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

89.

Құрамында хлоры бар және басқа да улы заттармен жұмыс істейтін барлық тазарту құрылыстарына, ЖЭО және коммуналдық қызметтерге кешенді тексеру жүргізу, сондай-ақ олардың стандартты емес технологиялық және табиғи жағдайларға дайындығын айқындау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭГТРМ, ИИДМ, ДСМ, АШМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

90.

Әрбір өңірде жұртшылықпен тығыз ынтымақтастықта уәкілетті органның олардың бірыңғай форматын бекітуімен экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы сәуір

3.7. Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан

91.

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және бекіту, ол мынадай шараларды қамтиды:
1) азаматтардың жайлы өмірі үшін жағдай жасау;
2) басқарылатын урбанизацияны дамыту және өңірлерді теңгерімді дамыту;
3) халыққа (оның ішінде моно - және шағын қалаларда) қоғамдық және әлеуметтік игіліктердің қолжетімділігін арттыру;
4) ауылдық инфрақұрылымды: жолдарды, коммуникацияларды, байланысты, Интернетті, әлеуметтік-мәдени және спорт объектілерін жаңғыртуды қоса алғанда, өмір сапасының өңірлік стандарттары негізінде "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды қамтамасыз ету;
5) өмір сапасының өңірлік стандарттарының жаңа жүйесін енгізу шеңберінде әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылда неғұрлым сұранысқа ие қоғамдық игіліктер мен қызметтерге "қадамдық қол жетімділік" қағидатын қамтамасыз ету;
6) халық пен бизнес үшін сабақтас, болжанатын және ашық қала құрылысы саясатын жүргізуді көздейтін қалаларды дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу

Үкімет қаулысы

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы қараша

92.

Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдерді жергілікті бюджеттерге беру

Заң

ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы желтоқсан

3.8. Құбылмалы әлемдегі Қазақстанның өрлеуі

93.

Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларын ілгерілету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, ақпан

94.

Шет мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты құрылымдар шеңберінде ұлттық мүдделерді қорғау және ілгерілету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, ақпан

95.

Шетелде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын, ақпан

3.9. Саяси жүйені трансформациялау

96.

Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен, азаматтық сектордың өкілдерімен консультациялар өткізуді және Кеңес туралы ережені, оның дербес құрамы мен жұмыс жоспарын әзірлеуді қоса алғанда, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

Жарлық

Президент Әкімшілігі

2019 жылғы тамыз

97.

2025 жылға дейін азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту

Үкімет қаулысы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

98.

Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуымен, қоғамдық пікірге сұрау салуды есепке алғанда, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесінің ашықтығының озық халықаралық стандарттарын енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы қаңтар

99.

Мемлекеттің әлеуетін нығайту жөніндегі сындарлы идеяларды генерациялауға қабілетті партияларды ынталандыру жөніндегі шараларды әзірлеуді қоса алғанда, көппартиялы жүйені жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, ОСК (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы қыркүйек

100.

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін жетілдіру

Заң жобасы

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

101.

Азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу және олардың іске асырылуын бақылау тетіктерін көздейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі дамыту жөнінде шаралар әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2020 жылғы тамыз

102.

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мүмкіндіктерін зерделеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰЭМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

103.

Оралмандарды қоғамға ықпалдастыру жөнінде, оның ішінде "оралмандар" ұғымын өзгеге (мысалы, "қандастар") ауыстыру бөлігінде шаралар қабылдау

Заң жобасы

Еңбекмині, БҒМ, ДСМ, АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

3.10. Өрлеудің қозғаушы күші – жастарға арқа сүйеу

104.

Нормативтік құқықтық база әзірлеу және "Президенттік кадр резервін" қалыптастыру

Жарлық жобасы

МҚІА, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы желтоқсан

105.

Кәсіпкерлік әлеуеті бар жастарды әлеуметтік желілер, интернет-БАҚ арқылы жас кәсіпкерлердің үздік тәжірибесін тарату жобасына қатысуға тарту жолымен "Жас кәсіпкер" жастар бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасын іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АҚДМ, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019-2025 жылдардағы желтоқсан

106.

Жұмыс берушілерді еңбек тәжірибесіз жастарды бірінші болып жұмысқа қабылдауға ынталандыру, жас мамандардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Еңбекмині, АҚДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша
 

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

– "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес
акционерлік қоғамы

АҚДМ

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Атамекен" ҰКП

– Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

"АХҚО" Әкімшілігі" АҚ

– "Астана" Халықаралық қаржы орталығы" Әкімшілігі" акционерлік қоғамы

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БҒМ

– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БП

– Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

"Даму" КДҚ" АҚ

– "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ДСМ

– Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖОО

– жоғары оқу орындары

ЖС

– Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖСК

– Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

"Зерде" ҰАХ" АҚ

– "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы

ИИДМ

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"ҚазАгро"ҰБХ" АҚ

– "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қаржыминінің ҚМК

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті

"ҚазМұнайГаз" АҚ

– "ҚазМұнайГаз" акционерлік қоғамы

"ҚДМ"АҚ

– "Қазақстан даму банкі" акционерлік қоғамы

ҚКА

– Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты

"ҚҚБ"АҚ

– "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы

ҚҚҚ

– Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

"ҚТЖ" ҰК"АҚ

– "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

ҚХА

– Қазақстан халқының Ассамблеясы

МКҚ

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

МҚІА

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МСМ

– Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ПӘ

– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

РАА

– Республикалық адвокаттар алқасы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

– "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СЖҚА

– Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

СИМ

– Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СІМ

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ҰБ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

– Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

ІІМ

– Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭГТРМ

– Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

– Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

"QazTechVentures"АҚ

– "QazTechVentures" акционерлік қоғамы

      Ескерту: Аяқталу нысаны "Жол картасы" деп көрсетілген іс-шараларды орындау шеңберінде осы мәселе бойынша ағымдағы жағдайды және қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет, бұл ретте бір немесе бірнеше аса маңызды көрсеткіштерді (мүмкіндігінше есептелетін және қайта тексерілетін) көрсете отырып, нақты қадамдық шараларды айқындау қажет; бұл ретте жол картасы осы іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге дейін ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілуі тиіс.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.