1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдум өткiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
25.03.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiруiнiң ең жоғары көрiнiсi - бүкiлхалықтық дауыс беру екенiне сүйенiп, Қазақстан халықтары ассамблеясының үндеуiн ескерiп әрi Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 78-бабын, "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 3-бабын басшылыққа ала отырып, қаулы етемiн:
      1. 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдум өткiзiлсiн.
      2. Республикалық референдумға мынадай сауал қойылсын:
      "Сiз 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкiл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың өкiлеттiгiнiң мерзiмiн 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейiн ұзартуға келiсесiз бе?".
      3. Тағайындалып отырған республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы кодекстiң Жалпы бөлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар "Республикалық референдум туралы" Жарлығы басшылыққа алынсын".
      4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзудi Орталық референдум комиссиясының функциясын атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      5. Облыстардың, Алматы қаласының, аудандардың, қаладағы аудандардың әкiмдерi осы Жарлық жарияланған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде аумақтық және учаскелiк референдум комиссияларының функциясы атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларын құрып, олардың құрамын белгiлесiн.
      Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қабылдаған

шешiмдер жөнiнде Орталық референдум комиссиясына дереу хабарлайтын
болсын.
     6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, облыстардың,
Алматы қаласының әкiмдерi тағайындалып отырған республикалық
референдумды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылай
қамтамасыз ету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды кiдiрiссiз
қолданатын болсын.
     7. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi
    
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.