Күшін жойған

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы

Актінің түрі
Қаулы
Қағида
Қабылдау күні
08.04.2009
Өзгерту күні
29.11.2011
Актіні қабылдаған орган
Шымкент қаласының әкімдігі (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы)

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2011.11.29 N 1364 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса тіркелген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Шымкент қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" 2006 жылғы 19 маусымдағы N 591 қаулысының күші жойылды деп танылсын (N 14-1-36 мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 30 маусымдағы "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газеттерінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Күздеубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А. Жетпісбаев

Шымкент қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 477 қаулысымен бекітілген

       Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
Қағидасы 1. Жалпы Қағидалары

      1. Бұл Қағида Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу Қағидасын белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде белгіленген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай - уәкілетті орган) жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.

       2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

      5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен лауазымдар пайдаланылмайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болуға тілек білдірген жұмыс беруші, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды өтініш береді және оған мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
      2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.02.23 N 258 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
       7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды уәкілетті орган төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады;
      1) қаржы ахуалы;
      2) материалдық базасының барлығы және техникалық жарақтандыруы.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және екі жақты "Уәкілетті орган – Жұмыс беруші" келісім шартқа тұрады.
      9. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.07.15 N 1114 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. 
      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі алты айға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін қарастыруы тиіс.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.

      11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді шарттық негізде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      12. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

       4. алынып тасталды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.07.15 N 1114 Қаулысымен.  

5. Есеп берушілік

      20. Жұмыс беруші бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiбереді.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 2009.12.08 N 1801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.  
      21. Жұмыс беруші уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлайды (бұйрықтың көшірмесін қоса береді).
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 2009.12.08 N 1801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
       22. Қалалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тоқсан сайын ақпарат береді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.