1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
07.08.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Елдiң мемлекеттiк өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн тiкелей шешу жөнiндегi халықтың құқығын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабын, "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын басшылыққа ала отырып, қаулы етемiн:

      1. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткiзiлсiн.

      2. Республикалық референдумға: - Сiз, жобасы 1995 жылдың бiрiншi тамызында баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? - деп тұжырымдалған сауал қойылып, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа сөздерiмен толықтырылды -              Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.08.07. N 2398 Жарлығымен.

      3. Конституцияның жобасы оны бүкiлхалықтық талқылауды ескере отырып толықтырылып, өзгертiлген күйiнде бұқаралық ақпарат құралдарында 1995 жылғы 1 тамызда ресми түрде жариялансын. Сонымен бiрге Конституцияның жобасы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолдансын.

      4. Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде республикалық референдум туралы қазiр қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары басшылыққа алынсын.

      5. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу референдумның Орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

      6. Облыстардың, Алматы қаласының, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың әкiмдерi осы Жарлық жарияланған соң жетi күн мерзiм iшiнде референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларын құрып, олардың құрамын белгiлесiн.
      Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қабылданған шешiмдер туралы референдумның Орталық комиссиясына дереу хабарлайтын болсын.

      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, облыстардың, Алматы қаласының, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың әкiмдерi республикалық референдумды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болсын.

      8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.