Күшін жойған

Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы

Актінің түрі
Анықтама
Бұйрық
Қабылдау күні
06.09.2006
Өзгерту күні
21.10.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 № 912 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 9-тармағын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің нысаны бекітілсін. 
      2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2006 жылғы 4 қыркүйектегі
N 240 бұйрығымен     
бекітілген        

Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеменің нысаны

      Ескерту. Нысанға өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 346; 08.08.2013 № 268; 17.03.2015 № 151; 28.09.2015 № 518 бұйрықтарымен.

______________________________________________________________ (нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы )  

-анықтама-негіздеме  

N

  Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның
ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган


2. 

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)


3. 

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)


4. 

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер 


5. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларының 16-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді


6. 

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме  


7. 

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет 


8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді


8-1.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)


9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)


«__________________    ____________   ___________________
                Лауазымы         қолы        тегі және аты-жөні

      Ескерту: негіздеме-анықтамаға Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 9-тармағында көрсетілген адамдар қол қояды

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.