Күшін жойған

"Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
29.12.2008
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.29 N 618 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бір жолғы талондарды беру Ережелерін бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1469 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2001 жылғы 30 қарашада N 1685 болып тіркелген, "Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені" N 4 журналында 2002 жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 22 сәуірде N 1832 болып тіркелген, "Нормативтік-құқықтық актілер бюллетені" N 21 журналында 2002 жарияланған Қазақстан Республикасы Мемлекет кіріс министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 417 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2003 жылғы 17 мамырда N 2280 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 27 қыркүйекте N 39(144) болып жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 сәуірдегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 2003 жылғы 22 қарашада N 2568 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 27 желтоқсанда N 52(157) болып жарияланған 2003 жылғы 6 қарашадағы N 441 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бір жолғы талондарды беру ережелерінде:
      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бір жолғы талондар механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізуді жүзеге асыратын тұлғаларға көлік құралының немесе тіркеменің әрбір бірлігі үшін беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Бір жолғы талондар базарларда сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға базарларда сату - қызмет түріне беріледі. Көрсетілген осы қызмет түрінің бір жолғы талонының құны кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып белгіленеді.
      Бір жолғы талонды беру базарларда сатуды жүзеге асыратын әрбір тұлғаға жеке жүргізіледі.
      Бір жолғы талондарды әр түрлі құны белгіленген тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатуды жүзеге асыратын тұлғаларға беру бір жолғы талонның неғұрлым жоғарғы құны бойынша жүргізіледі.";

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) есептіден кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей ай сайын салық органына бір жолғы талондардың түбіршектерін, бүлінген және пайдаланылмаған бір жолғы талондардың бланкілерін тапсырады.";

      Бір жолғы талондарды беру ережелеріне 2-қосымшада:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6)-7)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп;
      7) сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу:
      1) жақын шетелден;
      2) алыс шетелден.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Үй жануарлары мен құстарды жаю.".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы (Ю.Ж.Тілеумұратов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.