Күшін жойған

Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Нұсқаулық
Қаулы
Қабылдау күні
27.05.2004
Өзгерту күні
27.07.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-бабына сәйкес бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеудегі айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. <*>
       Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды   - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 178  қаулысымен .  

      2. <*>
       Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252   қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 2 журналда 2003 жылдың ақпанында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162  қаулысымен енгізілген толықтырумен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінің:
      4-тармағының 2) және 3)-тармақшалары алынып тасталсын.

      4. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы          
      Ұлттық Банкінің Төрағасы 

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

"Бағалы қағаздар рыногында    
брокерлік-дилерлік қызметті    
жүзеге асыратын ұйымдардың     
қаржылық есеп беру тізбесі,    
нысандары және ұсыну       
мерзімдері туралы нұсқаулықты   
бекіту туралы" және Қазақстан   
Республикасының Әділет      
министрлігінде N 238 тіркелген  
Қазақстан Республикасының     
Бағалы қағаздар жөніндегі     
ұлттық комиссиясының "Бағалы   
қағаздар рыногының кәсіби     
қатысушыларының есеп беру     
тәртібі туралы" нұсқаулықты    
бекіту жөнінде" 1996 жылғы     
22 қазандағы N 118 қаулысына    
және Қазақстан Республикасының  
Әділет министрлігінде      
N 2124 тіркелген Қазақстан     
Республикасының Ұлттық Банкі    
Басқармасының "Қазақстан      
Республикасының бағалы        
қағаздар рыногында брокерлік    
және дилерлік қызметті жүзеге   
асыруға лицензиялары бар       
ұйымдардың есеп беру ережесін    
бекіту туралы" 2002 жылғы      
18 желтоқсандағы N 486        
қаулысына өзгерістер енгізу    
туралы Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 және 
Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігінің 12 сәуірдегі N 116  
бірлескен қаулысымен бекітілген  

  Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулық 

       Ескерту: Нұсқаулықтың күші жойылды   - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 178  қаулысымен .

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.