Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 62-Ө "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортының нысанын және Паспортты әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
19.11.2009
Өзгерту күні
17.04.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 17.04.2015 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97-бабының 7-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 62-Ө "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортының нысанын және Паспортты әзірлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2482 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Бұйрықтың атауындағы "және Паспортты әзірлеу жөнiндегi нұсқаулықты" деген сөздер алынып тасталсын;
      Бұйрықтың 1-тармағында:
      "; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң паспортын әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулық (осы бұйрыққа 2-қосымша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      аталған Бұйрықтың 1-қосымшасында:
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң Паспортында:
      барлық мәтін бойынша "Төраға" сөзі "Бастық" сөзімен ауыстырылсын;
      "Жалпы деректер" бөлімінде:
      "құқығын куәландыратын құжат" деген сөздер "сәйкестендіру құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жер учаскесінің кадастрлық бағасы" бөлімінде:
      "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалай) құны" тарауында:
      "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорт

______________________________________________________________жасалды
                (орындаушы - ұйымның атауы)
және ______________ облысының _____________ аудандық жер ресурстарын
басқару жөніндегі комитеті "___"___________ 200 __ ж. берді." деген
жол келесі мазмұндағы:

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты

____________________________________________________________________
          (мамандандырылған республикалық мемлекеттік
____________________________________________________________ жасалды
                     кәсіпорынның атауы)
және ______________________________________________________________
         облыстық (республикалық маңыздағы қаланың, астананың),
___________________________________________________________________
               ауданның (облыстық маңыздағы қаланың)
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган "___" ________ 20 __ жылы
берді." жолымен ауыстырылсын.
      2. Агенттіктің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры департаментінің мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасы осы Бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.Ө. Раймбековке жүктелсін.
      4. Осы Бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Жер ресурстарын басқару агенттігінің
      Төрағасы                                           Ө. Өзібеков

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.