Күшін жойған

Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 тамыздағы N 3-1-1510қ "Тұтыну есебiн және электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер төлемдерiн реттеу туралы" қаулысына өзгерiс және толықтыру енгiзу туралы (Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылдың 19 тамызында N 220 болып тiркелдi, 05.09.2002 жылғы N 117 (1122) "Астана ақшамы" және 27.08.2002 жылғы N 100 (1162) "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған)

Актінің түрі
Нормалар (Нормативтер)
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
06.02.2012
Актіні қабылдаған орган
Астана қаласының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.02.2012 N 06-178 қаулысымен (қаулының мемлекеттік тілдегі мәтіні РҚАО-ға  түспеген).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 297 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 400  қаулысына өзгерiс енгiзу туралы қаулысын орындау, тұрғындардың коммуналдық қызметтердi тұтыну және төлеу есебiн одан әрi реттеу мақсатында Астана қаласының әкiмдiгi қаулы етеді:

      1. Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 12 тамыздағы N 3-1- 1510қ "Тұтыну есебiн және электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер төлемдерiн реттеу туралы" қаулысына (Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2002 жылдың 19 тамызында
N 220 болып тiркелдi, 05.09.2002 жылғы N 117 (1122) "Астана ақшамы" және 27.08.2002 жылғы N 100 (1162) "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) мынадай өзгерiс және толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы:
      бiрiншi азат жол "Астана Су Арнасы" МКК" сөздерiнен кейiн "ұсынылсын:" сөзiмен толықтырылсын;
      алтыншы азат жол мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "есептеу айындағы сыртқы ауаның нақты температурасына түзетiлген осы қаулының Қосымшасына сәйкес Астана қаласының тұрғын қорын жылытуға арналған тұтыну нормасынан жылу энергиясы бойынша, 2.04.01-85 (ғимараттың iшкi су құбыры және кәрiз), 2.04.02-84 құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНмЕ) сәйкес қабылданған нормалардан су бойынша".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.С Есіловке жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

      Визалар:

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының Табиғи
      монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
      қорғау жөніндегi агенттігі Астана қаласы
      бойынша департаментінің директоры

      "Казахэнергоэкспертиза" ЖАҚ
      Орталық филиалының директоры

      "Астанаэнергосервис" ААҚ
      басқармасының төрағасы

      "Астана Су Арнасы" МКК
      Бас директоры

      "Тұрмыс" МКК директоры

      "Нысана" ЖШС директоры

      "Бәйтерек" Астана қаласы ғимараттар
      (пәтерлері) кооперативтері иелері
      Қауымдастығы кеңесінің төрағасы

      ПИК аудандық
      қауымдастығының төрағасы

Астана қаласы әкімінің
2003 жылғы 15 қазандағы
N 3-1-2059қ қаулысына
қосымша       

Астана қаласы тұрғын үй қорын жылытуға арналған жылу энергиясы шығынының
НОРМАСЫ

---------------------------------------------------------
Көрсет.   Өлшем                  Айлар
кіштер    бірлігі  ---------------------------------------------------------
                      Қаңтар    Ақпан    Наурыз   Сәуір
                      Тн.в.=    Тн.в.=   Тн.в.=   Тн.в.
                      -16,8 о С   -16,5 о С  -10,1 о С   +3 о С
---------------------------------------------------------
Тұрған үй  1 кал/м 2    0,0464     0,0429   0,0378   0,0205
қорының
тұрғын және
көмекші
орын-жай.
ларына
арналған
норма
---------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы
-------------------------------------------
Қазан    Қараша   Желтоқсан   Жылыту
= Тн.в.  = Тн.в.  =  Тн.в.=   маусымына
+2,6 о С   -7,0 о С    -14,0 о С     орташа
                              Тн.в.= -8,1 о С
-------------------------------------------
0,0217   0,0329    0,0428     0,0350 -------------------------------------------

      Жылытуға арналған жылу энергиясы шығындарының нормасы МСН2.04-01-98 "Құрылыс климатологиясы бойынша" сыртқы ауа температурасын түзетумен бірге айлар бойынша есептелген.
      Сәуір және қазан айларында жылытуға арналған жылу энергиясының нормасы жылыту жүйесі жұмысының нақты сағатына түзетіледі.

      Астана қаласы Әкімі аппараты энергетикалық
      кешен және коммуналдық шаруашылық бөлімінің
      меңгерушісі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.