Күшін жойған

"Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
29.12.2010
Өзгерту күні
25.02.2013
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2013 № 62 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т., 5-т. қараңыз.

      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4834 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында, 2007 ж., мамыр-шілде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесінде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Өз қызметін Алматы қаласының аумағында жүзеге асыратын акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және онымен аффилиирленген тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде монополияға қарсы органның алдын ала келісімі қажет.»;
      10-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) тіркеуші орган тізімдеме бойынша (5-Қосымша) салық органы ұсынған салық төлеушінің куәлігін алады;»;
      8) тармақшада «статистикалық карточкасын» деген сөздері «салық төлеушінің куәлігін» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 6) тармақшасында «статистикалық карточканың» деген сөздері «салық төлеушінің куәлігімен» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5-тарау мынадай мазмұнда жазылсын:

«5. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

       16. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына қайта тіркелуге әкеліп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сонымен қатар заңды тұлғаның бірінші басшысы ауыстырылған жағдайда, бұл жайлы бір ай мерзім ішінде тіркеуші органға хабарлайды.
      17. Хабарламаға 1-Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
      18. Бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы хабарламада тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), азаматтың жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      19. Тіркеуші орган заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген, бірінші басшысы ауысқан немесе жаңа редакцияда жарғысы қабылданған жағдайларда:
      1) тиісті бұйрық шығарады;
      2) заңды тұлға туралы жаңа мәліметтерді заңды тұлғалардың Бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне заңды тұлғалардың, филиалдардың және өкілеттіліктерді электронды регистрдің байланыс арналары арқылы электронды хабарламаны қалыптастырады және жібереді;
      3) Тізілімге заңды тұлға туралы жаңа мәліметтерді енгізеді;
      4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті қайта ресімдейді және береді (заңды мекен-жайы өзгерген жағдайларда);
      5) заңды тұлғаның тіркеу материалдарына бұрынғы құжаттардың түпнұсқаларын тігеді.»;
      1-қосымшада:
      1-тармақтың төртінші абзацтағы «үш» деген сөзі «екі» деген сөзімен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      үшінші абзацтағы «шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы» деген сөздері «мөрі басылған шешімі немесе шешімнің үзіндісі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «үш» деген сөзі «екі» деген сөзімен ауыстырылсын;
      жетінші абзацында:
      «түпнұсқасы» деген сөзі «түпнұсқалары» деген сөзімен ауыстырылсын;
      «куәліктің» деген сөзінен кейін «, салық төлеуші куәлігінің» деген сөздерімен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      екінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
      «еркін түрде жазылатын хабарлама;»;
      үшінші абзацтағы «шешімінің немесе шешімінен үзіндінің заңды тұлғаның мөрі бар үш нұсқасы» деген сөздері «мөрі басылған шешімі немесе шешімнің үзіндісі» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «үш» деген сөзі «екі» деген сөзімен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «және статистикалық карточканың» деген сөздері «, салық төлеушінің куәлігінің» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы бірінші сөйлем «(орналасқан жері өзгерген жағдайда ұсынылады)» деген сөздерімен толықтырылсын;
      4-тармақтың төртінші абзацтағы «карточка» деген сөзінен кейін «(болған жағдайда), салық төлеуші куәлігі» деген сөздерімен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу департаменті:
      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен келген күннен кейін бескүндік мерзім ішінде Агенттіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелердің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Д.Қ. Нұрпейісов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтары 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

      Төраға                                      А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі
      __________Р.Түсіпбеков
      2010 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің м.а.
      ________ Б. Шолпанқұлов
      2010 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігі төрағасының м.а.
      ________ Н. Айдапьелов
      _____________ 2010 жыл

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.