Ленгір қаласы мен Төлеби ауданының кейбір ауылдық округтарының шекараларын өзгерту туралы

Актінің түрі
Шешім
Қаулы
Қабылдау күні
28.06.2007
Өзгерту күні
31.05.2007
Актіні қабылдаған орган
Түркістан облысының мәслихаты
Түркістан облысының әкімдігі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11-бабына  сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімиятының ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ :

      1. Ленгір қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауданының Аққұм ауыл округінен жалпы көлемі 258,8 гектар, Алатау ауыл округінен жалпы көлемі 271,2 гектар, Қазығұрт ауыл округінен жалпы көлемі 93,6 гектар, Зертас ауыл округінен жалпы көлемі 121,5 гектар, жалпы барлығы 745,1 гектар жер бөлігінің қосылуымен Ленгір қаласының және Аққұм, Алатау, Қазығұрт, Зертас ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.