Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
08.02.2010
Өзгерту күні
08.08.2016
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына кіруі үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына талаптар бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4412 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың қазақ тіліндегі тақырыбы келесі мазмұнда жазылсын:

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу туралы";

      бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді;

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен (әрі қарай – Агенттік)" деген сөздері "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен" деген сөздеріне ауыстырылсын;

      2) тармақша келесі мазмұнда жазылсын:

      "2) эмитенттің бағалы қағаздарының ең төменгі рейтингтік бағасы:

      "Moody's Investors Service" рейтингтік агенттіктің жіктелуі бойынша "Caa3";

      "Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктелуі бойынша "CCC-";

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтинг агенттігі" акционерлік қоғамының жіктелуі бойынша "C1";

      "Рейтинговое агентство "Эксперт РА Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіктелуі бойынша "C++" төмен болмауға тиіс;";

      3-тармақтың бірінші абзацында:

      қазақ тілі мәтініндегі "Агенттігінің" деген сөзі "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік)" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді.

      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Ш.С. Қанапиянов) жүктелінсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төраға

А. Арыстанов


Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.