Күшін жойған

"Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) 2006 жылғы 28 маусымдағы N 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
18.06.2007
Өзгерту күні
15.06.2012
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012.06.15 № 126 (ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) мәселелері" 2005 жылғы 21 сәуірдегі  N 1557 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі -Агенттік) туралы ереженің 17-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Агенттіктің 2006 жылғы 28 маусымдағы  N 108 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4334 болып тіркелген, 2006 жылғы 31 қазанда "Юридическая газета" газетінің N 190 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесінде:

      3-тармақта "аумақтық приципін ескере отырып" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта "органдары" деген сөзден кейін ", сонымен қатар Академия" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта "төрт" деген сөз алынып тасталсын;

      18-тармақта "50 құрайды, соның ішінде негізгі пән бойынша 7 баллдан кем болмау керек" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелерінде анықталған баллдарға сәйкес болады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23-тармақта "аумақтық органдарының кадрларына және тілдік бөлімшелеріне қажеттілік есебімен" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.