Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Заң күші бар Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
13.06.1997
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабы негiзiнде, әкiмшiлiк, қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу заңдарын жетiлдiру және оларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен сәйкестендiру мақсатында қаулы етемiн:
      I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақ ССР Жоғарғы Советi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексте (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1984 ж, N 14, қосымша; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж, N 7, 192-құжат, N 16, 400-құжат; 1993 ж, N 20 468-құжат):
      52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

           "52-бап. Бөтеннiң мүлкiн ұсақтап ұрлау

      Бөтеннiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық, иемдену, жұмсап қою, қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен ұсақтап ұрлау, -
      ең төменгi жалақының он мәрте мөлшерiне дейiн айыппұл салуға әкелiп соғады.
      Ескерту. Егер ұрланған мүлiктiң құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi жалақының он мәрте мөлшерiнен аспайтын болса, бөтеннiң мүлкiн ұрлау ұсақ деп танылады".
      2. 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ ССР Заңымен бекiтiлген Қазақ ССР-iнiң Қылмыстық кодексiнде (Қазақ ССР Жоғарғы Советi мен Үкiметiнiң Ведомостары, 1959 ж., N 22-23, 177-құжат; Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1987 ж., N 6, 66-құжат, N 29, 356-құжат, N 35, 446-құжат; 1988 ж., N 22, 229-құжат, N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 127-құжат; N 45, 364-құжат; 1990 ж., N 44, 410-құжат, N 49, 461-құжат; 1991 ж, N 25, 318-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат, N 13-14, 323-құжат; 1993 ж., N 17, 402-құжат, 405-құжат, N 20, 469-құжат):
      1) 1-баптың бiрiншi бөлiгiнде "СССР қоғамдық құрылысын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын" деген сөздермен ауыстырылып, "социалистiк" сөзi алынып тасталсын;
      2) 7-1-баптың екiншi бөлiгiнде:
      "мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi көп мөлшерде немесе ерекше көп мөлшерде ұрлау (76-бап, төртiншi бөлiгi; 76-3-бап, үшiншi бөлiгi; 76-4-бап, үшiншi бөлiгi және 76-5-бап); қылмысты ауырлататын жағдайда тонау (76-1-бап, екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерi; 133-бап, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); шабуыл жасап тонау (76-2 және 134-баптар); қылмысты ауырлататын жағдайда қорқытып алу (76-7-бап, екiншi, үшiншi бөлiктерi; 135-бап, екiншi, үшiншi бөлiктерi);" деген сөздер "қылмысты ауырлататын жағдайда ұрлау (76-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайда тонау (76-1-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); шабуыл жасап тонау (76-2-бап); қылмысты ауырлататын жағдайдағы алаяқтық (76-3-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайда иемдену немесе жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы бөтеннiң мүлкiн ұрлау (76-4-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қорқытып алу (76-7-бап)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмысты ауырлататын жағдайда мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi немесе азаматтарының жеке мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (82-бап, екiншi бөлiгi және 141-бап, екiншi бөлiгi)" деген сөздер "бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (82-бап)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 23-баптың төртiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында:
      "қылмысты ауырлатпайтын жағдайларда мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi алаяқтықпен ұрлау (76-3-бап, бiрiншi бөлiгi); қылмысты ауырлатпайтын жағдайларда мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi меншiктеу немесе жұмсап қою жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен ұрлау (76-4-бап, бiрiншi бөлiгi); мемлекеттiк кооператив немесе қоғамдық мүлiктi қорқытып алу (76-7-бап, бiрiншi бөлiгi) деген сөздер "қылмысты ауырлатпайтын жағдайларда иемдену немесе жұмсап қою жолымен, не қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен бөтеннiң мүлкiн ұрлау (76-4-бап, бiрiншi бөлiгi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмысты ауырлатпайтын жағдайларда алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мемлекеттiк немесе қоғамдық мекемеге зиян келтiру (81-бап, бiрiншi және екiншi бөлiктер)" деген сөздер алынып тасталсын;
           4) 23-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi
              1-тармағында:
      "мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi ерекше көп мөлшерде ұрланғаны (76-5-бап)" деген сөздер "бөтеннiң мүлкiн ерекше көп мөлшерде ұрлағаны (76-бап, үшiншi бөлiгi; 76-1-бап, үшiншi бөлiгi; 76-2-бап; үшiншi бөлiгi; 76-3-бап, үшiншi бөлiгi; 76-4-бап, үшiншi бөлiгi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмысты ауырлататын жағдайларда мемлекеттiк, қоғамдық мүлiктi немесе азаматтардың жеке мүлкiн иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi бөлiгi және 134-бап екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздер "Қылмысты ауырлататын жағдайларда бөтеннiң мүлкiн иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, үшiншi бөлiгi және 135-бап, үшiншi бөлiгi)" деген сөздер "қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-тармағында:
      "қылмысты ауырлататын жағдайларда мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi ұрлағаны (76-бап, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi; 76-1-бап, екiншi үшiншi және төртiншi бөлiктерi; 76-3-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi; 76-4 бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi; 76-5-бап); мемлекеттiк, қоғамдық мүлiктi немесе азаматтардың жеке мүлкiн иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонағаны (76-2 және 134-баптар); қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi; 135-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздер "қылмысты ауырлататын жағдайларда ұрлағаны (76-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайларда тонағаны (76-1-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайлардағы алаяқтығы (76-3-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); иемдену немесе жұмсап қою яки қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен бөтеннiң мүлкiн ұрлағаны (76-4-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); шабуыл жасап тонау (76-2-бап), қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "қылмысты ауырлататын жағдайларда ұрлық, тонау немесе алаяқтық жасағаны (132-бап, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi, 133-бап, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi)" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "28-бап, Айыппұл
      Айыппұл дегенiмiз осы Кодексте белгiленген жағдайлар мен шектерде соттың салған ақшалай жазасы.
      Айыппұлдың мөлшерi жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай, сондай-ақ айыптының мүлiктi жағдайы ескерiлiп белгiленедi.
      Айыппұл Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төменгi жалақының екi мәртеден жүз метрге дейiнгi мөлшерi шегiнде тағайындалады.
      Қылмыстың жекелеген түрлерi үшiн заңда көзделген ерекше жағдайларда айыппұлдың одан жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн.
      Қосымша жаза ретiнде айыппұл тек заңда көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.
      Негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 25-бабында көрсетiлген ереженi сақтай отырып, сот төленбеген айыппұл сомасын ең төменгi адалақының үш мәрте мөлшерiне сәйкес келетiн айыппұл сомасы үшiн бiр ай есебiмен түзеу жұмыстары түрiндегi жазамен ауыстыруы мүмкiн.
      Айыппұлды бас бостандығынан ауырумен және бас бостандығынан айыруды айппұлмен ауыстыруға болмайды";

      6) 41-1-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "ерекше қауiптi мемлекеттiк қылмысы (50-59-баптар); бандитизм (63-бап); қылмыстық топты, яки қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастырғаны немесе оған басшылық еткенi және қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны (63-2-бап); иемдену немесе жұмсап қою яки қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ерекше көп мөлшерде ұрлағаны, тонағаны; алаяқтығы және талан-таражға салғаны (76-бап, үшiншi бөлiк; 76-1-бап, үшiншi бөлiгi; 76-3-бап, үшiншi бөлiгi; 76-4-бап, үшiншi бөлiгi) шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап); қорқытып алғаны (76-7-бап); қасақана кiсi өлтiргенi (88, 227-баптар, "в" тармағы); денеге қасақана ауыр жарақат түсiргенi (93-бап); бiр топ адамның зорлағаны немесе кәмелетке толмағанды зорлағаны немесе өте жас қызды зорлағанмен бiрдей ерекше ауыр зардаптар қалдырғаны (101-бап, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); iшкi iстер органдары қызметкерiнiң, халық жасақшысының, анықтама жүргiзушi адамның, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе халық заседателiнiң өмiрiне қол сұққаны үшiн (173-1-бап) сотталған адамдарға үкiмдi орындауды кейiнге қалдыруға болмайды";
      7) 46-баптың алтыншы бөлiгiнде "мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi ерекше көп мөлшерде ұрлағаны (76-5-бап) деген сөздер "бөтеннiң мүлкiн ерекше көп мөлшерде ұрлағаны (76-бап, үшiншi бөлiгi, 76-1-бап, үшiншi бөлiгi; 76-3-бап, үшiншi бөлiгi; 76-4-бап,үшiншi бөлiгi; 76-7-бап, үшiншi бөлiгi) деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 46-1-баптың үшiншi тармағында: "қылмысты ауырлататын жағдайларда мемлекеттiк, қоғамдық мүлiктi немесе азаматтардың жеке мүлкiн иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi бөлiгi; 134-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, үшiншi бөлiгi 135-бап, үшiншi бөлiгi); мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi ерекше көп мөлшерде шабуыл жасау жолымен ұрлағаны (76-5-бап)" деген сөздер "қылмысты ауырлататын жағдайларда шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 47-баптың алтыншы бөлiгiнiң екiншi тармағында: "қылмысты ауырлататын жағдайларда мемлекеттiк, қоғамдық мүлiктi немесе азаматтардың жеке мүлкiн иемдену мақсатымен шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi бөлiгi; 134-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi), қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7 бап, үшiншi бөлiгi; 135-бап, үшiншi бөлiгi) деген сөздер "қылмысты ауырлататын жағдайларда шабуыл жасап тонағаны (76-2-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi); қылмысты ауырлататын жағдайларда қорқытып алғаны (76-7-бап, екiншi және үшiншi бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 64-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту. а) көп мөлшерде жасалған контрабанда деп Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнен асатын сомада тауарларды немесе өзге де құндылықтарды мемлекеттiк немесе кедендiк шекара арқылы

заңсыз алып өтеудi түсiну керек.
     б) өте көп мөлшерде жасалған контрабанда деп Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi жалақының бес
жүз мәрте мөлшерiнен асатын сомада тауарларды немесе өзге де 
құндылықтарды мемлекеттiк немесе кедендiк шекара арқылы алып өтудi 
түсiну керек".
     11). II-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Меншiкке қарсы қылмыстар";
     12) 76, 76-1, 76-2, 76-3, 76-4, 76-7, 78, 79, 81, 82, 83, 84, 
85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
     "76-бап. Ұрлық
     Ұрлық яғни бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде ұрлау,-
     ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Тап сондай әрекеттер:
     а) бiр топ адам болып;
     б) қайталап;
     в) үй-жайға немесе қоймаға кiру арқылы;
     г) көп мөлшерде жасалған жағдайда,-


      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ерекше қауiптi рецидивист жасаған, немесе ерекше көп мөлшерде жасалған ұрлық,-
      мүлкi тәргiленiп, бес жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Бұл тарауда:
      а) бұрын 63 (бандитизм), 76 (ұрлық), 76-1 (тонау), 76-2 (шабуыл жасап тонау), 76-3 (алаяқтық), 76-4 (бөтеннiң мүлкiн иемдену немесе жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен ұрлау), 76-7 (қорқытып алу), 205-2 (радиоактивтi материалдарды ұрлау), 231-1 (есiрткi заттарды ұрлау), 203 (атыс қаруын, оқ-дәрi немесе жарылғыш заттарды ұрлау) баптарда көрсетiлген қылмыстардың бiреуiн жасаған адамның қылмысы қайталап iстелген қылмыс деп табылады;
      б) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнен асатын зиян көп мөлшердегi немесе iрi зиян болып табылады;
      в) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген

ең төменгi жалақының бес жүз мәрте мөлшерiнен асатын залал
ерекше көп мөлшердегi залал болып табылады;
     г) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең
төменгi жалақының бiр мың мәрте мөлшерiнен асатын залал
елеулi зиян болып табылады.
     76-1-бап. Тонау
     Тонау, яғни бөтеннiң мүлкiн ашықтан-ашық ұрлау,-
     мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Тап сондай әрекеттер:
     а) бiр топ адам болып;
     б) қайталап;
     в) үй-жайға немесе қоймаға кiру арқылы;
     г) көп мөлшерде жасалған жағдайда,-


      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей үш жылдан он жылға

дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ерекше қауiптi рецедивист жасаған немесе ерекше көп
мөлшерде жасалған тонау,-
     мүлкi тәргiленiп, алты жылдан он бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     76-2-бап. Шабуыл жасап тонау 

     Шабуыл жасап тонау, яғни шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне
немесе денсаулығына қауiптi күш жұмсаумен ұштастырып, немесе
сондай күш жұмсамақ болып қорқытып бөтеннiң мүлкiн иемдену
мақсатымен шабуыл жасау,-
     мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей үш жылдан он жылға
дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Тап сондай әрекеттер:
     а) қару қолданып;
     б) бiр топ адам болып;
     в) қайталап;
     г) үй-жайға немесе қоймаға кiру арқылы;
     д) көп мөлшерде жасалған жағдайларда,-
     мүлкi тәргiленiп алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Ерекше қауiптi рецидивистiң шабуыл жасап тонауы немесе
ерекше көп мөлшерде шабуыл жасап, тонау,-
     мүлкi тәргiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     76-3-бап. Алаяқтық


      Алаяқтық, яғни алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен бөтеннiң мүлкiн иемдену бөтеннiң мүлкiне құқықты сатып алу,-
      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей ең төменгi жалақының жүз мәрте дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, немесе мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына немесе мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Тап сондай әрекеттер:
      а) бiр топ адам болып;
      б) қайталап;
      в) көп мөлшерде жасалғанда,-
      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ерекше қауiптi рецидивист жасаған алаяқтық яки ерекше көп мөлшердегi алаяқтық,-
      мүлкi тәргiленiп, бес жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      76-4-бап. Бөтеннiң мүлкiн иемдену немесе талан-тараж
                ету не болмаса қызмет бабын пайдаланып қиянат
                         жасау жолымен ұрлау

      Өзiне сенiп тапсырылған немесе қарамағындағы бөтеннiң мүлкiн айыптының ұрлауы, сол сияқты лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен бөтеннiң мүлкiн ұрлауы,-
      мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей ең төменгi жалақының екi жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Тап сондай әрекеттер:
      а) бiр топ адам болып;
      б) қайталап;
      в) көп мөлшерде жасалғанда,-
      мүлкi тәргiленiп және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айырып немесе айырмай үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса не болмаса ерекше көп мөлшерде жасалса,-
      мүлкi тәргiленiп және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айырып алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      76-7-бап. Қорқытып алу

      Қорқытып алу, яғни меншiк иесiн немесе қарамағында, күзетуiнде бөтеннiң мүлкi бар адамды оның өзiне немесе оның жақын туыстарына күш жұмсаймын, оның өзiн немесе жақын адамдарын масқаралайтын мәлiметтердi жариялаймын немесе мүлкiн құртамын деп немесе

жәбiрленушiнiң мүлкiн беруге немесе мүлкiне құқығын беруге мәжбүр 
ететiн ахуал туғызу жолымен бөтеннiң мүлкiн немесе сол мүлiк 
жөнiндегi құқығын берудi талап ету,-
     мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей бес жылға дейiнгi   
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     Тап сондай әрекеттер:
     а) қару қолданылып;
     б) бiр топ адам болып;
     в) қайталап;
     г) көп мөлшерде;
     д) өмiрiне немесе денсаулығына қатер келтiру, күш қолдану
не болмаса мүлкiн бүлдiру немесе жою арқылы жасалса,-
     мүлкi тәргiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
     Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген тап
сол әрекеттер:
     а) кепiлге адам алып;
     б) ерекше қауiптi рецидивистпен;
     в) ерекше көп мөлшерде жасалғанда,-
     мүлкi тәргiленiп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     78-бап. Қылмысты жолмен табылғаны анық
             мүлiктi сатып алу немесе өткiзу

     Қылмысты жолмен табылғаны анық мүлiктi сатып алу немесе
өткiзу,-
     ең төменгi жалақының екi жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға немесе 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
     Тап сол әрекеттер:
     а) бiр топ адам болып;
     б) қайталап;
     в) көп мөлшерде жасалса,-
     мүлкi тәргiленiп немесе тәргiленбей бес жылға дейiнгi
мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
     
     79-бап. Бөтеннiң мүлкiн немесе жайылып кеткен
                       малды жасыру

     Iрi залал келтiрген тауып алған немесе айыптының қолына
кездейсоқ түскен бөтеннiң мүлкiн жасыру,-
     ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына
жазаланады.
     Iрi залал келтiрген жайылып кеткен малды жасыру,-
     ең төменгi жалақының екi жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу 
жұмыстарына жазаланады.
                                   
     81-бап. Салықты және басқа мiндеттi төлемдердi
                     төлеуден бас тарту

     Мемлекетке елеулi шығын келтiрген салық пен басқа мiндеттi
төлемдердi төлеуден қасақана жалтару,-
     мүлкi тәргiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

     82-бап. Бөтеннiң мүлкiн қасақана құрту немесе бұлдiру

     Өрт қою, салуға алдыру немесе басқа да жалпы қауiптi жолмен
бiрнеше дүркiн жасалған немесе кiсi өлiмiне ұшыратқан, iрi
залал келтiрген не болмаса басқа ауыр зардаптарға әкелiп соқтырған
бөтеннiң мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру,-
     үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.

     83-бап. Орман ағашын заңсыз кесу, жою немесе бүлдiру

     Iрi залал келтiрген ағаштарды немесе бұталарды заңсыз
кесу,-


      ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      Орманның жойылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соққан, iрi залал келтiрген немесе басқа да ауыр зардаптарға ұрындырған орманда отқа ұқыпсыз қарау, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу,-

     ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не
болмаса үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
     Орманның жойылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соққан не болмаса
iрi залал келтiрiлген немесе басқа да ауыр зардаптарға ұрындырған
орманға өрт қою,-
     бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
          
     84-бап. Егiстi немесе отырғызылған ағаштарды
                  қасақана таптау



      Меншiк иесiне iрi залал келтiрген егiстi қасақана таптау

немесе егiс қорғау үшiн отырғызылған ағаштарды қасақана бүлдiру,-
     ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мерзiмге түзеу 
жұмыстарына не болмаса үш жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады.
      
     85-бап. Бөтеннiң мүлкiн абайсыз жою немесе бүлдiру

     Аса iрi залал келтiрген бөтеннiң мүлкiн абайсызда жою
немесе бүлдiру,-
     ең төменгi жалақының жүз мәртеге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу 
жұмыстарына немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады;
  
     13) 76-5, 76-6, 77, 80, 81-1, 81-2, 8687-баптар алынып
тасталсын;

     14) 143-бап мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын;

     "Ескерту. Бұл тарауда:


      а) мемлекетке, қоғамдық бiрлестiктерге немесе азаматтарға залал келтiрген елеулi зиян Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнен асатын зиян болып табылады; сондай-ақ адамның конституциялық құқығын бұзу да елеулi зиян болып табылады.
      б) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең

төменгi жалақыдан жүз мәрте асатын параның мөлшерi iрi болып
табылады.
     в) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең
төменгi жалақыдан бес жүз мәрте асатын параның мөлшерi аса iрi
болып табылады".
       
     15) 165-бапқа ескерту мынадай редакцияда берiлсiн:
     "Iрi мөлшерде табыс табу және iрi залал келтiру деп
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi
жалақының жүз мәрте мөлшерiнен асатын табыс табуды және залал
келтiрудi түсiну керек";
     
     16) 165-3-бап мынадай мазмұндағы ескертумен
                         толықтырылсын:
     "Ескерту:"Аса көп мөлшерде сыйақы алғаны үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi
жалақының жүз мәрте мөлшерiнен асқан жағдайда туындайды";
     
     17) "Азаматтардың жеке меншiгiне қарсы жасалған
          қылмыстар" атты V-тарау алынып тасталсын;

     18) VI, VII, VIII, IХ, Х, ХI, ХII тараулар V, VI, VII, VIII, IХ, 
Х, ХI тараулар болып саналсын.

     19) 195-бапта:
     бiрiншi бөлiгiнде :


      "76-5-(мемлекет немесе қоғам мүлкiн аса iрi мөлшерде ұрлау), 76, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен және 132 екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайлардағы ұрлық), 76-1 екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен және 133 екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайларда тонау), 76-2 және 134 (қарақшылық), 76-3 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен және 136 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайлардағы алаяқтық),"76-4 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда мемлекет немесе қоғам мүлкiн иемдену немесе талан-тараж ету жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау)" сөздерi "76 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайлардағы ұрлық), 76-1 екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайларда тонау), 76-2 (қарақшылық)," 76-3 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайлардағы алаяқтық), 76-4 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда иемдену немесе талан-тараж ету жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау), 76-7 (қорқытып алу)" сөздерiмен алмастырылсын;
      екiншi бөлiгiнде:
      "76 бiрiншi бөлiгiмен және 132 бiрiншi бөлiгiмен (ұрлық), 76-1 бiрiншi бөлiгiмен және 133 бiрiншi бөлiгiмен (тонау), 76-3 бiрiншi бөлiгiмен және 136 бiрiншi және екiншi бөлiгiмен (алаяқтық), 76-4 бiрiншi бөлiгiмен (мемлекет немесе қоғам мүлкiн иемдену немесе талан-тараж ету жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау)" сөздерi "76 бiрiншi бөлiгiмен (ұрлық), 76-1 бiрiншi бөлiгiмен (тонау), 76-3 бiрiншi бөлiгiмен (алаяқтық), 76-4 бiрiншi бөлiгiмен (бөтеннiң мүлкiн иемдену немесе талан-тараж ету жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау), 76-7 (қорқытып алу)" сөздерiмен алмастырылсын;
      20) 196-бапта:
      "76-5 (мемлекет немесе қоғам мүлкiн аса iрi мөлшерде ұрлау), 76 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен және 132 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайлардағы ұрлық), 76-1 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен және 133 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда тонау), 76-2 және 134 (қарақшылық), 76-3 үшiншi бөлiгiмен және 136 үшiншi және төртiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайдағы алаяқтық), 76-4 үшiншi бөлiгiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда мемлекет немесе қоғам мүлкiн иемдену немесе талан-тараж ету жолымен не болмаса қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау),"сөздерi "76-екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда ұрлық), 76-1 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда тонау), 76-2 (қарақшылық), 76-3 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайдағы алаяқтық), 76-4 екiншi және үшiншi бөлiктерiмен (қылмысты ауырлататын жағдайда иемдену немесе талан-тараж ету жолымен немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау арқылы ұрлау), 76-7 (қорқытып алу)" сөздерiмен алмастырылсын.
      3. Қазақ ССР-iнiң 1959 жылғы 22 шiлдедегi Заңымен бекiтiлген Қазақ ССР-iнiң Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi мен Үкiметiнiң ведомостары, 1959 ж., N 22-23, 178-құжат; Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1985 ж., N 19, 193-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; 1987 ж., N 45, 542-құжат; 1989 ж., N 16, 127-құжат; 1990 ж., N 44, 410-құжат; 1991 ж., N 28, 372-құжат, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 15, 380-құжат; 1993 ж., N 17, 404-құжат, 424-құжат):
      1) 70-баптың екiншi бөлiгiнде:
      "76-4 III б., 76-5, 76-7 II және III б., 82 II б." сандары "76-4 II және III б., 76-7 II және III б., 82" сандарымен алмастырылсын;
      "132 II, III және IV б., 133 II, III және IV б., 134, 136 III және IV б.," сандары алынып тасталсын.
      2) 116-баптың бiрiншi бөлiгiнен "136 I б., 139 III б." сандары алынып тасталсын;
      3) 120-бапта:
      төртiншi бөлiгiнде "132 II, III және IV б., 133 II, III және IV б., 133-1 134, 135, 136 II, III және IV б., 141" сандары алынып тасталсын;
      бесiншi бөлiгiнде "76-4 III б, 76-5"сандары" "76 III б., 76-1 III б., 76-2 III б., 76-3 III б., 76-4 III б. 76-7 III б." сандарымен алмастырылсын;
      4) 196-бапта: "73,74" сандары "73 II б, 74 II б. сандарымен алмастырылсын, ал "76-5" сандары алынып тасталсын;
      5) 347-1, 352-2-баптары алынып тасталсын;
      6) 354-1-бапта:
      баптың атауынан "еңбекке мiндеттi түрде қатыстыра отырып бас бостандығынан айыруға шартты соттауды" сөздерi алынып тасталсын.
      бiрiншi бөлiгiнде "еңбекке мiндеттi түрде қатыстыра отырып бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттауды Қазақ ССР-iнiң Қылмыстық кодексiнiң 23-2- бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға" сөздерi алынып тасталсын.
      7) 388-баптан "77", "81-1 I б, 81-2", "86", "132 I б., 133 I б., 137,138,139 I б., 142", "200 I б." сандары алынып тасталсын.
      4. Қазақ ССР Қылмыстық кодексiнiң 64, 76, 76-1, 76-2, 76-3, 76-4, 76-5, 76-6, 77,78,146, 165-3 баптарын қолданудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1993 ж., N 17, 405-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      II. Қазақ ССР Қылмыстық кодексiне тұрақты сомаларда

көзделген айыппұлдарды қайта есептеудiң мынадай тәртiбi
бекiтiлсiн:
     егер айыппұлдың жоғарғы шегi:
     екi жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне
тең деп есептелсiн;
<*>

     үш жүз сомнан аспаса, ол он айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     төрт жүз сомнан аспаса, ол он үш айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     бес жүз сомнан аспаса, ол он төрт айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     сегiз жүз сомнан аспаса, ол он бес айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     бiр мың сомнан аспаса, ол он алты айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     екi мың сомнан аспаса, ол он жетi айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     үш мың сомнан аспаса, ол он сегiз айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     бес мың сомнан аспаса, ол жиырма бес айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     он мың сомнан аспаса ол отыз айлық есептi көрсеткiштiң мөлшерiне
тең деп есептелсiн;
<*>

     он бес мың сомнан аспаса, ол қырық айлық есептi көрсеткiштiң 
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     жиырма мың сомнан аспаса, ол қырық бес айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн;
<*>

     жиырма бес мың сомнан аспаса, ол елу айлық есептi көрсеткiштiң
мөлшерiне тең деп есептелсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. II-бөлiмдегi сөздер ескертiлдi - Қазақстан Республикасының
              1997.06.13. N 124 заңымен.  

Z970124_

 

     III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.