Қазақстан Республикасының астанасы туралы

Актінің түрі
Жарлық
Заң күші бар Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
15.09.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      Қазақстан Республикасының Конституциясы 2-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және "Қазақстан Республикасының астанасын көшiру туралы" 1994 жылғы 6 шiлдедегi Республика Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Былай деп белгiленсiн:

      Республиканың Парламентi мен Үкiметi Ақмола қаласына көшiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласы болып табылады;

      Республиканың Президентi Резиденциясының тұратын жерi Ақмола және Алматы қалалары болып табылады.

      2. Жоғары және мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комиссиясы құрылсын, оған бұл мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру құқығы берiлсiн.

      3. Республика Үкiметi:

      Ақмола қаласын абаттандыру жөнiндегi бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорын тағайындасын.

      Ақмола қаласының құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға қатысушы инвесторларға салық, кеден және өзге де жеңiлдiктер беру жөнiндегi ұсыныстарды дайындап, Республика Президентiнiң қарауына енгiзсiн;

      осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде өзге де қажеттi шараларды қолдансын.

      4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.