Күшін жойған

"Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" N 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
27.09.2004
Өзгерту күні
23.08.2011
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2011.08.26 № 297 және ҚР Қаржы министрінің 2011.10.05 № 503 бірлескен бұйрығы.

      Бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" N 2068 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы N 172 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 598 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жылы N 3 771-құжат) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген, Бағалау қызметі субъектілерінің бағалау туралы есептің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуі тиіс:
      1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;
      3) айқындалатын құнның түрі;
      4) есеп жасау күні және бағалау күні;
      5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы;
      6) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау тәсілдері мен бағалау әдістері;
      7) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
      8) олардың алу көздері көрсетілген, бағалау кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
      9) есеп негіздемесі;
      10) бағалау нәтижесі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Бағалау туралы есеп тапсырыс берушінің талаптарымен белгіленген не бағалаудың нәтижесіне толықтай немесе бір жақты түсінік беру үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацта "Толық нысанда жасалған" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "4) есеп жасау күні.";
      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      "4) бағалау кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары және басқа нормативтік құқықтық актілер.";

      10-тармақта:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "10. Алғашқы парақтан басқа, мүлікті бағалау есептің парақтары нөмірленген, тігілген және орындаушы-бағалаушының қолы қойылған болу керек.";

      12-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының     
      Әділет министрі  

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.