Күшін жойған

Алматы қаласының аумағында көшi-қон барысын реттеу жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы

Актінің түрі
Шешім
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
18.11.2005
Актіні қабылдаған орган
Алматы қаласының мәслихаты

      Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы"  Заңының  3 бабының 8-шi тармағына сәйкес, Алматы қаласының аумағында шетел азаматтарының коммерциялық қызмет жағдайларын реттеу мақсатында, II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты  шешім қабылдады
      1. Алматы қаласының аумағында коммерциялық қызмет iстеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу берiлген Тәртiбi бекiтiлсiн. 
      2. Алматы қаласының әкiмiне белгiлi мерзiмде осы шешiмнiң жүзеге асуының барлық керектi шараларды қолдану жөнiнде ұсыныс берiлсiн. 
      3. II-шi сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XIII сессиясының 2001 жылы 31 қазандағы "Алматы қаласының аумағында көшi-қон барысын реттеу жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" шешiмi өз күшiн жойды деп есептелсiн. 
      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау заңдылық, құқылық тәртiбi және жергiлiктi өзiн-өзi басқару жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Е.М.Мұқыжанов) және Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.Бүкеновке жүктеледi. 

       II-шi сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының XIII сессиясының
      төрағасы

      II-шi сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы  

 
II-шi сайланған        
 Алматы қалалық Мәслихатының  
XIII сессиясының       
2001 жылғы 05 желтоқсандағы   
шешiмiне қосымша       

 
Алматы қаласының аумағында коммерциялық
қызмет iстеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу
Тәртiбi

 
1. Жалпы қағида

 
      1.1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және Алматы қаласында шетел азаматтарының коммерциялық қызмет жасауына байланысты мәселелердi реттеуге бағытталған. 
      1.2. Осы Тәртiппен Алматы қаласының аумағында коммерциялық қызмет iстеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу тәртiбi белгiленген. Мiндеттi есепке тұру, Қазақстан Республикасынан шет аумақтағы жұмыс берушiлер жалдаған, жұмыс iстеу құқығын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi берген рұқсат бойынша еңбектенiп жүрген шетел азаматтарына таратылмайды. 
      1.3. Осы Тәртiптiң мәтiнiнде қолданылған түсiнiктер келесi ұғымды бiлдiредi: 
      шетел азаматтары - Алматы қаласына заңды тұлға ашуға болмаса жеке коммерциялық қызмет iстеуге келген ТМД елдерiнiң және алыс шетел азаматтары; 
      өкiлеттi орган - Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң қаулысымен анықталған, есепке алуды жүзеге асырушы, орган; 
      есептi тiркеу - шетел азаматтарын есепке алу рәсiмi, соның қорытындысында Алматы қаласының аумағында коммерциялық қызмет iстеп жүрген шетел азаматтарын есепке алу құқығын растайтын, осы Тәртiпке сәйкес рұқсат құжаты. 

 
2. Есепке алу тәртiбi

   
      2.1. Халықаралық шарттармен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен басқа тәртiптер белгiленген шетел азаматтарына есептi тiркеуден өту талабы қойылмайды. 
      2.2. Есептi тiркеуден өту үшiн шетел азаматтары тапсыратын растау нұсқасы мен керектi құжаттардың тiзiмiн өкiлеттi орган белгiлейдi. 
      2.3. Өкiлеттi орган түгелдей құжаттарын тапсырғаннан кейiн 15 күннiң iшiнде есепке алу туралы, немесе бас тартуы жөнiнде шешiм қабылдайды. 
      2.4 Шетел азаматтары есепке алынады тек, осы Тәртiптiң 3 тармағындағы талаптар орындалған жағдайда. 
      2.5. Шетел азаматтарын есепке алу Алматы қаласының әкiмi белгiлеген шегiнде, тұрғындарының жұмыстылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылады. 
      2.6. Шетел азаматтары басқа шетел азаматтарын жұмысқа тартуы белгiленген заң тәртiбi бойынша жүзеге асырылады. 

 
3. Шетел азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi

 
      3.1. Шетел азаматтарының келесi құқықтары бар: 
      белгiленген мерзiм iшiнде қайта тiркеуден өткенше шетел азаматтарының Алматы қаласы аумағында коммерциялық қызмет атқаруға; 
      Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген барлық қызмет түрлерiмен айналысуға; 
      қолданылып жүрген заңдар талабына сәйкес алынған қажеттi құқық құжаттары болған кезде Алматы қаласында тұруға; 
      Қазақстан Республикасы азаматтарын және басқа шетел азаматтарын белгiленген тәртiп бойынша жалдауға. 
      3.2. Шетел азаматтары мiндеттi: 
      уақытылы, белгiленген тәртiп бойынша, қажеттi рұқсат құжаттарын алуға; 
      Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да құқылы нормативтi актiлерiн сақтауға. 
      3.3. Есеп тiркеуiнен өтпес бұрын шетел азаматтары коммерциямен айналысу үшiн мекен-жайды қолдануы туралы (сауда орындары, контейнерлер) құжаттары болуы тиiс.
      3.4. Есептi тiркеуден өткеннен кейiн шетел азаматтары мiндеттi:
      есептi тiркеуге тұрар кезде алған, жаңа жұмыс орнын ашу жөнiндегi мiндеттеменi орындауға;
      мекен жайын ауыстырғанда болмаса коммерциялық қызмет атқарса 15 күннiң iшiнде өкiлеттi органға хабарлауға;
      жыл сайын белгiленген тәртiп бойынша есептi тiркеуден өтуге.

 

4. Рұқсат беруден бас тарту

     

      4.1. Есепке алудан бас тартуын, өкiлеттi орган жазбаша түрде бас тарту себептерiн көрсетiп, белгiленген есепке алу тәртiптерiнiң келесi негiздерi бойынша жүргiзедi:
      жұмыс орнын ашу жөнiндегi мiндеттеменi орындамаса;
      жалған ақпарат пен құжаттар тапсырылған болса;
      Алматы қаласы әкiмi бекiткен шек асып кетсе;
      осы Тәртiптiң 3 тармағындағы бекiтiлген қандай да бiр мiндеттемесiн орындамаса.
      4.2. Есепке алудан бас тартқаннан кейiн және басқа да iс әрекеттер, сол есепке алуға байланысты мәселелер бойынша белгiленген заң тәртiбiнде сотқа шағымдануына. 

 
5. Есеп және бақылау  

 
      5.1. Берiлген есепке алу жөнiндегi құжаттарға есептi өкiлеттi орган жасайды. Барлық берiлген есепке алулар арнаулы журналда шетел азаматының аты, жөнi, тегi, азаматтығы, уақытша тұрған мекен-жайы, байланыс телефоны, есепке алынған күнi мен мезгiл шегi көрсетiлiп тiркеледi. Журналда өкiлеттi органның қалауы бойынша тағы басқа рұқсаттың берiлуi туралы мәлiметтер жазылуы мүмкiн. 
      5.2. Есепке алынған шетел азаматтарының қолданылып жүрген заңдарды бұзбауын бақылауды құзыретi бар өкiлеттi орган жүргiзедi. 

 
6. Есептi тiркеудi тоқтату және жою

 
      6.1. Шетел азаматтарына осы Тәртiптi бұзғаны үшiн өкiлеттi орган оларға келесi шараларды қолдануға құқылы: 
      құжаттарын тиiстi мемлекет органдарына шара қолдануы үшiн тапсыруға; 
      жiберiлген қателiктер түзетiлгенше оның себептерiн көрсетiп есептi тiркеуге алуды тоқтата тұруға; 
      мiндеттi түрде заң бұзушыға жазбаша түрде хабар берiп есептi тiркеудi жоюға. Есептi тiркеудiң жойылғаны жөнiнде аумақтық iшкi iстер басқармасына және салық қызметтерiне хабар берiледi.
      6.2. Жойылған есептi тiркеу, басқа мемлекеттiк органдардың құзыретi бойынша лайықты қолданылатын шараға негiздеме болып есептеледi.
      6.3. Есептi тiркеуге байланысты жойылған және тоқтатылған немесе басқа iс қимылдарға шетел азаматы бекiтiлген заң тәртiбi бойынша шағымдануына болады.

      

       II-шi сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының XIII сессиясының
      төрағасы

      

      II-шi сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

      

      

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.