Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2394 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 179 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
19.07.2004
Өзгерту күні
15.12.2004
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының л-2)-тармақшасына, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызмет етуiнiң ашық болу дәрежесi мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2394 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 12-27 шiлдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     кiрiспедегi "Заңының 57-бабына" деген сөздер "Заңына" деген сөзбен ауыстырылсын;
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 3ейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесiнiң:

     кiрiспесiндегi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына " деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Уәкiлеттi орган - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";
     4-тармақта:
     1) және 2) тармақшаларда "алматы уақытымен" деген сөздер "Астана қаласының уақытымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     3) тармақшада "бесiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей" деген сөздер "төртiншi жұмыс күнi Астана қаласының уақытымен 18.00-ден кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

     5-тармақта:
     1) тармақшада "алматы уақытымен" деген сөздер "Астана қаласының уақытымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) тармақшада "бесiншi жұмыс күнi алматы уақытымен 16.00-ден кешiктiрмей" деген сөздер "төртiншi жұмыс күнi Астана қаласының уақытымен 18.00-ден кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
     "осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес меншiк активтерiнiң құрылымы туралы есептi;";

     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Есеп қағаз және электрондық тасымалдаушыларда жасалады.";

     мынадай мазмұндағы 6-1-тармағымен толықтырылсын:
     "6-1. Қағаз тасымалдаушыдағы есеп ерiктi нысанда жасалған және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысы қол қойған iлеспе хатпен бiрге жiберiледi.";

     мынадай мазмұндағы 8-1-тармағымен толықтырылсын:
     "8-1. Қағаз тасымалдаушысында ұсынылған есептегi мәлiметтер электрондық тасымалдаушыда ұсынылған есептегi мәлiметтермен бiрдей болуы тиiс.";

     1-қосымшаның:
     7-жолындағы "күн басталғандағы" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде:" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 7.1-жолымен толықтырылсын:
     "7.1. Тазартылған алтын";
     10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "10. Қаржы инвестицияларының күн аяғындағы құнының барлығы [(7)+(8)-(9)+(11)-(11.3.1)], оның iшiнде:";
     мынадай мазмұндағы 10.1.-жолымен толықтырылсын:
     "10.1. Тазартылған алтын";
     мынадай мазмұндағы 11.3.1. және 11.3.2.-жолдармен толықтырылсын:
     "11.3.1. Инвестициялық шоттағы ақшаны және басқа активтердi қайта бағалаудан болған кiрiстер
     11.3.2. Қаржы инвестицияларын қайта бағалаудан болған кiрiстер";

     2-қосымшадағы:
     Зейнетақы активтерiнiң құрылымы туралы есептi толтыру тәртiбiнiң: төртiншi абзацындағы "(бұдан әрi - S.W.I.F.T. жүйесi)" деген сөздерден кейiн "сатып алу сәтiне дейiнгi кезеңде есептелген сыйақыны қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;

     6-қосымшаның:
     1-бағанындағы:
     "Сатуға арналған бағалы қағаздар (күмәнді борыштар бойынша резервтердi шегерiп тастағанда)" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы "Керi РЕПО" операциясы" деген жолмен толықтырылсын;
     "Қысқа мерзiмдi алынған заемдар" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы "РЕПО" операциясы" деген жолмен толықтырылсын;
     "Төленбеген капитал" және "Қосымша төленбеген капитал" деген жолдар алынып тасталсын;
     3-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын: "өткен жылдың соңына";

     7 және 8-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"Зейнетақы активтерін     
инвестициялық басқаруды   
жүзеге асыратын заңды    
тұлғалардың есеп      
беру ережесіне       
7-қосымша         

Кірістер мен шығыстар туралы есеп
(зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын заңды тұлғаның толық атауы)

                _____  ______________ 20__ жылға

                                                  (мың теңгемен)
__________________________________________________________________
   Баптардың атауы        |Ес. |Ағымдағы  |Есепті|Алдын.|Алдын.
                          |кер.|жылдың ба.|кезең |дағы  |дағы
                          |ту  |сындағы   | үшін |жылдың|жылдың
                          |    |кезең үшін|      |осыған|басын.
                          |    |(өсіп оты.|      |ұқсас |дағы
                          |    |ратын жиы.|      |кезеңі|осыған
                          |    | нтықпен) |      | үшін |ұқсас
                          |    |          |      |      |кезеңі
                          |    |          |      |      |үшін
                          |    |          |      |      |(өсіп
                          |    |          |      |      |отыра.
                          |    |          |      |      |тын жиы.
                          |    |          |      |      |нтықпен)
__________________________________________________________________
          1               | 2  |    3     |   4  |  5   |    6
__________________________________________________________________
Комиссиялық сыйақы
оның iшiнде:
Зейнетақы активтерінен
болған
Зейнетақы активтерi бойынша
инвестициялық кiрiстен
болған
Орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түрiндегi
кiрiстер
Бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (купон/дисконт)
түрiндегi кiрiстер
Бағалы қағаздар бойынша
өзге де кірiстер
(шығындар) (нетто):
оның iшiнде:
Бағалы қағаздарды сатып
алудан-caтудан болған
кiрiстер (нетто)
Саудаға арналған және сатуға
қолда бар бағалы
қағаздар құнының өзгеруiнен
болған кiрiстер (нетто)
"кері РЕПО" операциялары
бойынша кірістер
Шетел валютасын қайта
бағалаудан болған кiрiстер
(шығындар) (нетто)
Ассоциацияланған
компанияларға
инвестициялардан
болған кiрiстер
Өзге де кiрiстер

Кірістердің жиынтығы

Комиссиялық шығыстар
Бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (сыйлықақы)
түрiндегi шығыстар
"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар
Алынған заемдар
бойынша шығыстар
оның iшiнде:
Қаржы лизингi бойынша
Күмәнді борыштар бойынша
резервтерге (провизиялар)
шығыстар
Күмәнді борыштар бойынша
резервтерді (провизиялар)
қалпына келтiру
Жалпы және әкiмшiлiк
шығыстар
оның iшiнде:
Ағымдағы салықтар және
бюджетке төленетін басқа
да мiндеттi төлемдер
(корпоративтiк табыс
салығынан басқа)
Қызметкерге шығыстар
Жарнамаға шығыстар
Ағымдағы жалдау бойынша
шығыстар
Амортизациялық аударымдар
Өзге шығыстар

Шығыстардың жиынтығы

Салықтар төленгенге дейiнгi
болған кiрiс (шығын)

Корпоративтiк табыс салығы

Салықтар төленгеннен кейiн
болған кiрiс (шығын)

Таза кiрiс (шығын)
Төтенше жағдайлардан
болған кiрiс (шығын)
Азшылық үлесi
Азшылық үлесiн ескере
отырып таза кiрiс (шығын)
__________________________________________________________________

     Бiрiншi басшы [қолы]           Бас бухгалтер [қолы]

     Мөр орны

     Орындаушы [қолы, телефон нөмірi]

Зейнетақы активтерін     
инвестициялық басқаруды   
жүзеге асыратын заңды    
тұлғалардың есеп      
беру ережесіне       
8-қосымша         

200 ___ жылғы _____ ___________ жағдай бойынша
(жанама тәсiл)
(зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын заңды тұлғаның толық атауы)
ақша қозғалысы туралы есебі (жанама әдіс)

                                                  (мың теңгемен)
__________________________________________________________________
   Баптардың атауы        |Ес. |Ағымдағы  |Алдын.
                          |кер.|жылдың ба.|дағы
                          |ту  |сындағы   |жылдың
                          |    |кезең үшін|басын.
                          |    |(өсіп оты.|дағы
                          |    |ратын жиы.|осыған
                          |    | нтықпен) |ұқсас
                          |    |          |кезеңі
                          |    |          |үшін
                          |    |          |(өсіп
                          |    |          |отыра.
                          |    |          |тын жиы.
                          |    |          |нтықпен)
__________________________________________________________________
          1               | 2  |    4     |    6
__________________________________________________________________
Операциялық қызметке
байланысты түскен ақша
және төлемдер
Салық салынғанға дейiнгi
таза пайда (шығын)
Ақшалай емес oпeрациялық
баптарға түзетулер:
Оның iшiнде:
Амортизациялық аударымдар
және тозу
Болуы мүмкін резервтер
бойынша шығыстар
Шетел валютасымен
операциялар бойынша
бағамдық айырма түріндегі
жұмсалмаған кірістер мен
шығыстар
Алуға сыйақы түріндегі
есептелген кірістер
Сыйақы төлеміне арналған
шығыстар
Ақшалай емес баптарға
арналған басқа түзетулер
Операциялық активтер мен
мiндеттемелердегi
өзгерiстерге дейiнгi
операциялық кiрiс (шығын)
Операциялық активтердiң
азаюы (көбеюi):
Ұзақ мерзiмдi дебиторлық
берешектiң көбеюi (азаюы)
Сатуға арналған қолда бар
бағалы қағаздардың көбеюi
(азаюы)
Алдағы кезеңдер
шығыстарының көбеюi (азаюы)
Қысқа мерзiмдi дебиторлық
берешектiң көбеюi (азаюы)
"Кepi РЕПО" операцияларының
көбеюi (азаюы)
Саудаға арналған бағалы
қағаздардың көбеюi (азаюы)
Өтеу мерзiмi үш айдан артық
мерзiммен орналастырылған
салымдардың көбеюi (азаюы)
Басқа активтердiң көбеюi
(азаюы)
Операциялық
мiндеттемелердегi көбею
(азаю):
Ұзақ мерзiмдi кредиторлық
берешектiң көбеюi (азаюы)
Алдағы кезеңдердiң
кiрiстерiнiң көбеюi (азаюы)
Қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешектiң көбеюi (азаюы)
"РЕПО" операцияларының
көбеюi (азаюы)
Басқа мiндеттемелердiң
көбеюi (азаюы)
Операциялық қызметтен түскен
ақшаның көбеюi (азаюы)

Корпоративтi табыс салығы

Салық салынғаннан кейiнгi
операциялық қызметтен
түскен ақшаның көбею
(азаю) жиынтығы

Инвестициялық қызметке
байланысты төлемдер
мен ақшаның түсуi
Өтелгенге дейiн ұсталатын
бағалы қағаздарды
сатып алу (сату)
Негiзгi құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтердi
сатып алу
Негiзгi құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтердi
сату
Басқа заңды тұлғалардың
капиталындағы инвестициялар
Басқа келiп түсулер және
төлемдер
Инвестициялық қызметтен
түскен ақшаның ұлғаю
(азаю) жиынтығы

Қаржылық қызметке
байланысты келiп түскен
ақшалар және төлемдер
Акцияларды шығару
Борыштық бағалы
қағаздарды шығару
Акциялар мен қатысу
үлестерiн алу немесе өтеу
Алынған заемдар
Акциялар бойынша
дивидендтердi төлеу
Басқа келiп түсулер
және төлемдер
Қаржы қызметiнен түскен
ақшаның таза көбею
(азаю) жиынтығы

Есептi кезең үшiн түскен
ақшаның таза көбею (азаю)
жиынтығы

Кезеңнiң басындағы
ақша қалдығы

Кезеңнiң соңындағы
ақша қалдығы
___________________________________________________________________

     Бiрiншi басшы [қолы]        Бас бухгалтер [қолы]

     Мөр орны

     Орындаушы [қолы, телефон нөмiрi]";

     9-қосымшаның "Төленбеген капитал" және "Қосымша төленбеген капитал" деген бағандар алынып тасталсын.

     2. Осы бiрлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

     3. Агенттiктiң Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
     1) Агенттiктiң Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы бiрлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы бiрлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң, Ұлттық Банктiң мүдделi бөлiмшелерiне, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

     4. Ұлттық Банк басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бiрлескен қаулыны алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде оны Ұлттық Банктiң баспа басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары E. Бахмутоваға (3-тармақ бойынша) және Ұлттық Банк Төрағасы Ә. Сәйденовке (4-тармақ бойынша) жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкiнiң Төрағасы

     Қазақстан Республикасының
     Қаржы нарығын және қаржы
     ұйымдарын реттеу мен қадағалау
     жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.