Күшін жойған

Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерге тексеруді жүргізу Ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Ереже
Қабылдау күні
16.09.2004
Өзгерту күні
03.05.2006
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

       Ескерту:   Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының 2006 жлғы 3 мамырдағы N 197-п бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді------------------

      2004 жылғы 16 тамыздағы N 172-п "Байланыс саласында қызмет атқаратын шаруашылық субьектiлердi тексеру жүргiзу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының бұйрығының күшiн жою туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Заңының 37 бабының 4 тармағына және 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 Қазақстан Республикасының "Нормативтiк кұқықтық актiлер туралы" Заңының 40 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2004 жылғы 16 тамыздағы N 172-п "Байланыс саласында қызмет атқаратын шаруашылық субъектiлердi тексеру жүргiзу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Төрағасының бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнде N 3070 нөмiрмен 2004 жылғы 16 қыркүйекте тiркелген)...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға
-------------------------------      

      Телекоммуникация және почталық байланыс саласындағы радиожиілік спектрді пайдалануға, радиоэлектронды құралдарды пайдалануының техникалық нормаларына және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауына бақылауды күшейту және ретке келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Ұсынылған Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерге тексеруді жүргізу Ережесі бекітілсін.
      2. "Почта байланысы, телекоммуникациялар және радиожиілік спектрін пайдалану саласында лицензиаттардың лицензия шарттарын сақтауын тексеруді ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі Комитет Төрағасының  N 206  (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2002 жылғы 17 тамызда N 1954 тіркелген) бұйрығының күші жойылған деп есептелсін.
      3. Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаменті (Р.Р. Нұршабеков) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға м.а.

"Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық    
етуші субъектілерге тексеруді  
жүргізу Ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасының    
Ақпараттандыру және байланыс   
жөніндегі агенттігі Төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы   
N 172-п бұйрығымен бекітілген  

  Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық
етуші субъектілерге тексеруді жүргізу
Ережесі

      Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық етуші субъектілерге тексеруді жүргізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже), " Байланыс туралы , " Лицензиялау туралы ", " Почта туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724  қаулысына  және байланыс саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленген және байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілердің байланыс саласындағы заңнаманы орындауына тексерулерді жүргізу тәртібін анықтайды.

  1-ші тарау. Жалпы жағдайлар

      1. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) ақпараттандыру және байланыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, шаруашылық етуші субъектілердің радиожиілік спектрді қолдануына (бұдан әрі - РЖС), радиоэлектронды құралдарды (бұдан әрі - РЭҚ), жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) пайдалануына және байланыс қызметтерін ұсынушы лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялық шарттарды орындауына мемлекеттік техникалық қадағалау және бақылауды жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - Басқармалар) байланыс саласында қызметтер көрсетуші шаруашылық етуші субъектілердің радиожиілік спектрді қолдануына және байланыс қызметтерін ұсынушы лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауына тексерулерді (бұдан әрі - Тексерулер) дербес те және басқа мемлекеттік органдармен бірігіп те жасайды.

      3. Тексерулер осы Ережеге және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  2-ші тарау. Негізгі мақсаттары мен міндеттері

      4. Тексерулерді өткізу мақсаты Қазақстан Республикасы заңнамасының белгіленген талаптарға сәйкес  телекоммуникация  және   почталық  қызметтер рыногының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

      5. Тексерулер өткізудің негізгі мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық етуші субъектілердің РЖС қолдануына, РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға, лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауына бақылау жасау;
      2) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысының желілері мен салулар құрылғыларының техникалық нормаларының, техникалық пайдалану талаптары бойынша ұйымдастыруға сәйкестігін тексеру;
      3) байланыс саласындағы заңнаманы бұзумен жұмыс істейтін РЭҚ мен ЖЖҚ алдын ала білу, табу және жұмысын тоқтату;
      4) почта желілері объектілерін пайдалану және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға ұсынуды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық кесімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.  

  3-ші тарау. Тексеруді ұйымдастыру және өткізу реті

  &1. Жалпы талаптар

      6. Тексеруді өткізу туралы шешімді уәкілетті орган немесе Басқарма қабылдайды. Басқармалар Тексеруді өзінің құзырет шегінде жүргізеді.

      7. Тексерулер түрлері:
      1) жоспарлы - заңнамамен белгіленген, алдыңғы Тексерумен салыстырғандағы уақыт мерзімін есепке ала отырып, алдын ала жоспарланатын Тексеру;
      2) жоспардан тыс - әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты пайда болған қоғамдық тәртіпке, қоғам денсаулығына және ұлттық қауіпсіздікке қауіпті шұғыл жоюды, сонымен қатар шағымдарға, өтініштерге және арыздарға шұғыл түрде жауап беруді талап ететін Тексерулер;
      3) рейдтік - Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше шаруашылық етуші субъектілерін біруақытта Тексерулер.

      8. Жоспарлы Тексеру уәкілетті органның бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітілген жоспар-кестеге сәйкес өткізіледі.

      9. Жеке және заңды тұлғалардан, жергілікті өкілдіктер мен атқару органдардың, орталық мемлекеттік органдардан түскен өтінімдерді есепке ала отырып, сот шешімдері негізінде, сонымен қатар лицензиаттардың лицензия шарттарын және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын неше мәрте бұзушылықтарын есепке ала отырып, Басқармада есепте бар шаруашылық етуші субъектілерге Тексерулерінің жоспар-кестесі Басқармалармен әрбір үш айға құрастырылады, және уәкілетті органға қарастыруға және бекітуге жіберіледі.

      10. Бірінші жоспарлы Тексеру кезінде байланыс қызметтерін ұсынуының басталғанының фактісі куәланады. Ол лицензия берілген күнінен бастап бір жыл өткеннен кейін өткізіледі.

      11. Жоспарлы Тексерулер жылына 1 рет болады (шағын кәсіпкерлік субъектілерін 3 жылда 1 рет).

      12. Рейдтік және жоспардан тыс Тексерулер байланыс қызметтерін пайдаланушыларының немесе байланыс операторларының шағымдарымен, сонымен қатар лицензиясыз қызмет көрсеткендерді тауып, жұмысын тоқтатқан, РЖС және РЭҚ пайдалануға рұқсат беретін құжаттарсыз және РЭҚ және ЖЖҚ техникалық нормаларды бұзып пайдаланған жағдайда өткізіле алады.

  &2. Тексеру өткізуді ұйымдастыру

      13. Тексеру өткізу үшін келесі мәліметтерден тұратын тексеру өткізу туралы кесім (техникалық тапсырма) (осы Ереженің 1 қосымшасы) шығарылады:
      1) Бақылайтын органның атауы, тексеруді тағайындау туралы құзыреті бар тұлғаның аты-жөні, лауазымы, және оның қолы;
      2) Бақылайтын органның журналындағы тексеруді тағайындау кесімінің күні және тіркелген нөмірі;
      3) тексеруді жүргізетін лауазымды тұлғаның аты-жөні;
      4) шаруашылық етуші субъектінің атауы, мекен-жайы және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      5) тексерудің түрі;
      6) тексеру сұрағы;
      7) тексеруді өткізу мерзімі;
      8) тексеруді тағайындаудың негізі;
      9) тексерілетін уақыт, егер заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің белгілі бір уақыт ішіндегі құжаттарды жете қарау қажет етілсе;
      10) шағын кәсіпкерлік субъектілерге алдында жүргізген тексерулер туралы.

      14. Тексеру тексеру өткізу туралы кесімді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органдарында (бұдан әрі - ҚСАЕК), Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 "Шаруашылық етуші субъектілер қызметін барлық тексерулердің ақпараттық және есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу Нұсқамасын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген  Нұсқамаға  сәйкес тіркегеннен кейін өткізіледі.

      15. Тексеру өткізу туралы кесімде көрсетілген тексерулер өткізу мерзімі, қойылған міндеттер және алдағы жұмыстардың көлемін есепке ала отырып бекітіледі, бірақ 30 күнтізбелік күннен аспауға тиісті, ал шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін, егер заңнамалық кесімдермен анықталған жағдайлардан басқа, 15 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      16. Негізделген себептер болған жағдайда Тексерулер өткізу уақыты ұзартыла алады, бірақ 30 күнтізбелік күндерден көп емес, ол туралы тексерілуші шаруашылық етуші субъектінің бастығына Басқарманың лауазымды тұлғасы 24 сағат ішінде хабарлайды.
      Тексеру өткізудің мерзімін ұзарту үшін Басқарманың Тексеруді жүргізген лауазымды тұлғасы, мерзімнің ұзартылуының шын себептерін көрсетуімен Басқарма бастығының атына қызмет жазбасын жазады. Ұзартылу жайлы белгі тексеру өткізу туралы кесімде және шаруашылық етуші субъектілер қызметін тексеру карточкаларын есепке алу және тексеру өткізу туралы кесімдерді тіркеу журналына қойылады.

      17. Тексерулерді жүргізген кезде мыналарды:
      1) лицензиялық қызметті жүзеге асыратын негізгі қорларға иелік және пайдалану құқығын (мүлік жалдау келісім-шарттары, төленетін қызметтер көрсету және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі);
      2) Байланыс техникасы құралдарына қызмет етуші қызметкерлердің мамандығын;
      3) жеке және заңды тұлғаларда байланыс қызметтерін ұсынуға лицензияның, сонымен қатар РЖС пайдалануға рұқсаттың, РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсаттың барын;
      4) лицензия қызметі шарттарының орындалуын;
      5) тексерілуші шаруашылық субъектілер байланыс тораптарын, желілері және объектілерін техникалық пайдалануды ұйымдастырудың нормативтік техникалық құжаттама талаптарын және қауіпсіздік техника талаптарын орындауын;
      6) тексерілуші шаруашылық субъектілер байланыс құралдарының техникалық пайдалану ретін анықтайтын заңнама және басқа нормативтік кесімдерін орындауын;
      7) тексерілушілердің объектілерінде қолданылатын байланыс техникалық құралдарына сәйкестік сертификаттарының барын;
      8) бухгалтерлік құжаттардағы РЭҚ нақты саны Басқармадағы тіркелген РЭҚ санына сәйкестігі;
      9) белгіленген түрде байланыс құралдарының, объектілері мен салуларының тіркелуін және Қазақстан Республикасының аумағында РЭҚ мен ЖЖҚ пайдалану шарттарын орындалуын;
      10) РЖС пайдалану рұқсатында көрсетілген РЭҚ мен ЖЖҚ пайдалану-техникалық сипаттамасында көрсеткіштерге сәйкестігін;
      11) байланыс объектілері мен салуларының санитарлық паспорттарының барын және санитарлы-эпидемиялық саладағы мемлекеттік органның қорытындысы;
      12) байланыс операторының коммутациялық құрылғыларының құрамында арнайы жедел-іздеу шараларын жүзеге асыратын құралдардың барын.

      18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамына почталық байланыс тұтынушыларына қызмет жасау Почталық байланыс операторын тексеру жүзеге асады.

  &3. Тексеруді өткізудің реті

      19. Басқарма материалдық шығынға әкеліп соғатын, технологиялық процестердің тоқтап немесе үзілуін болдыртпау мақсатында жоспарлы Тексеру басталмас бұрын 2-жеті мерзімде шаруашылық етуші субъектіге болатын Тексеру туралы хабарлайды.

      20. Тексеру мынадай этаптардан тұрады:
      1) алдын-ала жұмыстардың ахуалын түсіну;
      2) Тексеруді жүзеге асыру;
      3) Тексеруді өткізген кезде алынған нәтижелерге анализ жасау және тұжырымдау, қорытынды жасау, сәйкес құжаттарды ресімдеу (Кесімді құрастыру);
      4) Тексерудің нәтижелері жайлы тексерілуші тұлғаны хабардар ету;
      5) жұмыстың нәтижелерін қорытындылау;
      6) бұзушылықтар болған кезде, оларға шара қолдану.

      21. Тексеруді жүзеге асыру кезінде, лауазымды тұлғаларға қажет:
      1) тексерілуші тұлғаға қызмет төлқұжаты мен тексеруді өткізуге тексеру өткізу туралы кесімді ұсыну;
      2) тексеруді өткізу кезінде Тексерілуші тұлғаның міндеттері мен құқықтарын түсіндіру;
      3) белгіленген лицензия шарттарын және РЖС пайдалануға рұқсатты бұзуға алып келген себептер мен жағдайды анықтап, өз құзыреті шегінде оларды болдыртпауға шаралар қолдану.

      22. Тексерулер өткізу кезінде, байланыс саласында лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тексерілуші тұлғалар уәкілетті Басқарманың лауазымды тұлғаларының талабымен лицензияларды қосымшалармен қоса және РЖС қолдануына рұқсатты, сонымен қатар лицензиялық шарттарға сәйкес жүзеге асатын қызметті растайтын басқа құжаттарды да ұсынады.

      23. Тексеру нәтижелеріне байланысты тексерудің нәтижелері туралы кесім құрастырылады (бұдан әрі - кесім) (осы Ереженің 2-ші қосымшасы).

      24. Кесім екі данада құрастырылады. Бірінші дана тексерілуші тұлғаның өкіліне тапсырылады, екінші данасы Тексеруді өткізген Басқарманың лауазымды тұлғасында қалады.

      25. Басқарманың лауазымды тұлғасы кесімді құрастыру кезінде мынадай талаптарды:
      1) тізбектей, объективті нақты және жан-жақты белгіленген бұзушылық фактілеріне сәйкес заңнамалық және өзге нормативтік кесімдерге сілтемелеп бейнелеп түсіндірілуін;
      2) кесімнің қосымшаларында көрсетілетін, тексеру кесімінің мәтінінде сұрамалы мәліметтер, болмашы фактілер, қайталанатын біркелкі бұзушылықтар көрсетілмеуін;
      3) кесімде нақты, негізделген және деректермен дәлелденген белгіленген бұзушылықтар туралы мәліметтер көрсетілуін (күнтізбелік күні және құжат нөмірі, нормативтік құқықтық кесімнің атауы, бұзушылықтың мазмұны) ескеру қажет.

      26. Кесімге сәйкес құжаттармен дәлелденбеген әртүрлі қорытындыларды, ұсыныстарды және қорытындыларды қосуға рұқсат етілмейді.

      27. Жоспардан тыс және рейдтік Тексеру өткізу кезінде Кесімде Тексеруді өткізуге әкеліп соққан негізгі себептерге назар аударылады.

      28. Кесімге Тексеру аяқталғаннан кейін, оны өткізген лауазымды тұлға мен қатысқан тексерілуші тұлғаның өкілі қол қояды.
      Кесімге тексерілуші тұлғаның өкілі жағынан қарсылықтар немесе ескертпелер бар болған жағдайда, ол өз қолын қою алдында сілтеме істейді және жазбаша түсіндірме ұсынады. Тексерілуші тұлғаның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Кесімде сәйкес жазу жазылады.

      29. Кесім Басқарманың арнайы Журналында тіркеледі.

      30. Тексеруді жүзеге асыру кезінде лицензиялық шарттарды және байланыс саласындағы заңнама талаптарының бұзушылығы табылған жағдайда Басқарманың лауазымды тұлғасы келесі әрекеттерді жүзеге асыра алады:
      1) табылған жетіспеушіліктерді жою мерзімін көрсете отырып, тексерілуші тұлғаға табылған бұзушылықтарды жою туралы орындаманы (осы Ереженің 3-ші қосымшасы) (бұдан әрі - Орындама) береді;
      2) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік бұзушылық туралы хаттама орындаманы (осы Ереженің 4-ші қосымшасы) құрастырады және оны Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы"  Кодексіне  сәйкес соттың қарауына ұсынады;
      3) Уәкілетті органға, пайдалануға рұқсаты болмаған жағдайда РЭҚ мен ЖЖҚ жұмысын өшіру туралы қолдаухатпен өтінеді;
      4) РЭҚ мен ЖЖҚ пайдалануға және шетелден алып келуге рұқсат етілген тізімде жоқ болған жағдайда жұмысын өшіреді;
      5) егер бұл қызмет лицензияланатын болса, уәкілетті органнан құрал-жабдықтарының техникалық сипаттамаларын қолданыстағы стандарттармен толық сәйкестікке келтіргенге шейін және (немесе) РЖС қолдану үшін қарызын өтеуіне дейін, лицензияның іс-әрекетін 6 ай дейінгі мерзімге тоқтату туралы өтініш етеді;
      6) Егер лицензияның іс-әрекетін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылмаса, уәкілетті органға лицензияны Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес қайтару туралы қолдаухатпен өтінеді.

      31. Тексеру нәтижелеріне сәйкес Орындама тексеруді жүргізген Басқарманың лауазымды тұлғасы екі данада жазбаша құрастырады. Бірінші данасы Тексеруге қатысқан тексерілуші тұлғаның өкіліне беріледі, Орындаманың екінші данасы Басқармада қалады.

      32. Тексерілуші тұлға Орындамада көрсетілген мерзім ішінде бұзушылықтарды жояды және ол туралы Басқармаға жазбаша хабарлайды.

      33. Бұзушылықтарды жою туралы жазбаша жауап алғаннан кейін немесе оның заңнамамен белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайында Басқарманың лауазымды тұлғасы Орындаманы орындалу туралы шаруашылық етуші субъектісін тексеруді жүзеге асырады, ол туралы Орындаманың туралы Мәлімет құрастырылады (осы Ереженің 5-ші қосымшасы).

      34. Орындама орындалмаған жағдайда Орындаманың орындалуының Тексеруін жүргізген Басқарманың лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік бұзушылық туралы хаттама орындаманы құрастырады және оны Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы"  Кодексіне  сәйкес соттың қарауына ұсынады.

      35. Уәкілетті органның лицензия іс-әрекетінің тоқтатылуы туралы шешімі сотта қарастырылуға болуы мүмкін.

      36. Байланыс қызметтерін лицензиясыз ұсынған туралы бұзушылық табылған кезде құрастырылған Кесім құқыққорғау органдарына беріледі.

      37. Тексеру аяқталған күні деп Кесімнің тексерілуші тұлғаға немесе оның өкіліне тапсырылған күнді есептейді.

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс  
жөніндегі агенттігі төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы  
N 172-п бұйрығымен бекітілген  
Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық  
етуші субъектілерге тексеруді 
жүргізу Ережесінің       
1-ші қосымшасы        

N____
Тексеруді өткізу туралы кесім

_________ қ.                          200_ жылғы "___"____________
__________________________________________________________________
                    (Бақылайтын органның атауы)
____________________ бастап ___________ дейін_______________ күнге
__________________________________________________________________
   (тексерілуші объектінің атауы, тұрған жері СТТН, бастығының
          аты-жөні, жеке тұлғалар үшін куәлік мәліметтері)
________________________________________________________ негізінде
                (тексеруді өткізудің негізі)
________________________________________________________ мәселемен
                       (тексерудің сұрағы)
__________________________________________________________________
          (тексерудің түрі (жоспарлы, жоспарсыз, рейдтік)
__________________________________________________________________
                   (лауазымдары және аты-жөні)

      Тексеру өткізу үшін бағыттайды.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (алдыңғы тексеру туралы және табылған Қазақстан Республикасының
                      заңнамасын бұзушылықтарын
__________________________________________________________________
    жою туралы (шағын бизнес субъектілері ғана үшін) мәліметтер
__________________________________________________________________
  (тексеру уақыты, егер шаруашылық етуші субъектінің белгілі бір
     уақыт ішіндегі құжаттарын қарастыру үшін қажет болса)

________________________________               _________________
 (Басқарма басшысының аты-жөні)                      (қолы)

Тексеру_________жылғы "__"___________________жылғы "___" созылды.
          (созу керек болған жағдайда толтырылады)

________________________________               _________________
 (Басқарма басшысының аты-жөні)                      (қолы)

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс  
жөніндегі агенттігі төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы  
N 172-п бұйрығымен бекітілген  
Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық  
етуші субъектілерге тексеруді 
жүргізу Ережесінің       
2-ші қосымшасы        

N ____ Тексерудің нәтижелері туралы кесім
(екі данада толтырылады)

_______________қ.                  200__жылғы "_____" ____________

__________________________________________________________________
    (кәсіпорынның, ұйымның толық атауы, бастығының аты-жөні)
__________________________________________________________________
    (Басқарманың тіркеу журналында тіркелген күні және нөмірі)
__________________________________________________________________
       (ҚСАЕК тіркеу журналында тіркелген күні және нөмірі)
__________________________________________________________________
  (алдыңғы тексеру туралы және табылған Қазақстан Республикасының
__________________________________________________________________
 заңнамасын бұзушылықтарын жою туралы (шағын бизнес субъектілері
__________________________________________________________________
                       ғана үшін) мәліметтер
тексеру өткізу мерзімі __________бастап ____________ дейін
__________________________________________________________________
         (тексерудің түрі (жоспарлы, жоспарсыз, рейдтік)
_______________________________________________ құрамдағы комиссия
 (тексеруге қатысушы шаруашылық субъектілер лауазымы мен аты-жөні)
_______________________________________________________ қатысуымен
          (шаруашылық етуші субъектінің өкілі)
жоғарыда көрсетілген ұйымға тексеруді жүргізді.

      Тексерудің нәтижесінде белгіленді:
1. Тексерілуші субъекті туралы негізгі мәліметтер
2. Жұмыс істеп тұрған байланыс желісі туралы мәліметтер
3. Қорытынды мен ұсыныстар

___________________________________     "Танысты" ________________
  (тексерілуші шаруашылық етуші                       (қолы)
  субъектінің өкілінің аты-жөні)
Тексерудің нәтижелері 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінде немесе
Қазақстан Республикасының сот органдарында шағымдала алады.

____________________________________         _________________
  (тексеруді жүргізген тұлғаның                   (қолы)
      лауазымы мен аты-жөні)
____________________________________         _________________
  (тексеруді жүргізген тұлғаның                   (қолы)
      лауазымы мен аты-жөні)

       Ескерту:  Кесімнің мәтіні тексеруге қатысты кейбір
сұрақтармен толықтырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс  
жөніндегі агенттігі төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы  
N 172-п бұйрығымен бекітілген  
Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық  
етуші субъектілерге тексеруді 
жүргізу Ережесінің       
3-ші қосымшасы        

N___бұзушылықтарды жою туралы Орындама
(екі данада толтырылады)

_______________қ.                  200__жылғы "_____" ____________

      Осы Орындама _______________________________________________
          (кәсіпорынның, ұйымның толық атауы, бастығының аты-жөні)
__________________________________________________________________
                    (берген лауазымды тұлға)

Тексеруді өткізуге берілген 200__жылғы "____" ____________ N______
___________________________________________________________ берген
(аумақтық ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Басқарманың атауы)

Техникалық тапсырмаға сәйкес 200_жылғы "____" ____________________
жүргізілген Тексерудің нәтижесінде табылған бұзушылықтар үшін
берілді.
__________________________________________________________________
Бұзушылықтар|Табылған бұзушылықтарға қолданған шаралар|Жою мерзімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Табылған бұзушылықтар көрсетілген мерзімге шейін жойылмаған
жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
шаралар қолданылады.

Тапсырды: ___________________________________       ___________
          (Тексерушінің лауазымы мен аты-жөні)         (қолы)

Алды: _______________________________   200_жылғы "____" _________
       (шаруашылық етуші субъектінің          (тапсырылған күні)
            өкілінің аты-жөні)
                                            _______________________
                                                      (қолы)

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс  
жөніндегі агенттігі төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы  
N 172-п бұйрығымен бекітілген  
Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық  
етуші субъектілерге тексеруді 
жүргізу Ережесінің       
4-ші қосымшасы         

МӘЛІМЕТ
Орындаманы орындағаны туралы

_______________қ.                  200__жылғы "_____" ____________

Мен ______________________________________________________________
      (Басқарманың атауы, лауазымды тұлғасының лауазымы, аты-жөні,
__________________________________________________________________
                       тексеруді өткізген күні)

200__жылғы "____" ____________N__
_________________________________________________________ берілген
(кәсіпорынның, ұйымның толық атауы, бастығының (өкілінің) аты-жөні)
Орындаманы орындалу жайлы тексеру жүргіздім.
Осы тексерудің нәтижесінде:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
белгілі болды. 

Басқарманың лауазымды тұлғасы           ______________
                                            (қолы)
Шаруашылық етуші субъектінің            ______________
бастығы (өкілі)                             (қолы)

Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс  
жөніндегі агенттігі төрағасының 
м.а. 2004 жылғы 16 тамыздағы  
N 172-п бұйрығымен бекітілген  
Байланыс саласындағы қызметті  
жүзеге асыратын шаруашылық  
етуші субъектілерге тексеруді 
жүргізу Ережесінің       
5-ші қосымшасы         

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
N ___ хаттама

200__жылғы "__"___________             _____________қаласы (кенті)
Мен, _____________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (хаттаманы құрастырған тұлғаның лауазымы, ұйымның атауы, тегі,
                      есімі, әкесінің аты)

Кодекстің  636-бабына  сәйкес осы хаттаманы құрастырдым.
__________________________________________________________________
 (РЭҚ, бұйым, ЖЖҚ иесі - атауы, кәсіпорынның, ұйымның мекен-жайы,
__________________________________________________________________
       азаматтар үшін - тегі, есімі, әкесінің аты, мекен-жайы)

тексеру өткізу кезінде ___________________________________________
__________________________________________________________________
 (құқық бұзушылықтың ахуалы мен сипаттамасы, құқық бұзушылықтың
__________________________________________________________________
   күні, уақыты және болған жері, нормативтік-құқықтық және
__________________________________________________________________
 нормативтік-техникалық кесімдердің баптарымен құқық бұзушылыққа
__________________________________________________________________
                         көзделген шаралар)
Жоғарыдағы құқық бұзушылықтар ____________________________________
                    (РЭҚ, бұйым, ЖЖҚ иесі - атауы, кәсіпорынның,
________________________________________________________ жасалған.
 ұйымның мекен-жайы, азаматтар үшін - тегі, есімі, әкесінің
                          аты, мекен-жайы)
__________________________________________________________________
                  ________________________________________________
                   (хаттаманы құрастырушы лауазымды тұлғаның қолы)

Кодекстің  584-бабына  сәйкес маған менің құқықтарым мен міндеттерім
түсіндірілді _____________________________________________________
                  (бұзушының тегі, есімі, әкесінің аты, қолы)
__________________________________________________________________
             (бұзушының тегі, есімі, әкесінің аты, қолы)
______________________________________________ хаттамамен танысты.
Бұзушының жазбаша түсіндірмесі болған жағдайда ол хаттамаға
қосылады.
_______________________________________________түсіндірме беруден,
 (бұзушының тегі, есімі, әкесінің аты, мекен-жайы)
сондай-ақ осы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан.
__________________________________________________________________
     (хаттаманы құрастырушы лауазымды тұлғаның тегі, есімі,
                        әкесінің аты, қолы)

Хаттама менің көзімше толтырылды, хаттамамен таныстым:
_________________________________________________   ____________
(куәгердің тегі, есімі, әкесінің аты, мекен-жайы)      (қолы)
_________________________________________________   ____________
(куәгердің тегі, есімі, әкесінің аты, мекен-жайы)      (қолы)

Осы хаттаманың ___________________________________________________
данасын алдым    (күні, бұзушының тегі, есімі, әкесінің аты, қолы
                     немесе хаттаманы алмайтыны туралы белгі)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.