Күшін жойған

"Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
28.08.2008
Өзгерту күні
01.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегi агенттiгi

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі туралы ереженің 17-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1485) "Юридическая газета" және 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1311) "Заң газетінде" жарияланған) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығының қосымшасында (бұдан әрі - Талаптар):

      1) Талаптардың 4-тармағының 6) тармақшасында:
      "эмитенттің" деген сөзінен кейін "соңғы есеп беру датасына" деген сөздерімен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Акциялар эмитенті берілген тармақшаның бірінші абзацында белгіленген таза кіріс көлемі бойынша талаптарды орындамаған жағдайда және егер эмитенттің операциялық іс-әрекетінен түскен ақшалай қаражат ағымдары өткен соңғы үш жылдың әрқайсысы үшін оның қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес оң болған жағдайда, онда оның акциялары берілген категорияға көрсетілген талаптарды ескерусіз енгізіледі;";

      2) Талаптардың 5-тармағының 6) тармақшасында:
      "эмитенттің" деген сөзінен кейін "соңғы есеп беру датасына" деген сөздерімен толықтырылсын;

      3) Талаптардың 6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      4) Талаптардың 8-тармағында:
      "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" секторына" деген сөздері "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      5) Талаптардың 9-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) эмитент және оның рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.";

      6) Талаптардың 10-тармағында:
      1) тармақшаның екінші абзацында:
      "10-тармақтың" деген сөздері "осы тармақтың" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      7) Талаптардың 11-тармағында:
      1) тармақшаның екінші абзацында:
      "11-тармақтың" деген сөздері "осы тармақтың" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) соңғы есеп беру датасына қаржылық есептіліктің расталған аудиторлық есебіне сәйкес соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін эмитенттің таза табысының болуы;";
      7) тармақшаның орыс тілі мәтініндегі "қаржылық есептіліктің аудиторлық есеппен расталған мәліметтері бойынша" деген сөздері "қаржылық есептіліктің расталған аудиторлық есебінің мәліметтері бойынша" деген сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрағасы
      ________________  Е. Бахмутова
      2008 жыл 29 тамыз

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.