Заң күшi бар "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Заң күші бар Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
23.12.1995
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес Қаулы Етемiн:
      I. "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 2-баптың 2-тармағының үшiншi абзацы алынып тасталсын.
      2) 3-бапта:
      бiрiншi және екiншi бөлiктер 1 және 2-тармақтар болып саналсын;
      бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыруға мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру немесе оның алғашқы кезеңдерi туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiк кiрмейдi.
      Мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру туралы (оның алғашқы кезеңi) шешiм қабылданған күннен бастап кәсiпорынды иелену жөнiндегi мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясы осындай шешiм қабылдауға уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органға көшедi".
      II. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.