Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Актінің түрі
Бұйрық
Қабылдау күні
20.09.2010
Өзгерту күні
01.01.2015
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы № 85 (1311) «Заң газетінде» жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың 8-тармағында:
      бірінші абзацтағы «8-9» деген сандары «8, 9 және 12» деген сандарымен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «10-12» деген сандары «10, 11» деген сандарымен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
      1-тармақта:
      мына мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «6-1) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;»;
      17) тармақша мына мазмұнда жазылсын:
      «17) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.»;
      2-тармақтың үшінші бөлігінде:
      7) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
      «8) исламдық бағалы қағаздар.»;
      4-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы мына мазмұнда жазылсын:
      «Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда:
      қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде;
      қаржылық ұйым болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталы сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі АЕК баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі;»;
      5-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы мына мазмұнда жазылсын:
      «Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда:
      қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде;
      қаржылық ұйым болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталы жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі;»;
      10-тармақтың 5) тармақшасында:
      «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы санатшасында болғанда, қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде төмендеуіне жол беріледі;»;
      10-1-тармақ мына мазмұнда жазылсын:
      «10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      11-тармақтың 5) тармақшасында:
      «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы санатшасында болғанда, қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде төмендеуіне жол беріледі;»;
      мына мазмұндағы 11-111-2 және 11-3-тармақтарымен толықтырылсын:
      «11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
      11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
      3) рейтингтік бағасын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен танылатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингтік баға беріледі. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
      4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
      5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған мына:
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан кем емес уақыттағы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы соңғы берген оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін кемінде алты ай өтуі тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған, аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есепті береді;
      6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне сәйкес АЕК сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) оригинатордың соңғы үш жылдың екі жылы ішіндегі таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес АЕК сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі келісуі тиіс;
      9) оригинатордың левередж шамасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
      10) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы есептілік күніне жасаған қаржылық есептілігін береді;
      11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төлейді;
      12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
      13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
      14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
      15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.
      11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) осы Талаптардың 11-2-тармағының 1), 2), 3) 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген талаптар;
      2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.»;
      13-1-тармақтың 2) тармақшасы мына мазмұнда жазылсын:
      «2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы ресми тізімдегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;»;
      13-5-тармақ мына мазмұнда жазылсын:
      «13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
      Іс-шаралар жоспарында:
      1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;
      3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;
      4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;
      5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;
      6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.
      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      13-6-тармағында «он» деген сөзі «он бес» деген сөздерімен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 14) тармақшасы мына мазмұнда жазылсын:
      «14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылар тізбесіне кіретін бағалаушылардың бірімен жүзеге асырылады.
      Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;»;
      14-1-тармағының 5) тармақшасындағы «не болмаса» деген сөздері «және» деген сөзімен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:
      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына (Қанапиянов Ш.С.) жүктелінсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін, қолданысқа енгізіледі.

      Төраға м.а.                                     Д. Нұрпейісов

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің төрайымы
Е. Бахмутова
2010 жылғы 31 тамыз

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.