Күшін жойған

Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
22.05.2008
Өзгерту күні
01.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы бұйрықтың күшіне енуіне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар осы бұйрықпен бекітілген бағалы қағаздардың тиісті листингілік санаттарына осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап бір ай өткеннен кейін аударылуы тиіс.

      7. Осы бұйрық қосымшасының 8-12 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылатын болады.

      8. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне тек осы бұйрық қосымшасының 8, 9 және 12-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана қосылатын болады.
      Осы бұйрық қосымшасының 10, 11 тармақтарына сәйкес 2009 жылғы 31 желтоқсанына дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар өтеу күніне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатында қалатын болады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріc енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.

      Төраға                                       А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрағасы
      ________________ Е. Бахмутова
      2008 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Республикасы Алматы  
қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119
бұйрығына қосымша       

Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі
деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ
осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар (әрі қарай - Талаптар) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
      2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
      3) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
      5) индекстік қор - активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
      6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
      7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
      8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің Талаптарда белгіленген шарттарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;
      9) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
      10) листингтік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
      11) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
      12) ресми тізім секторы – осы секторға белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;
      13) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);
      14) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
      15) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      16) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген қайта құрылымдау жоспары не «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген сауықтыру жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдерінің кешені.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Нарық туралы заң) және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, оның ішінде базалық активі Нарық туралы заңға және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).
      Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының айналымына, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (жіберілген) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары жіберіледі.
      Ресми тізімі мынадай секторлардан тұрады:
      1) акциялар;
      2) борыштық бағалы қағаздар;
      3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;
      4) депозитарлық қолхаттар;
      5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;
      6) мемлекеттік бағалы қағаздар;
      7) туынды бағалы қағаздар;
      8) исламдық бағалы қағаздар.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімнің секторлары жеке санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді.
      Қор биржасының ішкі құжаттары осы тармақта көрсетілген ресми тізімінің секторларынан басқа, қосымша секторлардың қызмет етуін көздей алады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. "Акциялар" секторындағы айналымға жіберілетін
(жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      3. "Акциялар" секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.

      4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне үш жылдан аз талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
      2) эмитент халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қазандағы № 04.2-44/172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген) (бұдан әрі – аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрық) бекітілген қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған үш қаржы жылынан кем емес аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген баламасы айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерiнен кем емес соманы құрайды.
      Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы АЕК-тың сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес сома болуы тиіс.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
      Акциялар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
      6) әрбір соңғы үш жыл ішіндегі акциялар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы абзац 2013.01.01 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (3-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
      Акциялар ресми тiзiмнiң осы санатында болған кезде, әрбір жылға баламасы АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы үш жылдың екi жылында акциялар эмитентiнiң таза пайдасының болуына жол берiледi.
      Эмитент осы тармақшаның бiрiншi абзацында белгiленген таза пайданың мөлшері бойынша талаптарды орындамаған жағдайда оның акциялары, егер эмитенттің операциялық қызметінен түскен қаражаттарының таза ағымы оның аудиторлық есеппен расталған қаржы есептiлiгiне сәйкес (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) әрбір соңғы үш жылда оң болса, осы санатқа көрсетілген талаптар ескерілмей енгiзiледi;
      7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде он пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он бес пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң жиырма бес пайызын құрайды.
      Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді. Бұл талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын (бұдан әрі – Халықтық ІРО бағдарламасы) іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.
      Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын құрайды.
      Халықтық ІРО бағдарламасын іске асыру шеңберінде акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына шығаруды жүзеге асырған ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң орналастырылған акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
      Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші (ең жоғарғы) санаты бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымды (ұйымдарды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған оның жұмыс істеу мерзімін есептеу жүргізіледі.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзіміне екі жылдан аз талап қойылса, онда осы тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың іс жүзінде жұмыс істеу мерзіміне байланысты қолданылады;
      2) эмитент ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрықпен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай өткен соң берілсе, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталған күнінен бастап төрт ай ішінде берілсе, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылы үшін соңғы қаржылық есептілік жасалған күннен бастап акцияларды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп береді.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығын) шолу бойынша есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы ұсынған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін жасаған күннен бастап осы санатқа акцияларды енгізу туралы өтініш берген күнге дейін алты айдан аспайтын мерзім өтуі тиіс;
      5) эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте эмитенттің меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес баламасы АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
      Осы санаттағы акциялардың сауда-саттығы ашылған күннен бастап алты айдан кейін қор биржасының iшкi құжаттарына сәйкес анықталатын осы акциялар эмитентiнiң нарықтық капиталдандырылуы баламасы АЕК-тың бір жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес соманы құрайды.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізген жағдайда қолданылмайды.
      Акциялар қор биржасының ресми тізімінің осы санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциялық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталын төмендетуге жол беріледі;
      6) соңғы екі жылдың біреуіндегі акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
      7) еркін айналыстағы акциялардың саны осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң осы түрдегі орналастырылған (эмитент сатып алғандарды, ауыртпалық салынғандарды және (немесе) оқшауланғандарды қоспағанда) акцияларының жалпы санының кемінде бес пайызын, осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап бір жыл өткен соң - он пайызын және осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап екі жыл өткен соң он бес пайызын құрайды.
      Еркін айналыстағы акциялар санына «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
      Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін еркін айналыстағы акциялар саны бойынша талап осы акциялармен сауда-саттық ашылған күннен бастап алты ай өткен соң орналасқан акциялар санының кемінде бес пайызын құрайды.
      Еркін айналыстағы акциялар санын есептеу осы эмитенттің жай және артықшылықты акциялары бойынша бөлек жүзеге асырылады;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеген елдің заңнамасында көзделген жағдайда, эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелген елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      9) акцияларды осы санатқа енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті;
      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.10.29 № 332 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      6. Эмитент акцияларын қор биржасының ресми тізімінің үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санаты бойынша «акциялар» секторына енгізу және оларды онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
      1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      3) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы немесе эмитент бір жылдан кем қызметін жүзеге асырған жағдайда, нақты жұмыс істеу кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, эмитенттің қаржылық есептілігін береді.
      Рұқсат беру бастамашысының акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініші соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен осы акциялар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті берусіз қабылданады, эмитентте мына құжаттардың біреуі бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аралық қаржы ақпаратының шолуы (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп, не жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы көрсетілген өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтпеген, аудиторлық есеппен расталған, осы эмитенттің аралық қаржылық есептілігі;
      4) эмитенттiң меншiктi капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың елу бiр мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      5) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      6) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6-1. Осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасының, 5-тармағының 3) тармақшасының және 6-тармағының 2) тармақшасының талаптары мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «акциялар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
      2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің акциялар секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің акциялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болған, сондай-ақ осы шетел қор биржасы таныған аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. "Борыштық бағалы қағаздар" секторындағы айналымға
жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      7. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы үш санаттан тұрады:

      1) рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;

      2) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының бірінші санатшасы (ең жоғарғы санат);
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасы (ең жоғарғы санатынан кейінгі санат);

      3) буферлік санат.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының  2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.

      8. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және олардың онда болуы үшін, осы бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) рейтингілік бағалары уәкілетті органымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірімен борыштық бағалы қағазына рейтингілік баға берілді. Рейтингілік бағасы уәкілетті орган белгілеген деңгейден төмен емес. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар бар болғанда, осы бағалардың соңғысына назар аударылады;
      2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кемінде екі жыл уақыт ішінде жүзеге асырады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес оны (оларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
      Егер, қор биржасының ішкі құжаттарымен акцияларының жүз пайызы (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзіміне қойылатын талап белгіленсе, онда осы тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талап осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
      3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер акцияларды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
      6) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      7) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
      8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына (ең жоғарғы санат) арнайы кәсіпорындар немесе арнайы қаржылық компания шығарған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері келесі талаптарға сай болуы керек:
      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритизация мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) эмитент және оның рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 Бұйрығымен.
      10. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» шағын санатына енгізу үшін, инфрақұрылымдық облигацияларды, қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімін және олардың сонда болуын қоспағанда, осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін екі жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, соңғы аяқталған екі қаржы жылынан;
      егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған эмитенттің қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
      Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
      6) соңғы екі жылдың біреуіндегі эмитенттің таза кірісі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-тың екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған, көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болатын аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      9) борыштық бағалы қағаздарды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің біреуі осы борыштық бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін тағайындау туралы өтініш береді, ал олардың осы шағын санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;
      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 8-тармағының 1)3),  6) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының «бірінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 10-тармағының 2)8) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарымен айқындалады.
      Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші шағын санаттың рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санатынан кейінгі)» шағын санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осындай бағалы қағаздар және олардың эмитенті мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) эмитенттің мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы өтініш берген күнге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылған ұйымның (ұйымдардың) қызмет атқару мерзіміне сынақ жүргізіледі.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында акцияларының (жарғы капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке, ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін бір жылдан кем қызмет атқару мерзімі талабы белгіленген болса, осы тармақтың 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптар осы ұйымдардың нақты қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;
      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      4) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан;
      егер борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу жөніндегі өтініш аяқталған соңғы қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі аяқталған қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің қаржылық есептілігін ұсынады.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап, борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған эмитенттің қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап борыштық бағалы қағаздарды осы шағын санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін алты айдан аспауы тиіс;
      5) эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болады. Бұл ретте эмитенттің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
      Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы шағын санатында болған кезде уәкілетті орган белгілеген меншікті капитал жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативті сақтаған жағдайда қаржы ұйымының меншікті капиталының төмендеуіне жол беріледі;
      6) эмитенттің аяқталған үш қаржы жылының біреуіндегі, аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күнiне жасалған қаржылық есептiлiкке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайданың болуы;
      7) лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылының сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша АЕК-тың үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржы жылының төртінші тоқсаны немесе өтініш берген жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған болса, оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы мәселе аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілігінің (ағымдағы жылдың алты немесе тоғыз айындағы) деректері негізінде қарастырылады, оған сәйкес көрсетілген кезеңдегі оның сату көлемі осы тармақшаның бірінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес болады;
      8) Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік қоғамдарға қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе егер оның болуы эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елі заңнамасында көзделген жағдайда эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелу елінің заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген мазмұны бойынша ұқсас өзге құжаттың болуы;
      9) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
      11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болу үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
      3) рейтингілік бағасын уәкілетті органымен танылатын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингілік баға берілді.
      Оригинаторда «ВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктің жіктеуі бойынша) не Standard & Poor's, Fitch және (немесе) Moody's Investors Service рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдің рейтингілік бағасы бар.
      Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингілік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына назар аударылады;
      4) оригинатор ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      5) рұқсат беру бастамашысы мыналардан:
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай өткен соң берілген болса, аяқталған соңғы екі қаржы жылынан;
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу жөніндегі өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы аяқталу күнінен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылынан кейінгі қатарынан аяқталған екі қаржы жылынан кем емес уақыттағы аудиторлық есеппен расталған оригинатордың қаржылық есептілігін ұсынады.
      Рұқсат беру бастамашысы соңғы берген аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті берген күнге дейін алты айдан аспауы тиіс;
      аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам мерзім өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есепті береді;
      Оригинатордың қаржылық есептілігінің аудитін (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілік) қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың біреуі жүргізеді;
      6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес АЕК-тың жүз жетпіс бір мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне қаржылық есептілікке (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес соңғы екі жылдың біреуі үшін таза кірісінің бар болуы;
      8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілген;
      9) оригинатордың левередж мөлшері аудиторлық есеппен расталған соңғы есептік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
      10) рұқсат беру бастамашысы (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) эмитенттің соңғы есептік күніне ҚЕХС сәйкес жасалған және қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікті береді;
      11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;
      12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
      13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
      14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
      15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс;
      16) акционерлік қоғамдарға қатысты эмитент акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
      17) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 11-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келеді:
      1) Талаптардың 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 16) және 17) тармақшаларында көзделген талаптар;
      2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кіретін бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.
      Ескерту. 11-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11-4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызына иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялары қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған, ұйымның дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленген екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын қаржы секторының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін осы облигациялар және олардың эмитенті Талаптардың 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
      Ескерту. 11-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Инфрақұрылымдық облигациялар қаржы секторының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші шағын санатына» (ең жоғарғы санатынан кейінгі) шағын санатына енгізіледі.
      Инфрақұрылымдық облигацияларды ресми тізімнің осы шағын санатына енгізу және сонда болу үшін осы облигациялар және олардың эмитенті осы Талаптардың 11-тармағының 2)3)8), және 9) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12-1. Талаптардың 8-тармағының 4) тармақшасындағы, 10-тармағының 3) тармақшасындағы және 11-тармағының 3) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
      2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілетін (жіберілетін) Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттің облигациялары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасы таныған аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, аталған эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.

      13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы ресми тізімдегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;
      3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
      Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-3. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      Ескерту. 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
      Ескерту. 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-5. Эмитент (рұқсат беру бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын Талаптардың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан басқа, өзге ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің бақылау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көзделген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
      Іс-шаралар жоспары:
      1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасын;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептерін;
      3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған эмитенттің орындауға болжанған негізгі іс-шараларын;
      4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындау мерзімдерін;
      5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамын;
      6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесін қамтиды.
      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      Осы тармақта белгіленген талаптар қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.
      Қайта құрылымдау процесінде тұрған және елу пайыздан көп орналастырылған акциялары тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банкті және оның бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау екінші деңгейдегі банктің атқарушы органының бірінші басшысы (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) не аталған екінші деңгейдегі банктің бірінші басшысының міндетін атқаратын тұлға (атқару органы функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлға) қол қойған өтініштің негізінде, осы аударым жасауды қор биржасының директорлар кеңесі мақұлдаған кезде жүргізіледі.
      Ескерту. 13-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он  бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы санатшаның талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
      Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы Талаптардың 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 13-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010.02.08 N 04.2-40/33 Бұйрығымен.
      13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің санатында қалады.
      Ескерту. 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
      Ескерту. 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұратуы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
      1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
      2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
      Ескерту. 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
      Ескерту. 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-12. Осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, листингтік комиссияның шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
      Ескерту. 13-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-13. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы Талаптардың 13-9-тармағында  көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      Ескерту. 13-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      Ескерту. 13-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
      Ескерту. 13-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
      1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент тарату процесінде болу нәтижесінде тоқтатылғанда;
      2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      4) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
      6) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
      7) осы Талаптардың 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
      8) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 13-14-тармақтарын ескеріп, осы Талаптардың 10-тармағының 1) – 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
      9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
      10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
      11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы Талаптардың 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
      12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
      13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.
      Ескерту. 13-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.

4. "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторындағы айналымға жіберілетін (жіберілген)
үлестік бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне
қойылатын талаптар

      14. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен пайларын енгізу үшін және онда болу үшін, осы бағалы қағаздар, сондай-ақ инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер оның инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжаты болса (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) инвестициялық қордың бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу елінің заңнамасына сәйкес олар шығарған бағалы қағаздар қор биржасының сауда-саттық жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат беріледі;
      2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасайды;
      3) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы өтініш берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елінің заңнамасымен көзделген тиісті құжатты алған күннен бастап бір жылдан кем емес уақыт өтті;
      4) рұқсат беру бастамашысы соңғы толық аяқталған қаржы жылы не нақты жұмыс істеу кезеңі үшін аудиторлық есеппен расталған, инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін береді.
      Соңғы қаржы жылы аяқталғаннан кейінгі алғашқы төрт ай ішінде рұқсат беру бастамашысының инвестициялық қордың бағалы қағаздарын осы секторға енгізу жөніндегі өтінішін қор биржасы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін берусіз қабылдайды, оларда мыналар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржы жылынан кейінгі жыл үшін аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептілік, сондай-ақ жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аралық қаржы ақпаратының шолуы (инвестициялық қордың басқарушы компаниясының немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп немесе жасалу уақытынан рұқсат беру бастамашысы аталған өтінішті берген күнге дейін алты айдан астам өткен, аудиторлық есеппен расталған, осы инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігі;
      5) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың меншікті капиталы жарғы капиталынан кем болмайды және соңғы есептік күніне аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) – шоғырландырылған қаржылық есептілігі болған жағдайда) сәйкес АЕК-тың төрт жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайды;
      6) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудитін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы бұйрығымен бекітілген қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;
      7) инвестициялық қордың болуының барлық мерзімі ішінде оның басқарушы компаниясында немесе инвестициялық қорда бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болған жоқ;
      8) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі тиіс, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің бар болуы міндетті;
      9) соңғы есептік күніне инвестициялық қордың таза активтерінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес АЕК-тың екі жүз он бес мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.
      Егер ресми тізімге енгізу күнінде осы инвестициялық қордың орналастырылған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, таза активтердің құны бойынша осы тармақшаның талаптары инвестициялық қордың осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш айдан кейін қолданылады;
      10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарды ұстаушылардың саны осы бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылған күннен бастап үш ай өткен соң елуден кем емес болуы тиіс;
      11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады;
      12) басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың құрылтай құжаттарында бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;
      13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркелуі оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініші берілген күнге дейінгі бір жылдан кем емес бұрын жүзеге асырылған;
      14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кіретін бағалаушының біреуімен жүргізіледі.
      Осы тармақша Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға қолданылады;
      15) жұмыс істеуінің әрбір жылы үшін акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күндегі қаржылық есептілікке (еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікке) сәйкес таза пайдасының бар болуы;
      16) акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің бар болуы.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14-1. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жылжымайтын мүлік қорының акцияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған жылжымайтын мүлік қоры мен оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларымен қарастырылған;
      2) шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің және/ немесе басқа міндеттемелерінің жиынтықтағы көлемі жылжымайтын мүлік қорының жеке капиталының он пайызынан аспауы;
      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде түскен табыстар жылжымайтын мүлік қорларының инвестициялық табыстарының жетпіс бес пайызынан кем болмауы;
      4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорын басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбауы;
      5) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік ауыртпалатылған және сенімді басқаруға берілмеуі;
      6) жалға беру келісім-шартымен бекітілген, жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға беру бір жылдан кем емес мерзімді құрауы;
      7) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға үш жыл мерзімі ішінде ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін беріледі.
      Жіберілім бастамашысы қор биржасына жалға беру туралы стандартты нысандағы келісім-шартын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын ресми тізімге жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін жасалған жалға беру келісім-шарттарының көшірмелерін ұсынады.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      
      14-2. Талаптардың 14-тармағының 13) тармақшасында және 14-1-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар рейтингілік бағасын уәкілетті орган танитын рейтингілік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің біреуінің рейтингілік бағасы бар жылжымайтын мүлік қорына қолданылмайды.
      Ескерту. 14-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      15. Индекстік қордың бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «инвестициялық қордың бағалы қағаздары» секторына енгізу және олардың сонда болуы үшін индекстік қор мен оның бағалы қағаздары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      1) Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген;
      2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған биржалардың тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілгенде.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15-1. Талаптардың 14-тармағының 6) тармақшасындағы талаптар мынадай жағдайлардың бірінде қолданылмайды:
      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қоры халықаралық аудиторлық ұйымдарының Deloitte Touche Tohmatsu, PricewaterhouseCoopers, Ernst & Young немесе KPMG біреуінде жасалған, осы эмитенттің орналасқан елінде тіркелген аудиторлық есеп бергенде;
      2) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (кіретін) Қазақстан Республикасының резиденті емес басқарушы компаниямен құрылған және (немесе) басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес акционерлік инвестициялық қорының бағалы қағаздары Дүниежүзілік биржалар федерациясы (The World Federation of Exchanges) құрамына кіретін шетел қор биржасында еркін айналыста болғанда, сондай-ақ осы шетел қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың біреуімен аудиторлық есеп ұсынғанда.
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Депозитарийлік қолхаттар листингіне
қойылатын талаптар

      16. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «депозитарлық қолхаттар» секторының айналымына базалық активі Нарық туралы заңына және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарлық қолхаттар енеді.
      Ресми тізімнің осы секторына депозитарлық қолхаттарды енгізу талаптар, осы Талаптардың 5-тармағында белгіленген, базалық актив болып табылатын акцияларға қатысты және оның эмитентіне қолданылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

6. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарының жіберілуіне қойылатын талаптар

      17. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторындағы айналысқа халықаралық қаржы ұйымдарының мынадай талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздары жіберіледі:
      1) олардың есебі орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жүзеге асырылуы;
      2) ресми тізімнің осы секторына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың осы секторда болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің міндетті бар болуы.
      Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының сауда жүйесінде айналысқа жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасы белгілейді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

7. Мемлекеттік бағалы қағаздар жіберілуіне
қойылатын талаптар

      18. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «мемлекеттік бағалы қағаздар» секторының айналымына Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:
      1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;
      2) ресми тізімнің берілген санатына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Осы талап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының айналымына «В-» (Standard & Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің классификациясы бойынша) немесе «В3» (Moody's рейтингілік агенттігінің классификациясы бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді несиелік рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 18-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес келуі тиіс.

8. "Туынды бағалы қағаздар" секторының айналымына
жіберілетін (жіберілген) қаржы құралдарына және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      20. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «туынды бағалы қағаздар» секторына туынды бағалы қағаздарды енгізу және олардың сонда болу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті уәкілетті органмен келісуге жататын қор биржасының ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

9. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша қаржы орталығының
арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін немесе
онда орналасқан бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      21. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 22-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болуы жағдайында жеңілдетілген рәсімдеуді қолдануға жол беріледі. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша секторлардың бөлек санаттарға (санатшаларға) бағалы қағаздарды жатқызу шарттары қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын ықшамдалған рәсім бойынша енгізу үшін қойылатын талаптар:
      1) бағалы қағаздар уәкілетті орган таныған қор биржаларының тізбесіне кіретін қор биржаларының ішіндегі біреуінің ресми тізіміне енгізілген;
      2) эмитенттердің ақпаратты ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен рұқсат беру бастамашысы немесе эмитент арасында жасалған ақпаратты ашу туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады;
      3) бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің бірі оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы өтініш береді, ал олардың ресми тізімде болу кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті;
      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

10. Қорытынды ережелер

      23. Қор биржасы осы Талаптарда берілген талаптардан өзге өзінің ережелерінде жіберілім бастамашыларына және листингілік компанияларына қосымша талаптар қоюы мүмкін.

      24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы арызды қарастыру тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.