Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының "Өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатының және автордың куәлігінің нысандарын бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 53-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
30.04.2007
Өзгерту күні
17.03.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Патент  Заңын және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын және "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі  N 53-п Өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатының және автор куәлігінің нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3097, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2004 жылы N 41-44, 1031 б. жарияланған) бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Бұйрықтың мәтініндегі "алдын ала патент" сөздер "инновациялық патент" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасы (Баржақсы Н.Б.) осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары С. Е. Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.