Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
23.07.2007
Өзгерту күні
27.08.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 242 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі  N 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2462 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы  N 15 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3483 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының зейнетақымен қамсыздандыру  ережесінде :

      7-тармақ ", егер тараптардың келісімдері бойынша шартта осындай индексация көзделген жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақтағы "6-тармағына" деген сөзбен цифр "7-тармағына" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;

      16-тармақ алынып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін анықтаған кезде сақтандыру ұйымының істі жүргізу шығыстары әрбір сақтандыру төлемінің 3 пайызынан астам еместі қосқанда сақтандыру сыйақысының мөлшерінен 3 пайыздан астам еместі құрайды.";

      1-қосымшаның 2.5-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.