Күшін жойған

"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Актінің түрі
Стандарт
Қаулы
Қабылдау күні
08.09.2008
Өзгерту күні
07.07.2009
Актіні қабылдаған орган
Қарағанды облысының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2009.07.07 N 18/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсететін "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Е.Базарбаевқа жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Облыс әкімі                                Н.Нығматулин

Қарағанды облысы әкімдігінің
2008 жылғы 29 шілде
N 21/06 қаулысымен
бекітілген

"Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою"
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Берілген мемлекеттік қызмет шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" қою тәртібін
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі 2001 жылғы N 843 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесі негізінде көрсетіледі.
      4. Аталмыш мемлекеттік қызметті "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 106а-кабинет, сайт: www.dvpko.kz.
      5. Осы қызметті көрсету нәтижесі бойынша тұтынушы Қарағанды облысы аймағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы анықтама алады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін оның меншік иесімен, баспагерімен немесе өзге де заңдық негізде келісім бойынша таратуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы мерзімдік шектеулер:
      1) Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеуге қою мерзімі - қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 15 күнтізбелік күн;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10 минут;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 10 минут.
      8. Қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің осы стандарты www.dvpko.kz сайтында орналастырылған.
      10. Мемлекеттік қызмет сенбі және жексенбі күнінен басқа, күн сайын, сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзілісімен көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау кезек тәртібінде, мемлекеттік қызмет алу үшін алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Қызмет көрсету орны телефон байланысымен, компьютерлік техникамен жабдықталған, кіреберісте жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус бар, электрондық Үкімет қызметтеріне және Интернет аймағының қазақстандық сегментіне қол жеткізудің қоғамдық пункті қойылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу үшін келесі құжаттар ұсынылуы керек:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) жеке тұлға-таратушыға - салық комитеті берген кәсіпкерлікпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) заңды тұлғаға (филиал немесе өкілдік)-таратушыға - әділет басқармасы берген заңды тұлғаны (филиал немесе өкілдік) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы куәлік көшірмесі.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш формасын тұтынушы Басқарманың ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімінен, 106а-кабинет, ала алады.
      14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар Басқарманың қабылдау бөлмесінде, 503-кабинет, тіркеліп, тапсырылады.
      15. Құжаттардың тапсырылғанын растау тіркеу нөмірі болып табылады.
      16. Анықтама жеке тұлғаның өзіне немесе өкілге сенімхат бойынша Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 106а-кабинет мекенжайында беріледі.
      17. Басқарма таратушыға Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартуға құқылы, егер:
      1) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінің 6 тармағында көзделген барлық қажетті құжаттар тапсырылмаса;
      2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесінің 6 тармағында көзделген құжаттарда толық емес немесе күмәнді ақпараттар көрсетілсе;
      3) Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын зорлықпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне қастық жасауға, соғысқа, әлеуметтік, сословиялық, діни, нәсілдік, ұлттық және рулық басымдыққа, мейірімсіздік, күш көрсету және порнографияны насихаттау немесе үгіттеуге бағытталса;
      4) таратушыға қатысты аталған қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі бар болса;
      5) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өніміне қатысты Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі бар болса.

3. Жұмыс принципі

      18. Осы қызметті тұтынушыға қатысты Басқарманың басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, құпиялылығын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Жұмыс нәтижесі

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Арыздану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты облыс әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларынан (108-кабинет) алуға болады, электрондық пошта мекенжайы: kancelyaria@krg.gov.kz; телефон (7212) 41-08-30.
      22. Шағым облыс әкімінің орынбасары атына Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 108-кабинет мекенжайына; электрондық пошта: kancelyaria@krg.gov.kz. беріледі.
      23. Шағымды қабылдауды растайтын құжат өтінішті қабылдау жөніндегі талон болып табылады, онда мемлекеттік органның атауы, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі мен инициалдары, оның қабылдаған күні мен уақыты, телефондар көрсетіледі. Шағым Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен көзделеген мерзімде қаралады. Шағымның қаралу барысы туралы (7212) 41-08-30 телефоны бойынша білуге болады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Басқарма бастығының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері:
      1) тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме басшысының, оның орынбасарының байланыс деректері:
      сайт: www.dvpko.kz;
      электрондық почта мекенжайы: depvp@mail.kz;
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      қабылдау: апта сайын жұма күндері сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін;
      мемлекеттік мекеме басшысының телефоны: (7212) 56-19-80;
      мемлекеттік мекеме басшысы орынбасарының телефоны: (7212) 420535.
      2) жоғары тұрған ұйым басшысының байланыс деректері:
      сайт: www.кaraganda-region.kz;
      электрондық пошта мекенжайы: info@кaraganda-region.kz;
      жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
      қабылдау: апта сайын сейсенбі күндері сағат 16.00-дан 18.00 дейін;
      мекенжайы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39;
      басшының телефоны: (7212) 42-10-90.
      25. Осы қызмет түрін көрсетуге қатысты кез-келген қосымша ақпаратты Басқарманың (7212) 42-12-65 телефонынан білуге болады.

"Шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарын есепке қою"
мемлекеттік қызметін
көрсету стандартына
қосымша

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақытылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100



1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95



2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100



3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

95



3.3. Интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

100



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1



4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

0



4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95



4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95



5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.