ЗАҢ КҮШI БАР "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Заң күші бар Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
19.12.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      I. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 5-баптағы "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, республика Министрлер Кабинетi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi" сөздерiмен алмастырылсын.

      2. 7-баптағы "Министрлер Кабинетiнiң" сөздерi "Үкiметiнiң" сөзiмен алмастырылсын.

      3. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi

      Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:

      1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;

      2) республикалық маңызы бар облыстар мен қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;

      3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;

      4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту мәселелерiн шешедi".

      4. 10-баптағы "Жоғарғы Кеңесiне" сөздерi "Президентiне", "Министрлер Кабинетiнiң", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетi" сөздерi тиiсiнше "Үкiметiнiң", "Үкiметi", "Үкiметi" сөздерiмен алмастырылсын.

      5. 11-баптағы "Министрлер Кабинетiне", "Министрлер Кабинетiмен", "Министрлер Кабинетi" сөздерi тиiсiнше "Үкiметiне", "Үкiметiмен", "Үкiметi" сөздерiмен алмастырылсын.

      6. 13-баптағы "Министрлер Кабинетiне" сөздерi "Үкiметiне" сөзiмен алмастырылсын.

      7. 14-баптағы "поселкелiк, селолық әкiмнiң", "Поселкелiк, селолық әкiм" сөздерi "поселке, село әкiмiнiң", "Поселке, село әкiмi" сөздерiмен алмастырылсын.

      8. 15-бапта:

      1) тармақшадағы "Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы" сөздерi "Президентiнiң шешiмi" сөздерiмен алмастырылсын;

      2) тармақшадағы "Министрлер Кабинетiнiң" сөздерi "Үкiметiнiң" сөзiмен алмастырылсын;

      3) тармақшадағы "поселкелiк, селолық әкiмдердiң" сөздерi "поселкелер, селолар әкiмдерiнiң" сөздерiмен алмастырылсын;

      4) тармақшадағы "Министрлер Кабинетiнiң" сөздерi "Үкiметтiң" сөзiмен алмастырылсын.

      II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.