Мемлекеттік қызметтер
және ақпарат онлайн
Бірыңғай байланыс орталығы
14148-800-080-7777
Қоңырау шалу тегін
Күшін жойған

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қағида
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
17.01.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 308 бабына сәйкес және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін тіркеу ережесі бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен.
      2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаменті (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр А. Евниевке жүктелсін.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2005 жылғы 14 қазандағы    
N 597 бұйрығымен бекітілген  

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы
жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың
тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдердің , сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың кепілін тіркеу ережесі

       Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен.

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308-бабына сәйкес және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, оларға тіркеме құралдарды, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың (бұдан әрі - машиналар) кепілін тіркеудің тәртібі мен рәсімін белгілейді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында заңнамаға сәйкес машиналарды тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тіркеу органдарында қолданысқа жатады.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.27 N 732 бұйрығымен.

      2. Осы Ереженің күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын өзге де мүліктің кепілін тіркеуге, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес өзге органдар орындайтын немесе өзге тәртіпте орындалатын жылжымалы мүліктің кейбір түрлерінің кепілін тіркеуге қолданылмайды.

2. Тіркелген машиналар кепілінің тізілімі

      3. Тіркелген машиналар кепілінің тізіліміне 1998 жылғы 30 маусымдағы "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9, 12, 13-баптары айқындаған машиналар кепілі және кепіл туралы шарттың тараптары туралы деректер кіреді.

3. Тіркеу объектілері мен орны

      4. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркеу органдарының тіркеу объектілері ретінде көрсетілген машиналардың кепілі болып табылады.

      5. Машиналардың кепілін тіркеу, осы Ережеде белгіленген тәртіппен тіркелетін машиналардың заңнамаларда белгіленген тәртіпте тіркеуден өткен жерінде іске асырылады.
      Осы Ережеге сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіпте тіркеуден өтпеген машиналар кепілге тіркеуге жіберілмейді.

4. Тіркеудің әдісі мен негізі

      6. Машиналардың кепілін тіркеу тіркелген машиналар кепілінің тізіліміне кепіл бойынша келісімнің деректерін (соның ішінде компьютерлік база деректерін) ендіру жолымен жүзеге асырылады.

      7. Машинаның кепілін тіркеуге Заңда көрсетілген құжаттарды қоса берген жазбаша өтініші негіз болып табылады.

5. Машиналардың кепілін тіркеу туралы
өтініштің үлгісі мен мәтіні

      8. Машинаның кепілін тіркеу туралы өтініштің үлгісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Ережеге сәйкес белгілейді (1-қосымша).

      9. Өтінішті өтініш берушінің өзі немесе сенімхат негізінде іс-әрекет ететін уәкілетті өкіл арқылы береді.

      10. Өтініште: тіркеуші органның атауы; кепіл берушінің және кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін); кепіл туралы шарттың немесе түзілген жер кепіл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күні мен орны; кепіл нысаны болып табылатын машинаның тізбесі және сипаттамасы (кепіл мәні туралы мәліметтер); кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы; кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолдану мерзімі; өтініш берушінің немесе оның өкілінің қойған қолы және заңды тұлға үшін мөрі; кепілге салынған машина қай тараптың қолында екені туралы нұсқау, оны пайдалануға болатын және қайталама кепіл туралы мәліметтер болуға тиіс.

6. Тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізбесі,
олардың мәтіні және оларға қойылатын талаптар

      11. Машинаның кепілін тіркеу үшін өтініш беруші мыналарды: машинаның кепілін тіркеу туралы өтінішті, оның өзін куәландыратын құжатты ал тұлғаның өкілі - оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ өзін куәландыратын құжатты; банктің төлем белгісі қойылған тіркеу алымын төлегендігі жөніндегі құжатын тіркеуші органдарға ұсынады.
      Өтінішпен бірге кепілдік туралы келісім немесе кепілдіктің шарттары бар келісім ұсынылады, содан кейін тіркелген белгісі бар өтініште берілген мәліметтерді тіркеуші орган тексергеннен кейін өтініш берушінің өзіне қайтарады.
      Машина келесі кепілге салынған жағдайда (қайтарма кепілге салу) - өткен кепіл ұстаушылардан кепілге қайта салу жөнінде хабарландырылғандығы және қайта кепілге салуға қарсы еместігі жөнінде хат алынады.

      12. Машинаның кепілін тіркеуге ұсынылған құжаттар жақсы ресімделген түрде қабылданады. Өшіріліп қайта жазылған, қосып жазылған, сызылған сөздері бар құжаттар қабылданбайды.

      13. Тіркеуші органдар осы Ереженің 10 және 11-тармақтарында қарастырылған құжаттардан өзге құжаттарды сұрауға құқылы емес.

7. Тіркеудің тәртібі мен мерзімі

      14. Қажетті құжаттарды алған күннен бастап тіркеуші органдар:
      1) өтініш берушіге ұсынылған құжаттарды алғандығын куәландыратын күнін, уақытын (сағаты, минуты) көрсетіп қолхат беруге (2-қосымша);
      2) тіркелген машиналар кепілінің тізіліміне кепілге тіркеу туралы өтініштен алынған деректерді (соның ішінде компьютерлік база деректерін) ендіруге (3-қосымша);
      3) өтініш ұсынған тұлғаға, машинаның кепілін тіркеу туралы куәлік беруге.

      15. Машинаның кепілін тіркеу екі жұмыс күн ішінде орындалуы тиіс. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда өтініш беруші жоғарғы органға (лауазымды тұлғаға) және/немесе сотқа жүгінуі мүмкін.

      16. Тіркеу органы ұсынылған машинаның кепілін тіркеу туралы шартты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкес тексереді (Жалпы бөлім).

      17. Тіркеу пункттеріне кепілде тұрған машиналарға қатысты кепіл ұстаушыдан тіркеу әрекеттерін жүргізуге жазбаша рұқсат алмай машинаға тіркеу әрекеттерін (есептен шығаруға) жасауға болмайды.

8. Машинаның кепілін тіркеу туралы куәлік

      18. Машинаның кепілін тіркеу оны тіркеу жөніндегі куәлікпен куәландырылады (4-қосымша).

      19. Машинаның кепілін тіркеу туралы куәлікте мыналар болады:
      1) тіркеуші органының атауы;
      2) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);
      3) кепіл туралы шартты немесе кепіл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күні мен орны және оның нөмірі;
      4) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы;
      5) кепіл мәні туралы мәліметтер;
      6) тіркеуші орган берген машина кепілінің тіркелген нөмірі;
      7) машинаның кепілін тіркеген күні.
      Кепіл берушінің және кепіл ұстаушының өтініші бойынша тіркеуші орган 7 күннің ішінде машинаның кепілін тіркеу туралы жарамсыз болған куәліктің орнына оның телқұжатын береді.

9. Машинаның кепілін тіркеуден бас тарту

      20. Машинаның кепілін тіркеуден бас тартуға:
      кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар өзге шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 307-бабына (Жалпы бөлім) сәйкес келмесе;
      кепілге тіркеу туралы өтініш пен ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 10, 11, 12-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе;
      өтінішті тиісті тұлға жасамаса;
      тіркеу үшін алым төленгендігі туралы құжат болмаса негіз болып табылады.

      21. Машинаның кепілін тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеуден жалтарған жағдайда мүдделі тұлға сот тәртібімен шағым жасай алады.

      22. Кепілге тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган құжаттардың қабылдаған сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде заң талаптарының бұзылғандығына сілтеме жасай отырып өтініш жасаушыға жазбаша дәлелді бас тартуды жолдайды.

10. Тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзеу

      23. Машинаның кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету тіркелген машиналар кепілі тізілімінің "айрықша белгілер" бағанына, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы мүдделі тараптың өтініші бойынша жасалады.

11. Өзгерістерді, толықтыруларды және тіркелген
кепілдің күшін тоқтатуды тіркеу тәртібі

      24. Өтініш беруші өзгерісті, толықтыруды (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру) және тіркелген кепілдің күшін тоқтатуды тіркеу органына өтініш беру жолымен тіркейді. Өтініште алғашқы тіркелген кепілдің сілтемесі, кепіл туралы шартқа өзгеріс, толықтыру (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру), тіркелген кепілдің күшінің тоқтатылуының негізі көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ өтінішпен бірге өзгеріс және толықтыру енгізу туралы шарт (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру) ұсынылуы тиіс, бұл құжаттарды тіркеуші орган өтініш мәтініндегі мәліметтерді тексерген соң тіркеу туралы белгі соғып өтініш берушіге қайтарады.

      25. Кепіл жөніндегі шарттың әрекетінің аяқталуын тіркеу кепіл ұстаушының ұсынған жазба өтініші және негізгі міндеттемені орындалғанын растайтын құжаттар бойынша тіркелген машиналар кепілінің тізіліміндегі және тіркеу кітабындағы кепіл туралы жазбаны жою жолымен жасалады. Машинаны өзге де кепілге ұстаушылар болған жағдайда олардың оларды хабардар етілгендігі жөніндегі ұсынылған құжаттар бойынша жазбаны жою арқылы жүргізіледі.

                                   Тракторлардың және олардың
                                  базасында жасалған өздігінен
                               жүретін шассилер мен механизмдердің,
                                 монтаждалған арнайы жабдығы бар
                               механизмдерді қоса алғанда, олардың
                                тіркемелерінің, өздігінен жүретін
                                 ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
                                 және жол-құрылыс машиналары мен
                                  механизмдердің кепілін тіркеу
                                       ережелеріне 1-қосымша

___________________________________________________________________
                      тіркеуші органның атауы

                        N ____ Өтініш

Кепілге беруші

Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған
жылы мен күні; заңды тұлғаның атауы, мекен жайы, тіркеу нөмірі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Тұлғаны растайтын құжат: түрі ______ сериясы _______ N ____________
берілді _____________________________________________ берілген күні
               (құжат берген органның атауы)

Мекен-жайы, телефоны
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
атынан әрекет ететін_______________________________________________
                             (уәкілетті өкілдің деректемелері)

Қандай негізде_____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
         (уәкілеттілікті растайтын құжат деректемелері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған
жылы мен күні; заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі N:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Тұлғаны растайтын құжат: түрі _________ сериясы _______ N _________
берілді ________________________________________ берілген күні
___________________________________________________________________
                   (құжат берген органның атауы)

Мекен-жайы, телефоны_______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
атынан әрекет ететін ______________________________________________
                           (уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізде
     (уәкілеттілікті растайтын құжат деректемелері)

Жылжымалы мүлікті кепілге қою келісім-шартын тіркеуіңізді сұраймын:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Шартқа тұру күні___________________________________________________
Шарт жасау орны____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Кепілге қойылатын зат жөніндегі мәліметтер
(жылжымалы мүліктің сипаттамасы)
___________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттің ақшалай баламасы____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Шарт мерзімі_______________________________________________________
___________________________________________________________________
Кепілге қойылған мүлік кімнің пайдалануында қалады:
Кепіл беруші _____________     кепіл ұстаушы_______________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қолдану мүмкіндігі:                                  Иә       Жоқ
Одан әрі кепілдікке беру жөніндегі мәліметтер:       Иә       Жоқ
(керек емесін сызып тастау қажет)
Осы өтінішке тіркелетін құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және
кім берді:
1. Төлем туралы құжат: түрі ______________ N ______________________
____________________________________________________________ сомасы
2. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік қажет пе:
Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
-------------------------------------------------------------------
Өтініш берілген күн: ___________________________ 200 __жыл.
Өтінішті қабылдаған күн: _______________________ 200 __жыл.
Өтініш берушінің қолы: ____________________________
Уақыты: _________________ сағаты___________________ минуты.
Тіркеушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қолы
___________________________________________________________________

                                   Тракторлардың және олардың
                                  базасында жасалған өздігінен
                               жүретін шассилер мен механизмдердің,
                                 монтаждалған арнайы жабдығы бар
                               механизмдерді қоса алғанда, олардың
                                тіркемелерінің, өздігінен жүретін
                                 ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
                                 және жол-құрылыс машиналары мен
                                  механизмдердің кепілін тіркеу
                                       ережелеріне 2-қосымша

___________________________________________________________________
                      тіркеуші органның атауы

200__ жылғы "___"___________ N_____ өтініш бойынша құжат алу туралы

                                 Қолхат

Уақыты _____ cағат ________ минут.
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

1. Төлем туралы құжат: түрі __________ N _______
__________________________________________________________ сомасына
2._________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Мөр орны ----------------------------------------------------
___________________________________________________________________
Қабылдаған: _______________________________________________________
Өтінішті орындау күні _____________________________________________
Өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қолы
_____________________ 200___ жыл

                                   Тракторлардың және олардың
                                  базасында жасалған өздігінен
                               жүретін шассилер мен механизмдердің,
                                 монтаждалған арнайы жабдығы бар
                               механизмдерді қоса алғанда, олардың
                                тіркемелерінің, өздігінен жүретін
                                 ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
                                 және жол-құрылыс машиналары мен
                                  механизмдердің кепілін тіркеу
                                       ережелеріне 3-қосымша

N_________ бет
N_________ тіркеу ісі

           Тіркелген машиналардың кепілінің тізілімі

Жаз-
ба-
ның
нө-
мірі

Ре-
естр
нө-
мірі

Кепілге
қойы-
латын
зат

Кепіл ұстаушының тегі, аты-жөні, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке тұлғаның туған жылы мен күні, заңды тұлғаның атауы, тіркелген нөмірі, мекен-жайы

Кепіл берушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты,  тұрғылықты жері, жеке тұлғаның туған жылы мен күні, заңды тұлғаның атауы, тіркелген нөмірі, мекен-жайы

Ке-
піл-
дік
со-
масы

1

2

3

4

5

6







  кестенің жалғасы:__________________________________________________

Келі-
сім
шарт-
тың
жү-
зеге
асы-
рылуы

Ауыртпалықтың пайда болуы

Ауыртпалықтың тоқталуы

Тір-
кеу-
шінің
қойған
ерекше
бел-
гісі

Құжаттың нөмірі мен атауы, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қолы

Күні, уақыты (сағаты мен минуты)

Құжаттың нөмірі мен атауы, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қолы

Күні, уақыты (сағаты мен минуты)

7

8

9

10

11

12

Тіркеу бетінің жалғастырылуы/жабылуы жөніндегі жазба
-------------------------------------------------------------------

Жазбаларды жалғастыруды тоқтатудың негізі (жалғастыру кезінде)

Көшірілген жазбалардың (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалардың тізбесі (жалғастыру кезінде)

Бет нөмірі

Күні, уақыты (сағаты мен минуты)

Тіркеушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қолы






                                    Тракторлардың және олардың
                                  базасында жасалған өздігінен
                               жүретін шассилер мен механизмдердің,
                                 монтаждалған арнайы жабдығы бар
                               механизмдерді қоса алғанда, олардың
                                тіркемелерінің, өздігінен жүретін
                                 ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
                                 және жол-құрылыс машиналары мен
                                  механизмдердің кепілін тіркеу
                                       ережелеріне 4-қосымша

         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
       _______________________________________________________
                      тіркеуші органның атауы

       Машинаның кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

             200__ жылдың   "___" _________ N _______

___________________________________________________________________
___________________________________________________________ берілді

      Кепіл алушының немесе оның уәкілетті өкілінің деректемелері
      Жылжымалы мүлікке қатысты растау:

Мүлік түрі

Тізілімдік  нөмірі

Кепілге қойылған заттың сипаттамасы

Саны

Құны

Ескертулер

1

2

3

4

5

6







-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

кепілге тіркелген

Кепіл ұстаушының құқығы
Жеке тұлғаның_____________________________________________________
                тегі, аты-жөні, әкесінің аты, тұрғылықты жері,
___________________________________________________________________
                     туған жылы мен күні
Заңды тұлғаның_____________________________________________________
                      атауы, мекен жайы, тіркеу нөмірі N

кепілге қойылатын затқа____________________________________________
___________________________________________________________________

кепілге қойылатын заттың сипаттамасы

кепіл жөніндегі шарт негізінде туындаған___________________________
___________________________________________________________________
                   келісім-шарт жасалған күн
тіркелген ___________________________ және келесі негізгі шарттарды
           тіркелген күні мен нөмірі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
кепілдің мөлшері, негізгі міндеттерді атқару мерзімі,
___________________________________________________________________
                   және өзге де шарттары

Кепіл берушінің ____________ құқығы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                      құқық түрі

Жеке тұлғаның______________________________________________________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған жылы мен күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның ____________________________________________________
                     атауы, мекен жайы, тіркеу нөмірі N
расталды____________________________________________________________
             кепілге қойылған заттың құқықтық құжаттарының
____________________________________________________________________
          атауы, қабылданған күні, тіркелген күні мен нөмірі

Тіркеуші __________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Тегі, аты-жөні, әкесінің аты             қолы

Басқарушы _________________________________________________________

          Мөр орны
___________________________________________________________________
      Тегі, аты-жөні, әкесінің аты             қолы
___________________________________________________________________

      Ескертпе:
      1. Жалғандықтан сақтандыру үшін көлікті кепілге қоюдың
мемлекеттік тіркеу куәлік қағаздарында тәртіптік нөмір болуы қажет,
сонымен қатар сәуле белгісі бар тангирлі торлы қағаздан жасалуы
қажет.
      2. Осы куәлік кепілді жойғаннан кейін кері қайтарылып
беріледі.
      3. Куәлікті жоғалтып алған жағдайда, міндетті түрде тіркеу
органына жоғалту себептерін көрсетіп өтініш жазуы керек.

URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.