Күшін жойған

Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қабылдау күні
16.03.2009
Өзгерту күні
20.01.2010
Актіні қабылдаған орган
Бұланды ауданының әкімдігі

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2010.01.20 № а-01/11 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көретін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұланды ауданы бойынша 2009 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы жұмыс орындары санынан үш пайыз жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. «Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2008 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № а-3/48 қаулысының (номативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-65 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы-Вести Буланды» газетінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарда қолданылады.
      5. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік  тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
      әкімі                                             Е.Нұғыманов

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.