Күшін жойған

Мүлікті есептен шығарудың тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы.

Актінің түрі
Нұсқаулық
Қаулы
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
06.09.2011
Актіні қабылдаған орган
Ақтөбе облысының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011.09.06 № 279 Қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ақтөбе облысында мемлекеттік коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекiтiлсiн.
       2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ (С.Еңсегенұлы) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      Ескерту. Қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.07.08 N 243 қаулысымен.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Серікбаевқа жүктелсін.
      Ескерту. Қаулының 3 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.07.08 N 243 қаулысымен.

       Облыс әкімі

Облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырда N 108
қаулысымен бекітілді

Ақтөбе облысының коммуналдық мемлекеттік
кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығару туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық табиғи немесе сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесiнде жарамсыздыққа келген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - мемлекеттік кәсiпорындар) мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.
      2. Нұсқаулық - коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелерінiң негiзгi құрал-жабдықтарына (активтерiне) жататын мүлiкке таратылады.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығаруға қажеттi құжаттаманы ресiмдеу осы Нұсқаулықтың 10-тармағында белгіленген шарттарды ескере отырып осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылатын Комиссия тұжырымының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Комиссия мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме 
басшысының бұйрығымен құрылады.
      Мемлекеттiк кәсiпорында құрылатын комиссияның құрамына міндетті түрде:
      мемлекеттiк кәсiпорынның бас инженерi немесе басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
      мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
      Мемлекеттiк мекемелерде құрылатын комиссияның құрамына міндеттi түрде:
      мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары (Комиссияның төрағасы);
      бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штат кестесi бойынша бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда - бас бухгалтерлiк   есеп жүргiзу жүктелген тұлғалар);
      мүлiктiң сақталуына жауапкершiлiк жүктелген тұлғалар енгiзiледi.
      Мүлiктiң жекелеген түрлерiн есептен шығаруда Комиссия құрамына тиiстi мамандар (сарапшылар) енгiзiледi.

  2. Мүлiктi есептен шығару тәртiбi

       5. Табиғи және сапалы тозудың салдарынан, қызметiнiң белгiленген мерзiмдерi өтелгеннен кейiн, дүлей апаттар мен авариялардың нәтижесiнде өндiрiстiк мәнiн толығымен жоғалтқан, егер оны қалпына келтiру экономикалық жағынан орынсыз немесе мүмкiн емес болған мүлiк мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң балансынан шығарылады.
      6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару:
      100 пайыз тозғанда - мемлекеттiк кәсiпорынның шешiмi бойынша мемлекеттiк басқару органымен келiсiлген;
      50 пайыздан артық тозғанда және (немесе) баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есепті көрсеткiштен артық емес болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және облыстың қаржы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады;
      баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Басқарманың жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.
      Ескерту. Нұсқаулықтың 6 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.07.08 N 243 қаулысымен.
      7. Жергілікті атқарушы мемлекеттiк орган болып табылатын мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару Басқармамен келiсу арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын және мемлекеттік органдар емес мемлекеттік мекемелер мүлкін есептен шығару мемлекеттік басқару органдарымен және Басқармамен келісу бойынша іске асырылады.
      9. Комиссия техникалық құжаттаманы, сонымен қатар бухгалтерлiк есеп мәлiметтерiн қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлiктi тексеріп қарайды және оның қайта қалпына келтiру және одан әрi қолдануға жарамсыздығын анықтайды, осы Нұсқаулықтың 5 тармағында көрсетiлген есепке шығарылудың себептерiн айқындайды, есепке шығарылып отырған мүлiктiң жекелеген түйiндерi, бөлшектерi, материалдарын қолдану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалайды, мүлiктiң мерзiмiнен бұрын қолданыстан шығарылуына айыпты болған тұлғаларды анықтайды және акт жасайды. Комиссияның қызметi арнайы бiлiмдердi қажет еткен жағдайда, оның құрамына тиiстi мамандарды (сарапшыларды) енгiзедi. 
      Есептен шығару актілерi бекiтiлгенге дейiн мүлiктi ажырату мен бөлшектеуге рұқсат етілмейдi.
      Мүлiктi жоюдан алынған барлық бөлшек, торап, қосалқы бөлшек, материал және өзге материалдық құндылықтар (бұдан әрi - материалдар) үш топқа бөлiнедi: 
      Бiрiншi топ - тiкелей қызметi бойынша олардың болжамалы пайдалануының бағасы бойынша бухгалтерлiк есептiң тиiстi шоттар кiрiсiне алынуға мiндеттi одан әрi қолдануға жарамды материалдар.
      Екiншi топ - қайталама шикiзат ретiнде (қара, түстi және асыл металдар, көнерген материал, отын және т.б.) кiрiске алынатын тiкелей қызметi бойынша одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар.
      Үшiншi топ - одан әрi қолдануға жарамсыз материалдар. Осы топтың материалдары жойылуға жатады, бұл туралы акт жасалады.
      10. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген себептердiң салдарынан есептен шығару белгiленген формалардың актілерiмен 3 данада ресiмделедi.
      11. Комиссия 3-данада жасаған мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мүлкiн есептен шығару актiлерi осы Нұсқаулықтың 6789 тармақтарына сәйкес құжаттардың мына тiзiмiмен:
      1) Комиссия хаттамасы;
      2) авария жағдайында - тиiстi лауазымды тұлға жасаған және бекiткен уақиға актiсiнiң көшiрмесiмен мемлекеттiк басқару органдарына келiсуге жiберiледi;
      3) комиссия құру туралы бұйрық;
      4) басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған баланстық құны туралы анықтама қағаз (бастапқы, тозу және қалдық құндарын көрсете отырып);
      5) комиссия мүшелері қол қойған ақау актісі;
      6) сыртқы бетінен мекеме басшысының немесе бас бухгалтердің қолдарымен және мекеме мөрімен бекітілген, есептен шығарылатын мүліктің суреттері;
      7) мүлікке меншік құқығын растайтын техникалық паспорттың және құжаттың көшірмесі;
      8) мүліктің техникалық жай - күйі туралы арнайы мекеме берген қорытынды.
      Мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлген есептен шығару құжаттары тиiсiнше Басқармаға жазбаша рұқсат алу үшiн жiберiледi.
      Ескерту. Нұсқаулықтың 11 тармағы 3) - 8) тармақшаларымен толықтырылды - Ақтөбе облысының әкімиятының 2008.07.08 N 243 қаулысымен.
      12. Мемлекеттiк мекеме мен мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкiн есептен шығару актілерi келiсiлген жағдайда жоғарғы сол жақ бұрышта "Келiсiлдi" деген белгi, күнi, тиiстi мемлекеттiк басқару органының мөрiмен бекiтiлген басшының қолы қойылады.
      Актiнiң, комиссия хаттамасының (уақиға актiсiнiң көшiрмесiнiң) бiр данасы тиiстi уәкiлеттi органда қалады, қалған екеуi - мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекемеге берiледi.
      13. Келiсілмеген жағдайда, мүлiктi есептен шығарудан бас тарту дәлелденуiмен құжаттардың пакетi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.

3. Қорытынды ережелер

      15. Есептен шығарудың қолданылып жүрген тәртiбi бұзылған жағдайда бұған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      16. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешiледi.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.