Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
26.05.2008
Өзгерту күні
22.10.2014
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Инвестициялық портфельді басқарушының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 328 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3314 тіркелген) қаулысына Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген) қаулысымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының есеп беру ережесінде:

      3-1-тармақтағы "оның орнындағы адам" деген сөздер "ол уәкілеттік берген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-3-тармақтағы "және оның орнындағы адамы" деген сөздер "немесе ол уәкілеттік берген тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-4-тармақпен толықтырылсын:
      "3-4. Есептерге қол қоюға уәкілеттік берілген адам оларға қол қойған жағдайда осы адамның есептерге қол қоюға өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылады.";

      1-қосымшада:

"

Номиналдық құны валютасы

7

                          "
деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

Қалыптастырылған резервтер (провизиялар)

7-1

                          ";
      "Жиынтық ағымдағы құны" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"

Жиынтық ағымдағы құны (ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегергендегі)

                            ";

      2-қосымшада:

"

Бағалы қағаздар саны

10

                           "
деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

Қалыптастырылған резервтер (провизиялар)

10-1

                           ";
      "Операция сомасы теңгемен" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"

Операция сомасы теңгемен
(ықтимал залалдарға
арналған резервтерді
шегергендегі)

                            ";

      3-қосымшада:

"

Салым бойынша сыйақы

теңгемен

шетел валютасында

11

12

                             "
деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:

"

Қалыптастырылған резервтер
(провизиялар)

12-1

                           ";
      "Салымның ағымдағы құны жиынтығы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"

Салымның ағымдағы құнының
жиынтығы (ықтимал
залалдарға арналған
резервтерді шегергендегі)

                            ";

      4-қосымшаның "Баланстық құны" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"

Баланстық құны, (мың
теңгемен)

                            ";

      5-қосымшада:
      "Дебиторлық берешек" деген жолдан кейін "Туынды қаржы құралдары" деген жолмен толықтырылсын;
      "аяқталмаған құрылыс" деген жол алынып тасталсын;
      "Айналыстағы бағалы қағаздардың саны" деген жолдағы "бағалы қағаздардың" деген сөздер "пайлардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"

Пайдың кірістілігі (ин-
вестициялық пай қоры
үшін), жылдық %-бен ((Р
/Р2-1)/N х 365 күн х
100)*




Акциялардың құны (акционерлік инвестициялық қор үшін)




Заңды тұлғалардың пай иелерінің саны (инвес-
тициялық пай қоры үшін)




Жеке тұлғалардың пай иелерінің саны (инвес-
тициялық пай қоры үшін)




                                                            ";
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      "* P1 - есепті кезең соңындағы пайдың есептік құны;
      P2 - есепті кезең басындағы пайдың есептік құны;
      N -тоқсандағы күндер саны.";

      6-қосымшада:
      "Шетел валютасын қайта бағалаудан" деген жолдан кейін "Қайта бағалаудан болған өзге кірістер (шығындар)" деген жолмен толықтырылсын;
      "Инвестициялық портфельді басқарушыға тиесілі комиссиялық сыйақы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комиссиялық сыйақы";
      "Оның ішінде:" деген жолдан кейін "инвестициялық портфельді басқарушыға" деген жолмен толықтырылсын;
      "Өзге комиссиялық төлемдер" деген жол алынып тасталсын;

      8-қосымшада:
      "Клиенттердің активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар" деген 1-кестенің

"

Бағалы қағаздың түрі және эмитенттің атауы

2

                             "
деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"

Бағалы қағаз түрі

Эмитенттің атауы

2

2-1

                                         ";
      "Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар" деген 3-кестенің "Ағымдағы құны[(5)+(6)]" бағанындағы "5" деген цифр "6" деген цифрмен, "6" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;

      9-қосымшадағы реттік нөмірлері 6, 6.1, 6.1.1., 6.1.2., 6.2., 6.2.1., 6.2.2-жолдар алынып тасталсын;

      10-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

                                      Қазақстан Республикасы Қаржы
                                      нарығын және қаржы ұйымдарын
                                      реттеу мен қадағалау агенттігі
                                              Басқармасының
                                         2008 жылғы 26 мамырдағы
                                          N 79 қаулысына қосымша

                                        "Инвестициялық портфельді
                                          басқарушының есеп беру
                                           ережесіне 10-қосымша

      Акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың
   капиталына инвестициялық қордың инвестициялары туралы есеп

      Инвестициялық портфельді басқарушы _________________________

                200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                (мың теңгемен)

N
р/с

Заңды
тұлғаның
атауы

Заңы
тұлғаның
коды

Ағымдағы
құны

Эмитенттің
жарғылық
капиталын-
дағы үлесі
(%-бен)

Сатып
алынған күні

1

2

3

4

6

7

1.

Барлық өзге
клиенттер
бойынша
жиынтығы





1.1.






1.2.






...






2.

Инвестициялық
қорлар бойынша
жиынтығы





2.1.

Инвестициялық
қор бойынша
жиынтығы





2.1.1.






2.1.2.






...






2.2.

Инвестициялық
қор бойынша
жиынтығы





2.2.1.






2.2.2.






...







Барлығы:





Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға  ________________________________ күні____________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға  ________________________________ күні____________
Орындаушы        ________________________________ күні____________
Телефоны: ________________________________

      Мөр орны.".

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.