"Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы N 59 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
09.12.2009
Өзгерту күні
20.11.2009
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы N 59 бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 5599 тіркелген 2009 жылғы 10 сәуірдегі "Заң газетінің" N 53 (1476) жарияланған):
      аталған бұйрықпен бекітілген, телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау Ережесінде:
      5-тармақ:
      мынандай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) байланыс операторының атауы және оның пошталық адресі;";
      бүлінген (ұрланған) телекоммуникация желілері мен құралдарының иесі туралы мәліметтер;";
      мынандай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сонымен қатар егер жедел апатты қалпына келтіру жұмыстарын талап ететін телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуі (ұрлануы) жұмыс уақытынан тыс кезде, түнгі уақытта, демалыс күндері, мереке күндері болса, онда байланыс операторы бүлінген жерді фотосуретке түсіреді, сондай-ақ бүлінген жерді және телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінуінің (ұрлануының) сипатын анықтауын визуалды сәйкестендіретін жақын орналасқан объектілер (құрылыс ғимарат, үй Фотосуреттер және бүлінгеннің (ұрланғанның) сипатын анықтауы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі ұсынған материалдар негізінде телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінгендігі (ұрланғандығы) туралы акт жасайды және оған тиісті фотосуреттерді қосады.".
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.Е. Баймұратов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                       Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      ________ А. Шабдарбаев
      18 қараша 2009 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.