Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 "Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (N 2162 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
19.08.2004
Өзгерту күні
14.12.2009
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2009.12.14 N 08-1-1-1/457 және ҚР Ішкі істер министрінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа 2010.03.01 бастап енеді) бірлескен бұйрықтарымен.

      "Келісілді"     
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік   
комитетінің төрағасы  
_____________________ 
2004 жылғы 17 тамыз  

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін ырықтандыру мақсатында  бұйырамыз :
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806  бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 08-1/187 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 724  бірлескен бұйрығына енгізілген толықтырулармен және өзгертумен бірге, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің N 25-26 бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2162 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықтағы:
      9-тармақтың 4) тармақшасындағы, 10-тармақтың 9) тармақшасындағы, 12-1-тармақтағы және 55-тармақтың үшінші абзацындағы "Жапония" деген сөзден кейін "Корея Республикасы" деген сөздер енгізілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.