Заң күшi бар Қазақстан Республикасының бiлiм беру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Заң күші бар Жарлық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
27.01.1996
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Бiлiм беру туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 110-құжат; 1993 ж., N 8, 154-құжат; 1995 ж., N 15-16, 104-құжат, N 20, 120-құжат);
      1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарттары
      Қазақстан Республикасында меншiк нысандарына қарамастан, түрлi үлгiдегi бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерiне қойылатын талаптардың қажеттi ең төменгi деңгейiн анықтайтын бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарттары белгiленедi. Бiлiм берудiң жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайды";
      2) 5-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiлiм беру мекемелерi меншiк нысандарына қарай мемлекеттiк және жеке меншiк болуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiлiм берудiң мемлекеттiк емес құрылымдарын құруды қолдайды";
      3) 6-бапта:
      екiншi бөлiгi "қазақ тiлiн" сөздерiнен кейiн "мемлекеттiк тiл ретiнде" сөздерiмен толықтырылсын;
      бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiлiм беру мекемелерi қазақ тiлiмен бiрдей ресми түрде қолданылатын орыс тiлiн еркiн оқып-үйрену мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi";
      4) 7-бапта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк арнаулы орта және жоғары оқу орындарын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi; мемлекеттiк мектепке дейiнгi, мектептен тыс, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мекемелерiн, сондай-ақ мамандар бiлiктiлiгiн көтеру мен кадрларды қайта даярлау мекемелерiн - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi жүзеге асырады";
      екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      5) 12-баптың төртiншi бөлiгiнде:
      "Мектеп жасына дейiнгi тәрбие беру мен оқыту туралы Қазақстан Республикасы Заңымен" сөздерi "Қазақстан Республикасы Үкiметiмен" сөздерiмен алмастырылсын.
      6) 13-бапта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орта бiлiм жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандарттар шегiнде мiндеттi әрi тегiн болып табылады және жалпы бiлiм беретiн мектептiң үш сатысында: бастауыш, негiзгi және жоғары сатыларында жүзеге асырылады. Көрсетiлген сатылардың әрқайсысы өз алдына дербес жұмыс iстей алады";
      үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрiншi, екiншi және үшiншi сатыдағы жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мұғалiмдерi үшiн нормативтiк оқу жүктемесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды";
      төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң қызмет тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi";
      7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру
      "Бастауыш кәсiптiк бiлiм кәсiптiк-техникалық бiлiм беру мектептерiнде берiледi және жалпы орта бiлiммен ұштастырылады. Кәсiптiк-техникалық мектептер жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң оқу орындары болып табылады".
      Кәсiптiк-техникалық бiлiм берудi сол сияқты тiкелей өндiрiсте, курстарда, оқу-курс комбинаттарында, оқу орталықтарында және жұмысшылар даярлаудың басқа да нысандарында жүзеге асырылуы мүмкiн".
      8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16-бап. Арнаулы орта бiлiм беру
      Арнаулы орта бiлiм беру толық орта бiлiм беру базасында жүзеге асырылады және орта буын мамандарын кәсiптiк жағынан даярлауды, сондай-ақ кадрлардың бiлiктiлiгiн көтерудi және қайта даярлауды көздейдi. Арнаулы орта оқу орындары (колледждер) жоғары бiлiм беру жүйесiнде жұмыс iстейдi.
      Арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары үшiн нормативтiк оқу жүктемесi аптасына 14 сағат болады";
      9) 17-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк жоғары оқу орындарына дербес жоғары оқу орындарының мәртебесi берiлуi мүмкiн. Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының дербестiгi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi";
      10) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Бiлiм беру туралы құжаттар
      Лицензиясы бар бiлiм беру мекемелерiн не олардың жекелеген сатыларын бiтiрген, лицензия алған және мемлекеттiк аттестациядан өткен адамдарға Қазақстан Республикасында белгiленген үлгi бойынша бiлiм алғандығын куәландыратын құжат берiледi. Бiлiм беру мекемелерiн бiтiргенi туралы құжаттар (аттестаттар, дипломдар және басқалар) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша берiледi, ал оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тану (нострификациялау) - тиiстi халықаралық шарттар негiзiнде жүргiзiледi";
      11) 26-баптың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- балалардың орта бiлiм алғанға дейiн оқу орнында сабаққа қатысуын қамтамасыз ету";
      12) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "33-бап. Қазақстан Республикасының Парламентi мен
               Үкiметiнiң бiлiм беру саласындағы құзыретi
      Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi бiлiм беру саласындағы өз өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдарына сәйкес жүргiзедi";
      13) 34-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "- Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      - ведомстволық қарастылығына және меншiк нысанына қарамастан, кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын жоғары және арнаулы орта оқу орындарын лицензиялау, аттестациялау және аккредитациялау үшiн нормативтер мен үлгi ережелер (нұсқаулықтар, регламенттер) әзiрлеу және бекiту;
      - жалпы бiлiм беретiн мекемелерде оқу жылының басталуы мен аяқталуын, сондай-ақ оқушылар каникулының мерзiмiн белгiлеу;
      - облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бiлiм басқармаларының (департаменттердiң) басшыларын қызметке тағайындау және оларды қызметiнен босатуды келiсу";
      14) 35-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бесiншi абзацындағы "негiзгi" сөзi "орта" сөзiмен алмастырылсын.
      15) 37-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бағыныстағы мемлекеттiк жоғары және арнаулы орта оқу орындарының (әскери, дербес және халықаралық оқу орындарынан басқа) басшыларын Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi тиiстi орталық атқарушы органдармен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiмен келiсе отырып, бес жыл мерзiмге немесе контракт бойынша тағайындайды";
      16) 38-бап:
      мынадай мазмұндағы жаңа алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiлiм беру мекемелерiне түскен қайырымдылық құрмалдықтары мен iзгiлiк көмек алып қоюға жатпайды".
      алтыншы, жетiншi, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктер тиiсiнше жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы бөлiктер болып саналсын;
      17) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "40-бап. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiндегi ақылы бiлiм
               беру қызметтерi
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуге хақылы. Оларға мыналар жатады:
      - заңды және жеке тұлғалармен шарт жасасу арқылы шәкiрттердi оқыту, мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру;
      - бiлiм берудiң қосымша бағдарламалары бойынша оқыту, арнаулы курстар мен пәндер циклын оқыту, репетиторлық жұмыс, пәндердi тиiстi бiлiм беру бағдарламалары мен мемлекеттiк бiлiм стандарттары ауқымынан тыс тереңдете оқитын шәкiрттермен сабақ жүргiзу.
      Ақылы бiлiм беру қызметi бюджет қорынан қаржыландырылатын негiзгi бiлiм беру қызметiнiң орнына және оның ауқымында жүргiзiлмейдi.
      Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсету тәртiбiн Бiлiм министрлiгi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындайды".
      2. "Жоғары бiлiм беру туралы" 1993 жылғы 10 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 206-құжат):
      1) 10-баптың екiншi бөлiгiндегi "ұлтаралық қатынас" сөздерi "ресми түрде қолданылатын тiл" сөздерiмен алмастырылсын;
      2) 13-баптың үшiншi бөлiгiндегi "тегiн" сөзi "ақылы" сөзiмен алмастырылсын.
      3) 23-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "атқаратын қызметiне" сөздерiнен кейiн

"жоғары оқу орнының санатына" сөздерiмен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын"
     "Жоғары оқу орнына санат беру туралы ереженi Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi";
     4) 26-бапта:
     төртiншi бөлiгiндегi "аттестатталған немесе" сөздерi алынып
тасталсын;
     бесiншi бөлiгi алынып тасталсын;
     5) 29-баптың екiншi бабының төртiншi абзацы "банк кредиттерi"
сөздерiнен кейiн "депозиттiк салымдардан, бағалы қағаздардан түсетiн
кiрiстер" сөздерiмен толықтырылсын;
     6) 30-баптың үшiншi бөлiгi алынып тасталсын.
     II. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
      
      


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.