"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
03.12.2009
Өзгерту күні
12.11.2009
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы N 43 бұйрығына (N 5573 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 жыл, N 3, 338-бап) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс операторлары өзінің телекоммуникация желілерінде осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктерінің өлшемдеріне сәйкес трафикті өлшеуді және есепке алуды қамтамасыз етсін.";
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктерінің өлшемдері, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифті реттеу департаменті (Т.Қ. Наметчаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы ________ А. Шабдарбаев
      2009 жылғы 25 қараша

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының  
2009 жылғы 12 қарашадағы 
N 446 бұйрығына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының  
2009 жылғы 2 ақпандағы  
N 43 бұйрығымен     
бекітілген       

Тарификация бірліктерінің өлшемдері

      1. Тарификация бірлігі – Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі.
      2. Телефондық трафиктің өлшеу бірлігі 1 секунд болып табылады, сондай-ақ оның туындысы 60 секунд немесе 1 минут.
      3. Интернет және деректер беру трафиктің өлшем бірлігі 1 бит және 1 байт болып табылады, сондай-ақ 1 килобайт, 1 мегабайт, 1 гигабайт, 1 терабайт олардың туындысы болып табылады, қайда 1 байт 8 битке тең, 1 килобайт 1024 байтқа тең, 1 мегабайт 1024 килобайтқа тең, 1 гигабайт 1024 мегабайтқа тең, 1 терабайт 1024 гигабайтқа тең.
      4. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне кіріс, шығыс және транзиттік трафиктің барлық түрін өткізгенде байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысуда қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
      1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, ұялы байланыс пен IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);
      2) халықаралық телефондық трафикті – 30 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд);
      3) Интернет және деректер беру трафигі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб).
      5. Жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желісінде байланыс операторымен абоненттерге қызмет көрсету барысында қолданылатын тарификация бірліктерінің өлшемдері:
      1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық және ұялы телефон байланысы, IP-телефониялар:
      байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);
      басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 секунд);
      2) Халықаралық телефон байланысы:
      таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд);
      басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд);
      3) деректер беру және Интернет желісіне қол жетімділігі – 10 Кб (2012 жылғы 1 қаңтардан – 1 Кб);
      4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 60 секунд (2012 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд);
      6. Шетел байланыс операторларымен шарттар және роумингтік келісімдер негізінде осы бұйрықпен көзделген тарификация бірлігінен жоғары өлшемін қолдануы 2012 жылғы 1 қаңтарына дейін рұқсат етіледі.
      7. Байланыс операторлар, байланыс операторлар мен абоненттер арасында өзара есеп айырысу кезінде тарификация бірліктерінің өлшемдерінен төмен трафик, осы бұйрықпен бекітілген тиісті тарификация бірліктері өлшемдеріне сәйкес, осы қызмет үшін толық тарификация бірліктері өлшемдері ретінде тарифтеледі.
      8. Байланыс операторларымен осы бұйрықпен бекітілген тарификация бірліктері өлшемдерінен төмен тарификация бірліктері өлшемдерін қолдануы рұқсат етіледі.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.