Күшін жойған

Шымкент қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Актінің түрі
Шешім
Қаулы
Қабылдау күні
11.07.2007
Өзгерту күні
26.03.2014
Актіні қабылдаған орган
Шымкент қаласының мәслихаты (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы)
Шымкент қаласының әкімдігі (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы)

      Ескерту. Күші жойылды - Бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 26.03.2014 № 495 қаулысы және Шымкент қалалық мәслихатының 20.03.2014 № 33/214-5с шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  2 бабына және  13 бабының 3 тармақшасына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 6 ,  31 баптарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының бірлескен 2007 жылғы 13 наурыздағы  N 31/354-шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 15 наурыздағы "Шымкент қаласының және Сайрам ауданының шекараларын өзгерту туралы" қаулысы негізінде Шымкент қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ  және Шымкент қаласы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Осы бірлескен шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби және Еңбекші аудандардың шекаралары белгіленсін.
      2. Осы бірлескен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Қалалық мәслихат 
      сессиясының төрағасы 
 
      Шымкент қаласының әкімі
 
      Қалалық мәслихат
      хатшысы

Шымкент қалалық мәслихатының   
      бірлескен 2007 жылғы 4 маусымдағы 
      N 40/397-3с шешіміне және Шымкент 
      қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 7 
      маусымдағы N 1164 қаулысына қосымша 

Шымкент қаласы Абай ауданы
аумағының шекаралары

      Шекаралары: шығысында Әл-Фараби ауданымен шектеседі, аудан аумағы қаланың батыс бөлігінде орналасқан.
      Қаланың солтүстік шекарасынан бастап, Бозарық шағынауданының батыс шекарасының бойымен Шымкент-Шаян трассасына дейін және оның белдеуімен Ташкент-Алматы айналма трассасына дейін, Ташкент-Алматы трассасынан Бәйдібек би даңғылының белдеуімен ипподром, дендросаябақ, зообақ аумағын айнала өтіп, Казиев көшесінің белдеуімен Мәделі Қожа көшесіне дейін және оның белдеуімен Рысқұлбеков көшесіне дейін. Мәдели Қожа көшесінен Рысқұлбеков көшесінің белдеуімен Ілияев көшесіне дейін және осы көшенің белдеуімен Б.Момышұлы көшесіне дейін, одан әрі Б.Момышұлы көшесінің бөлу жолағының белдеуімен Республика даңғылына дейін. Б.Момышұлы көшесінен Республика даңғылының бөлу жолағы белдеуімен Энергетиктер көшесін кесіп өтіп, Ташкент автотрассасының белдеуімен қаланың Оңтүстік шекарасымен "Қазығұрт" шағынауданын, ҚР ІІМ 6506 әскери бөлімінің атыс алаңын, орман шаруашылығын, Ақтас шағынауданын қоса отырып, қала шекарасымен Бадам өзенін және Шымкент құс фабрикасын кесіп өтіп, Жиделі, Ынтымақ, Қатынкөпір, Ақжайық, Асар, Тұлпар шағынаудандарының шекарасымен Бозарық шағынауданына дейін.

  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы 
аумағының шекаралары

      Шекаралары: батысында Абай ауданымен, шығысында Еңбекші ауданымен шектеседі.
      Қаланың солтүстік шекарасынан бастап Бозарық, Нұртас шағынаудандары шекарасының бойымен, Ташкент-Алматы трассасына шығып, осы жолды бойлай Қайтпас-1 шағынауданын қоса отырып, Адырбеков көшесіне дейін. Одан әрі Адырбеков көшесінің белдеуімен Нұрсәт, Түркістан, Отырар шағынаудандарын қоса отырып, Төле би көшесіне дейін, одан әрі Төле би көшесінің белдеуімен теміржол магистраліне жетіп, осы магистраль бойымен Деповская көшесіне дейін. Теміржол магистралінен Деповская көшесінің белдеуімен, Бадам өзенін кесіп өтіп, Воровский көшесіне шығады және осы көшенің бойымен Бозарық каналын өтіп, қаланың оңтүстік шекарасымен Сәуле шағынауданын қамти отырып, Ташкент трассасына шығады да осы трассаның белдеуімен Энергетиктер көшесін кесіп өтіп, Республика даңғылына дейін. Энергетиктер көшесінен Республика даңғылының бөлу жолағы белдеуімен Б.Момышұлы даңғылына дейін және осы даңғылдың бөлу жолағының белдеуімен Ғ.Ілияев көшесіне дейін, одан әрі Ғ.Ілияев көшесінің белдеуімен Рысқұлбеков көшесіне дейін. Ілияев көшесінен Рысқұлбеков көшесінің белдеуімен Мәделі Қожа көшесіне дейін және осы көшенің белдеуімен Казиев көшесіне дейін, одан әрі Казиев көшесінің белдеуімен дендросаябақ, зообақ, ипподром аумағын қоса отырып, Ташкент-Алматы кіші айналма жолы арқылы Бәйдібек би даңғылына дейін және осы даңғылдың белдеуімен Ташкент-Алматы айналма трассасына дейін, одан әрі Шымкент-Шаян айналма трассасының Бозарық шағынауданына дейін және оның батыс шекарасымен қаланың солтүстік шекарасына дейін.

  Шымкент қаласы Еңбекші ауданы
аумағының шекаралары

      Шекаралары: батыс жағында Әл-Фараби ауданымен шектеседі, аудан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан. Қаланың солтүстік шекарасынан Ташкент-Алматы трассасымен Тассай (Лапшино) селосының Тәукехан көшесінің белдеуімен Жібек жолы көшесін кесіп өтіп, қала шекарасының бойымен теміржол магистраліне дейін, "Азат" шағынауданын, 126 разъездің тұрғын үйлерін қоса отырып, "Казбакалейторг" базасына дейін, одан қала шекарасының бойымен Алатау көшесіне дейін және осы көшемен N 1 автожол көпіріне дейін. N 1 автожол бойымен өнеркәсіптік аймағын қамти отырып, ИЧ-167/2 тұрғын үйлерін, Жастар және Теміржол көшелерін қоса отырып, қала шекарасымен Қапал батыр көшесіне дейін, осы көшемен Әміраға көшесіне дейін. Қапал батыр көшесінен Әміраға көшесінің бойымен Бадам өзеннің сол жағалауын кесіп өтіп, қала шекарасымен Бадам селосын қамтып, қаланың оңтүстік шекарасымен Деповская көшесімен қиылысқанша. Одан әрі Деповская көшесінің белдеуімен теміржол магистралін бойлай Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің бөлу жолағы белдеуімен Адырбеков көшесіне дейін және осы көшенің белдеуімен Тараз, Нұрсәт шағынаудандарын қоса отырып, Ташкент-Алматы трассасына дейін.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.